Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет17/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мына үзіндіден ғылыми стильге тән негізгі белгілерді (терминдерді) табыңыз: Адамның денесі көптеген жасушалардан тұрады. Микроскоппен қарағанда өте ұсақ-ұсақ сансыз жасушалар бөлінер алдында хромосомада жіп тәрізді денелер – хромосомалар пайда болады. Дене жасушаларындағы хромосомолар саны 46 болса, жыныс жасушаларында 23 хромосома бар. Бір жасушада 1000-ға дейін ақуыздың түрі болады. Нуклейн қышқылдары жасушаның ядросында түзіледі. Сондықтан ол латынша “нуклеус - ядро” деген түсінікпен қолданылады. (”Биология” оқулығынан)

2-тапсырма. Мына мәтіннің ғылыми стильде жазылғанын дәлелдеңіз, терминдердің қолданылуында қандай ерекшеліктер байқалады: Атомдар бір-бірімен жай және күрделі заттар түзіп қосылады. Соның нәтижесінде әр түрлі химиялық байланыс түзіледі: ионды, ковалентті (полюсті және полюссіз), металдық және сутектік. Атомдар арасында ионды немесе ковалентті байланыстың қайсысы түзілетінін анықтайтын элемент атомдарының ең негізгі қасиеттерінің бірі – терісэлектрлік. Терісэлектрлік шартты сан мәнін салыстырмалы теріс-электрлік шкаласы береді.

3-тапсырма. Берілген үзіндіден әдеби тілдің қай стиліне тән ерекшеліктерді табуға болады: Өздерінің теңіз ішінде жол көрсететін құралы да жоқ еді. Сөйтіп магнитдеген инеден компас деген сартша құбылнама шығарды. Төрт жүз жыл тұсында манағы ақылменен тапқан жол көрсететұғын құбылнама шыққан. Оны жори сынамақ үшін қалай олай жүрітсең де байағы өзінің тура көрсететұғын жағынан нық танбай бұрынғы қалұбына түсе береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет