Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау



бет7/21
Дата02.12.2022
өлшемі8,41 Mb.
#160867
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары

Шайырлы заттар.

Терпентин – Terebinthina.

Қарағайдың өзегі мен қабығындағы смолалық жолдарында болатын сұйық смола. Терпентин өзінің табиғаты бойынша нағыз бальзам смоланың эфир майындағы ерітіндісі. Терпентиндегі смола – канифоль, ал эфир майы-скипидар. Терпентин қабықтың жарылған жерлерінен, діңгектің зақымдалған жерлерінен немесе жасанды жарақаттардан ағып тұрады. Басында терпентин сұйық болады, эфир майы ұшқаннан кейін және оттегінің әсерінен ауада бүртікті массаға айналады.

Скипидар – Oleum Terebinthinae.

Қарағайдан, шыршадан, самырсыннан алады. Скипидарда пиненнің мөлшері басым болады. Тазартылған скипидарда 45% пинен болады.

Канифоль – Canifolum.

Терпентиннен скипидарды айдағаннан кейін 65-70% шикі канифоль қалады. Тазалағаннан кейін канифоль сынғыш, шыны тәріздес, сары реңті, сынған жері текшелініп келетін жылтырақ кесектер түрінде болады.

Қарамай – Pix liquida.

Қарағай ағашының жаңқаларын құрғақ айдаудың нәтижесінде алынады. Алдымен скипидарды айдайды. Жоғары температураларда алынатын сұйық смолалық өнім қабатталып бөлінеді: төменгі қабат – қарамай, жоғарғы қабаты – ағаш сірке қышқылы. Айдау қубындағы қалдықты одан әрі өндегенде активтелген көмір алынады.

Самырсын бальзамы – Balsamum Abies sibiricae.

Бальзам сары түсті, өте мөлдір сұйықтық. 30% эфир майы мен 70% смоладан тұрады. Смолада 50% -ға дейін смолалық қышқылдар, 18-25% - резендер болады.

1. Эфир майлары өсімдік организмінің қажетсіз тастанды заттары болып табылады.
2. Эфир майлары тозаңдайтын жәндіктерді тартады.
3. Өсімдіктерді малдың жегенінен сақтайды.
4. Гормондардың қызметін атқарады.
5. Құрамындағы фитоцидтер дерттерен сатайды.
6. Өсімдікті ылғалдың шығынан сақтайды.
Смолалар өсімдіктерде зат алмасудың кәдімгідей өнімдері болып табылады. Смолалар өсімдіктерде арнайы жолдарда, сүттіліктерде, қомпайған жерлерде жиналады, өсімдіктің барлық органдарында кездеседі.
Эфир майлары мен смолалар бір-бірімен байланысты екендігін көптеген эфир майларының ауада оттегінінің және басқа факторлардың әсерінен смолаға ұқсас заттарға айналатындығына қарап көз жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет