Құрамысов д сталин [1] Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты»


«Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» бөлімі



бет15/23
Дата28.09.2023
өлшемі351,89 Kb.
#182792
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
«Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» бөлімі


2-нұсқа

Оқу мақсаты:

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.



Бағалау критерийі:

Білім алушы
Мәтін бойынша сұрақ құрастырады.
Перифразаның түрлі тәсілдерін қолданады.
Мәтіннің әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады.
Мәтіннің баяндау желісін сақтайды.



Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты:

15-20 минут



1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін бойынша перифразаның түрлі тәсілдерін қолданып, 4 сұрақ құрастырыңыз.

Туризм соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм. Экологиялық туризмді тұрақты туризм деп қарастыруға болады, яғни бұл – жергілікті жердің шынайы түрде сақталуының тек табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлерімен танысу үшін ғана емес, өскелең және келешек жас ұрпақ үшін шынайы ортаның алғашқы қалпында әрі қарай сақтау мақсатында сапар шегу. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен негізгі айырмашылығы осыдан тұрады. Экологиялық туризм үнемі бұқаралық туризмнің баламасы ретінде қарастырылады.


Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлеріне саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретінін айта кетуіміз керек.
Экологиялық туризмнің Қазақстанда тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, жергілікті және аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Экотуризмнің әлеуметтік салада дамуына келсек, халықаралық қатынастардың нығаюына себепкер бола тұра6 мәдениеттің өрлеуіне өз үлесін қосады, бастысы – тұрғындардың экологиялық сауатын аша отырып, әлеуметтік байланысты кеңейтуде маңызды фактор болып саналады.
Қорытындылай келсек, экологиялық туризм адамдардың санасы мен әдеттерін өзгертуге мүмкіндік бере отырып, табиғи ортаны табиғи қалпында сақтау арқылы оларды табиғатқа үнемділікпен қарауға тәрбиелейді. (231 сөз.)
https://malimetter.kz/ekoturizm-tusinigi-mani-zhane-onyn-turleri-

Сұрақтар:



  1. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________?

  2. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________?

  3. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________?

  4. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________?



2-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, баяндау желісіне сай әр бөліктен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазыңыз. (80-90 сөз.)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет