Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет11/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701
Мақала Х.Досмұхамедұлы, Мақала Х.Досмұхамедұлы
Негізгі әдебиет: 1-3, 5-8.

Қосымша әдебиет: 1-4, 5-6, 8-10.
7 лекция тақырыбы: Қазақ тіліндегі терминдердің негізгі көздері. Араб-парсыдан енген терминдер. Орыс және орыс тілі арқылы енген халықаралық терминдер

Лекция тезистері:

Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып отырғаны белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа көше бастады. Бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін термин шығармашылығында тиімді пайдаланып, оны шын мәніндегі ғылым мен техниканың тілі ете білу өзімізге тікелей байланысты. Бұл істе жалпы ұлттық кадрлардың, оның ішінде, ғалымдардың, салалық мамандардың рөлі ерекше.

Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі – халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу немесе бір сөзбен айтқанда, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі. Бұл мәселе төңірегіндегі ғалымдардың пікірлері де әр түрлі. Орыс тілінде “интернационалдық” деп танылған барлық термин қазақ тіліне орыс тілі арқылы кіреді. Олай болса, тіліміздің терминология жүйесіндегі жат тілдік терминдердің бәрін русизмдер қатарына жатқызуға толық негіз бар. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ұлттық жазба әдеби тіл өзіне дейінгі қазақтың ауызша тараған төл әдеби тілінің бар қазынасын түгел пайдаланғандықтан, бұрынғы лексикалық қат-қабаттар мен нормалар бұған да тән болды. Сонымен қатар мұнда сапалық өзгешеліктер орын алды. Әдебиеттің жаңа жанрларының пайда болуына және шығарма тілінің сол шығарманың идеялық тақырыптық мазмұнына үндесе түсуіне байланысты лексикалық топтар көбейіп, сөздік құрам жаңа көздермен байыды.

Қоғам өмірі мен әдеби тілдің даму сатысы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында әр нәрсені, әр құбылысты, әлеуметтік -саяси не экономикалық мәні бар іс-әрекетті өзгелерімен шатастырмай, жеке атау талабын қойды. Мысалы, бұл кезде қазақ жерінде заң-сот істерінің үш түрі қатар өмір сүрді: бірі - қазақтың бұрынғы әдет-ғұрып дәстүрлеріне негізделген, билер жүргізетін қылмыс-іс құқығы, екіншісі - мұсылман дінінің заң құқығы - шариғат, үшіншісі - Ресей империялық сот құқығы. Соңғы құқықты алдыңғы екеуінен ажыратып көрсету үшін закон /закүн сөзі әдейі қолданылады. Қазақ қоғамының бұрыннан келе жатқан құқығын көбінесе әдет-ғұрып немесе заң деп атау дәстүрі пайда болады, ал ислам дініне негізделген құқықты тек қана шариғат деп атау әдеби тіл нормасына айналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет