Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет8/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Негізгі әдебиет: 1, 2,3, 8.

Қосымша әдебиет: 1, 3, 4, 5-6, 7-8.
4 лекция тақырыбы: А.Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясының негізін салушы.

Лекция тезистері:

Ғылымы ертерек дамыған елдердің жетістіктеріне сүйене отырып, ана тілінде оқулықтар жазу барысында сол салалардағы арнаулы ұғымдарды қазақша атау қажеттілігі туындады. Қазақ зиялыларының алдында термин жасаудың үлгісін көрсете отырып, қазақ терминологиясын қалыптастырудың бағыт-бағдарын айқындау міндеті тұрды.

А.Байтұрсынұлы жүздеген тіл, әдебиет және жалпы мәдениетке қатысты терминдерді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді. Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда, өзі өмір сүрген дәуірде қазақ халқының «Рухани көсемі» атанған дара тұлғаның термин шығармашылығындағы ісі өзгелерге де өнеге бола отырып, ғасыр басындағы бүкіл термин жасау процесінің бағытын белгілеуге негіз болды дейді.

Жалпы тіл білімінің негізін қалаудағы, қазақ терминологиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының еңбегі ұлан-ғайыр. А.Байтұрсынұлының қаламынан туындаған, тіл және әдебиет терминдері сөзжасамның түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы жасалған.

Терминдердің терминдену тәсілімен туындауына терминденуші ұғым мен терминденуші сөз атау болған тілде бұрыннан бар ұғымның қандай да бір ұқсастығы негіз болды. Мысалы, жалпы қолданыста жалғау деп «бір жіпке септелетін екінші жіптің үзігін» айтса, тіл білімінде сөз бен сөзді; сөйлем мен сөйлемді жалғастырып, сөз тудырып, сөз өзгертіп тұратын қосымшаны айтамыз. Немесе жалпы қолданыста шумақ деп «бір нәрсенің жиынтығын, тізбегін, будағын» айтса, әдебиеттануда шумақ деп төрт тармақты өлең өлшемін айтады. Осы мысалдардан-ақ сөздің бастапқы мағынасын метафоралау арқылы да А.Байтұрсынұлының ғылыми терминдерді (пән сөздерін) өте сәтті жасай білгені көрінеді.

А.Байтұрсынұлының еңбектері, әсіресе "Тіл құралы" мамандардың назарын әлі күнге аударып келеді. Ол қазақ сөзін алғаш рет жүйелі түрде терминдік мәнде қолданады. Филология терминдерін жасау үшін, ол жалпыхалықтың тіл лексикасын еркін де шебер пайдаланады, оларға нақты қызмет телиді. Бұлардың бәрі де лингвистика және әдебиеттану шеңберінде шектеулі қолданыста күй кешкендей көрінгенмен, шебер қолданыс арқасында орын-орнына тұра қалған терминдерге тәнті боласыз. Бұлар мамандарға ғана емес, тіл қолданушылардың бәріне бірдей түсінікті. А.Байтұрсынұлы жасаған 10-20-жылдар ауқымында пайда болған терминдік атаулар сол кездегі әдеби тіліміздің бір бөлігі ретінде еніп, сол күйінде күні бүгінге дейін тұрақты түрде қолданылып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет