Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет7/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Негізгі әдебиет: 1, 3, 5, 6, 10.

Қосымша әдебиет: 1, 3, 4, 5.
3 лекция тақырыбы: Қазақ терминологиясының калыптасу кезеңдері. Қазақ терминологиясының алғашқы кезеңі. Алаш кезеңі. Кеңестік кезең. Қазіргі кезең.

Лекция тезистері:

Зерттеушілер қазақ тілінде термин жасаудың алғашқы кезеңін ХІХ ғаc. ІІ жартысынан бастайды. Ш.Құрманбайұлының айтуынша, жалпы термин шығармашылығының, оның ішінде қазақ лексикасы терминденуінің «алғашқы кезеңін» осы сөз болып отырған уақыт аралығындағы термин жасау процесіне тән ерекшеліктерден білуге болады.

Бұл мерзім ішінде түрлі ғылым салалары бойынша жекелеген терминдердің жасала бастағанына қарамастан, салалық және жалпы терминдер жүйесінің қалыптасуына әлі біршама ертерек еді. Бұл кезеңде қазақ халқының тарихында орны айырықша Абай, Шоқан, Ыбырай сынды ұлы тұлғалалардың өмір сүріп, ұлт мәдениетінің дамуына өлшеушіз үлес қосқандығына қарамастан, ғылымның сан саласын дамытып ғылыми терминологияны жасайтын ұлттық кадрлар шоғыры өсіп жетіле қоймаған болатын.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1910 жылға дейінгі мерзімді қамтитын қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңінің қоғам дамуының сол кездегі деңгейіне сәйкес, осындай өзіндік ерекшеліктері болды.

ХХ ғасырдың бас кезі қазақ терминологиясының қалыптасуындағы айрықша кезең болып табылады. Бұл кезең 1910 жылдар мен 1930 жылдардың бас жағына дейінгі аралықта қамтиды. Өйткені дәл осы мерзім ішінде қазақтың білікті ұлттық кадрлары қалыптасып, білім беру мен ғылымды ұлт тілінде дамытудың негізі берік қаланған еді. Аталған уақыт ішінде ғылымның әртүрлі салалары бойынша жазылған А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Күдерин, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытов, С.Қожанұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанов, Н.Төреқұлов, К.Жәленов сияқты қазақ зиялыларының еңбектері жарық көрді. Ғылымның көптеген салалары бойынша қазақ тіліндегі төл оқулықтардың жазылуы және өзге тілдерден аударылуы салалық терминологияның қалыптасуына жол ашты.Бұл кезеңге дейін термин жасаудың белгілі бір орныққан дәстүрі, басшылыққа алатын тұрақты принциптері болмағандықтан, ондай күрделі міндеттерді атқару ісі қазақ оқымыстыларының өздеріне жүктеледі.

Одан кейінгі кезеңде олар бастаған істің бағыты күрт өзгертіліп, сол әкімшіл-әміршіл жүйенің ыңғайына көніп, мүддесін қорғауға бағыттаған істер ғана ілгері басатын болды. Ш. Құрманбайұлының пікірінше, 30–жылдардан 90–жылдарға дейінгі уақыт аралығын ұлттық ғылыми терминологияның дамуының бір ғана кезеңі деп қараған дұрыс. Өйткені бұл мерзім ішінде термин жасау мен шет тілдерінен қабылдау мәселесінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ғылыми терминологияны қалыптастырудың басқа арнаға бұрылуына негіз де болмаған еді.

Ұлттық ғылым мен мәдениетті өркендетуге емес, орталықтан басқаруға қолайлы «совет халқына» қызмет ететін кадрларды тәрбиелеуге зияны тимеу үшін, «халық жауларының» еңбектерін пайдаланып, олардың есімдерін атауға қатаң тыйым салынды. Араға 60-70 жыл салып барып, ғасыр аяқталар тұста ғана олардың аттарын атап, еңбектерін игілігімізге жарату мүмкіндігіне ие болып жатқанымыз белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет