Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5.
Қосымша әдебиет: 1, 3, 4, 5.
№2 лекция тақырыбы: Терминология – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі. Терминология және әдеби тіл.
Лекция тезистері:
Ғылым мен техниканың сала-саласына орай өрбіген, әрқилы мәні бар ұғымдарды пішіндеу әдеби тілдің арнайы саласы – терминологиялық лексикамыздың жасалып, қалыптасуына жол ашты. Дамыған кезеңге тән әдеби тілдің қасиетін танытатын басты арналарының бірі – терминологиялық лексика.
Әдеби тіл қоғам өміріндегі өзгерістерге орай өріс алып, дамып, соның мәдени санадағы айналасына айналып отыратынға ұқсайды. Ал қоғам өміріндегі мұндай өзгерістер әрдайым бір қалыпты бола алмайды. Белгілі бір дәуірде эволюциялық дамудан революциялық сапаға ауысып, ал кейбір кезеңде, керісінше қалыпты күйге көшіп отырады. Тілде пәлендей революциялық өзгерістер бола қоймағанымен, ол қоғамдық құбылыстардың бәрін қамтып, соған лайық ұғым, түсініктерді сөз түрінде таңбалап береді. Барлық өзгеріс, өрістер тілде көрініс бермей тұрмайды. Әр кез өзінің талап-тілегіне орай байырғы сөздерін қайта екшеп, қайсыбіріне қосымша мағыналық жүк артып, сөз жасаудың түрлі амалдарын қарастырып, көрші елден де сөз алып т.т. әрекер еткен. Сонда тілдің лексикалық қабатының бір алуаны жанданып, екіншілері көмескіленіп, неше алуан құбылып, сұрыпталып, уақыт тезінен өтіп отырғанын байқаймыз.
Ғылым мен техникаға байланысты ұғымдарды білдіруде жалпыға ортақ халықаралық терминдер мен атаулық мәндегі орыс сөздерін пайдалану қазақ әдеби тілінің арналы бұлақтарының бірі болып табылған. Ал тіл қоғамға, қоғам мүшелерінің бәріне бірдей қызмет ететін болғандықтан, сол қоғам мүшелерінің өзі бұл процесті үнемі қадағалап, тілді бөгде сөздерден қорғаштап, жаңаларын сұрыптап, қолданыс мұқтаждығына орай икемдеп отыратыны да бар. Сөз болып отырған лексикалық қабаттың уақытында әдеби нормаға сай қалыптаса қоюы оңай болған жоқ. Неше алуан талас-тартыс нысанына айналып, сан алуан сарапқа түскені мәлім. Мұның бәрі – тіл дамуының белгілі кезеңдеріне тән заңды құбылыстар.
20-жылдардан басталған ғылыми-техникалық термин жасау ісі күні бүгінге дейін толастаған жоқ.. Жылдар өткен сайын жазуымыз сараланып, әдеби тіліміз әрленіп, терминологиялық лексикамыз толыса, тұрақтана түсуде. Бірінші, жаппай ана тіліміздің бай сөздік қорын пайдаланып, термин жасау болса, екіншіден, қоғамдық-саяси терминдер жүйесін қазақ тіліне аударумен айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: |