Химиялық құрамы: Кориандрдың жемістерінде эфир майлары болады. Піскен жемістердің басты компоненті линалоол 70%-ға дейін болады. Одан басқа моноциклдық терпендер – терпинен мен фелландер болады. Бициклдық терпендер пинен болады, тағы да гераниол мен борнеол болады. Жемістерде 20%-ға дейін май болады. Қолданылуы: Ас қорытуды жақсаратын, өт айдайтын, геморройға қарсы дәрі ретінде қолданады.Көптеген дәрілердің құрамына жағымсыз иісті және дәмді түзететін зат ретінде кіреді.Литаноолды цитральға айналдырып қабынуға қарсы қолданады. БҰРЫШ ЖАЛБЫЗЫ ЖАПЫРАҒЫ- FOLIA MENTHAE PIPERITAE Бұрыш жалбызы- Mentha piperita L. Тауқалақай тұқымдасы – Lamiaceae Көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары төрт қырлы, биіктігі 80-100 см дейін, жалаңаш немесе сирек талшықты, масақты гүл шоғырына жинақталған супротивті ұсақ қызғылт-күлгін түсті күлте басымен аяқталады. Жапырақтары сопақша-ланцент тәрізді, ірі, ұзындығы 8 см дейін, ені 3 см шамасында, үшкір басты, қысқа сағақты, шеттері тегіс емес ара тісті, қара-жасыл түсті. Гүлдері дұрыс, күлте төртеу (екі ерінді емес), біркелкі ұзындықта. Жемістері 4 жаңғақша («тұқымдар»), қара-қоңыр түсті, ұзындығы шамамен 0,75 мм, тостағаншаға бекітілген. Өсімдік «жалбыз» иісті. Шілде-қырқүйек айында гүлдейді. Жемістерді сирек түзеді, себебі бұл гибрид. Химиялық құрамы. Бұрыш жалбызы жапырақтарының құрамында 3% дейін эфир майлары (МФ XI бойынша 1% кем болмау керек), гүл шоғыры - 4-6%. Эфир майының негізгі құрам бөлігі - l-ментол (65% дейін, бірақ 50% кем болмау керек, ол бос күйінде және эфир түрінде).Ментолдардан басқа жапырақ майларының құрамында меятон, ментилацетат, пинен, лимонен, цинеол, пулегон, жасмон және басқада моноциклдық терпендер бар.Гүл шоғыр эфир майының негізгі құрам бөлігі болып кетон l-ментон, l-ментол және ментофуран табылады. Жапырақтарында флавоноидтар, урсол және олеанол қышқылдары, каротин, гесперидин, бетаин, стеролдар табылған. Сонымен бірге азулендер, полифенолдар, антоциандар және лейкоантоциандар, микроэлементтер (мыс, мырыш, стронций және т.б.) табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |