Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларға қатысты теориялық мәселелерді меңгеру үшін тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Конспект жасау барысында негізгі мәселелерге назар аударыңыз.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1-6, 7.
Қосымша: 1, 3, 7, 10.
№10 СӨЖ тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі терминденуші лексика. Жалпы қолданыстағы сөздердің, кәсіби, диалект, көнерген т.б. сөздердің терминденуі
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Терминдену, терминделу, екінші терминдену, ішкі терминдену, сыртқы терминдену ұғымдарының айырмашылығы неде? Мысалдармен көрсетіңіз.
2-тапсырма. Терминжасамның ішкі және сыртқы көздеріне не жатады?
3-тапсырма. Ұлттық терминология – ұлттық ғылым тілінің негізі деген тақырыпта реферат жазыңыз.
4-тапсырма. Мемлекеттік тілдің терминологиядағы қолданысы атты тақырыпта конспект жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |