Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларға қатысты теориялық мәселелерді меңгеру үшін тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Конспект жасау барысында негізгі мәселелерге назар аударыңыз. Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясына қатысты мәліметтерді пайдаланыңыз.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1-6, 8.
Қосымша: 1, 3, 7, 9.
№9 СӨЖ тақырыбы: Терминжасамдағы аударманың орны. Аударма түрлері мен тәсілдері. Аударма – терминжасамның бір тәсілі
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Туыс тілдер мен туыс емес тілдердің аударылуындағы трансформациялық үдерістерді көрсететін материалдардан үзінділер келтіріп, түсіндіріңіз.
2-тапсырма. Трансформациялық үдерістер, негізінен, қандай мәтіндер аудармасында айқын көрінеді? Мысалдармен дәлелдеңіз.
3-тапсырма. Терминдер мен терминдік тіркестерді т.т. аудару жолдары мен тәсілдерін мысалдар арқылы көрсетіңіз.
4-тапсырма. Аудармасыз неліктен термин жасалмайтынын дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |