Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет32/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

2-тапсырма. Сөздердің көркем мәтіндегі қолданылу ерекшеліктерін ескеріңіз (экспрессивті, эмоционалды, образды бояуы).

3-тапсырма. Терминдік мәндегі сөздердің қолданысына тән негізгі белгіні есіңізге түсіріңіз (өзінің дәл, тура, негізгі мағыналында қолданылуы). Мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

4-тапсырма. Мәтіндердің құрылымын салыстырыңыз (монолог, диалог т.б.).

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 2-3, 6-7, 8.

Қосымша: 1-3, 7-9.
3 СОӨЖ тақырыбы: Қазақ терминологиясының калыптасу кезеңдері. Қазақ терминологиясының алғашқы кезеңі. Алаш кезеңі. Кеңестік кезең. Қазіргі кезең.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтін қай стильде жазылған?

Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері

Жалақы – жеке еңбек шартының негізінде орындалған қызметкер еңбегіне жұмыс беруші төлеуге міндетті ақы.

Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін. Өндіріс саласындағы қызметкерлердің жалақысының көзі салықты және басқа да төлемдерді бюжетке төлегеннен кейін қалған пайда, ал өндірістік емес қызметкерлердікі - әдетте, бюжеттік бөлінетін қаржы болып табылады.

Мемлекеттің еңбекке ақы төлеуді қатаң реттеуден бұл саладағы кең құқықтарды кәсіпорындардың өзіне берілуге көшуі нарықтың қатынастарды дамытудың жағдайларындағы ерекшелік болып табылады. Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу мөлшері барлық жағдайларда Қазақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюжеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан төмен болмауы керек.

«Құқық негіздері» оқулығынан



2-тапсырма. Стиль дегенді қалай түсінесіз? Әр жазушының, әр шығарманың өз стилі болуы мүмкін бе?

3-тапсырма. Стильдер арасындағы ұқсас және айырым белгілерді есіңізге түсіріңіз. Ғылыми стильдің публицистика, ресми стильдермен ұқсас белгілері, көркем стиль мен ауызекі сөйлеу стилінен айырмашылығы қандай?

4-тапсырма. Мәтіннен қай стильге тән негізгі көрсеткіштерді айқын көруге болады? Мысалдармен дәлелдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет