Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет12/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Негізгі әдебиет: 1-3, 5-8, 10-12.

Қосымша әдебиет: 1-4, 5-6, 8-10.
8 лекция тақырыбы: Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі. Терминжасам тәсілдері. Семантикалық тәсіл. Морфологиялық тәсіл. Синтаксистік тәсіл. Қысқарту. Калькалау тәсілі.

Лекция тезистері:

Терминжасам үдерісінде ұлт тілі өз сөзжасам амалдарының дайын үлгілерін (модельдерін) алға тартса, басқа тілдерден кірме сөздерді қабылдау кезінде де осы тәсілдерге сүйене отырып, өзіндік модельдерін құрайды. Мұның әрқайсысының өзіндік сипаты бар.

Жалпы, сөз жасаудың ғасырлар бойы талқыға түсіп, дәуірлер сынынан өткен әлденеше жолы бар. Осы процеске тұрақты түрде қатысып отыратын негізгі элементтер — сөз, түбір (негіз) және қосымшалар. Бұлардың қатысуынсыз тілде бірде-бір сөзжасам үдерісі жүрмейді, бірде-бір жаңа сөз жасалмайды. Сонда алдымен байқалатын нәрсе тілдің осы негізгі элементтері барлық уақытта сөзжасам процесіне актив қатыса бермейтіні, яғни бұлар дәуіріне, кезеңіне орай құбылып отыратын қоғам өміріндегі өзгерістерге сәйкестене дамиды. Тілдегі осындай құбылыстарды зертгеу арқылы біз әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшелігін танимыз, тіл, сөз арқылы таңбаланған өзгеріс, өрістерін білеміз, сөзжасамның түрлерін көреміз.

Жаңа термин жасаудың тілдерде, оның ішінде, әсіресе түркі тілдерінде қалыптасқан мынадай бірнеше жолын, алдымен, атап көрсетуге болады: семантикалық тәсіл, морфологиялық тәсіл, синтаксистік тәсіл және калъкалау тәсілі. Аталып отырған тәсілдің бәрі де негізінен, екі түрлі арнадан туындайды. Терминологиялық материал табиғаты қазақ тілі терминологиясының ең негізгі екі жолға сүйене отырып жасалғанын көрсетеді. Оның бірі — тілімізде бұрыннан бар сөздерді терминдік мәнде қолдану болса, екіншісі — жаңа терминдерді қазақ тілінің сөзжасам мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасау. Тіл табиғатында қалыптаса бастаған терминжасамның аталмыш тәсілдерінің бәрі де осы негізгі екі бағыт шеңберінде туындаған.



Терминжасам дегеніміз қоғам мүшелерінің саналы әрекеті нәтижесінде жасалатын құбылыс. Жалпы халықтық тілдегі көптеген сөздердің қашан, қалай пайда болғанын біле бермейміз. Ал терминдердің, тіпті бүкіл бір терминдік жүйенің неге байланысты, қалай, қай мезгілде жасалғанын дәл айтып беруге болады.

Жалпыға ортақ сөздер мен терминжасам процесін салыстырып қарасақ, өзара едәуір айырмашылық бар екенін байқамау мүмкін емес. Алдыңғылар үшін сөз өндірудің бір ғана тәсілі жеткілікті болып жатса, кейінгілер үшін бұл аз, яғни терминдердің негізгі жасалу жолынан басқа атаулық мазмұны анықталуы тиіс. Онсыз термин толық термин бола алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет