Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет13/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Негізгі әдебиет: 1-3, 5-8.

Қосымша әдебиет: 1-4, 5-6.
9 лекция тақырыбы: Терминжасамдағы аударманың орны. Аударманың түрлері мен тәсілдері. Аударма – терминжасамның бір тәсілі

Лекция тезистері:

Қазақ терминологиясын жасап, қалыптастыруда тікелей әсері болған факторларды саралап келгенде, термин жасау амалдары мейлі үшеу, мейлі бесеу болсын бәрібір, мұның бәрі де, ең алдымен аударма арқылы, аударма жұмысының өркендеуіне орай пайда болғандығын байқаймыз. Аудармаға ешбір қатысы жоқ боп көрінетін мәністік (семантикалық) тәсілдің алғашқы тармағы арқылы жасалатын, яғни байырғы сөздер мен диалектілердің терминденуінің өзі де аударманың әсері арқылы туған деп түйін жасауымызға әбден болады дейді зерттеушілер.

Арнаулы ақпаратты әдебиеттің негізгі тілдік құралы – терминдер, терминдік сөз тіркестері. Қазақ әдеби тілінің терминдік жүйесінің қалыптасуы мен реттелуіне аударма әдебиеттің әсері лексикалық-грамматикалық құрылымдағы динамикалық сипаттармен тығыз байланыста қарастырылуы тиіс. Өйткені қазақ терминологиясының теориялық-практикалық негіздері тілдегі семантикалық үдерістердің, сөзжасамдағы өзгерістердің, тілдік бірліктердің дифференциациялануының дәйектемелерін таратып талдау арқылы жан-жақты, толыққанды ашылады.

Аударматану тұрғысынан қарағанда тілдер арасындағы ауыс-түйістер лингвомиграциялық процестер (үдерістер) деп аталады. Яғни тілге тікелей кірме сөз қосылады, немесе тілде формальды жағынан теңдестіру (өзге тілдегі сөздің сыртқы нысанын сақтау, калька балама жасау), семантикалық жағынан теңдестіру (мағыналық құрылымы жақын-жуық баламалардың пайда болуы), сөзжасамның жаңа тәсілдерінің белсенділігінің артуы сияқты процестер жүреді.

Интернационалдық (халықаралық) терминдер, тұрақты, клише тіркестер (үштік одақ, Ақ үй, мемлекеттік құрылым, төртінші билік т.б.) – еуропалық тілдер – орыс тілі – қазақ тілі арасындағы лингвомиграциялық процестердің көрінісі, тілдердің өзара әсері, ықпалдасуы, аударма процесінің нәтижесінен туындаған заңдылық. Сондықтан аударма және тілге икемдеп алу тәсілдері – қазақ тілінің халықаралық терминдерді ұлт тіліндегі терминдерге айналдырудағы негізгі тәсілдері қатарында саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет