Тапсырмалар:
1-тапсырма. А. Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» еңбегіндегі қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу жолдарын түсіндіріп, мысалдар келтіріңіздер.
2-тапсырма. «Әдебиет танытқыштағы» әдебиеттану ғылымының терминдеріне талдау жасаңыздар.
3-тапсырма. Қазақ терминологиясын ұлт тілі негізінде қалыптастыруға ат салысқан қазақ зиялылары, олардың еңбектері. Мысалдар келтіріңіз.
4-тапсырма. Талдаған терминдердің қазіргі тіліміздегі қолданысына назар аударыңыз. Қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?
Негізгі әдебиет: 1-6, 8.
Қосымша әдебиет: 1, 3, 7, 9-11.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларға қатысты теориялық мәселелерді меңгеру үшін тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Конспект жасау барысында негізгі мәселелерге назар аударыңыз.
№5 семинар сабақ тақырыбы: Қазақ тілінде термин қалыптастырудың принциптері мен жолдары.Қазақ тілінде термин қалыптастырудағы Мемтерминкомның рөлі.
Сұрақнама:
1. Термин және терминология дегеніміз не?
Қазақ тілінде термин жасаудың негізгі принциптері мен жолдары.
Қазіргі қазақ терминологиясының жасалу көздері.
Мемтерминком және термин қалыптастыру мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |