КЕРЕКУ- БАЯН ӨҢІРІНІҢ ҰЛЫ АДАМДАРЫ ТАҚЫРЫБЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ 5-6 СЫНЫПТАР (оқу-әдістемелік құрал)
Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Қайырбекова А.А
Павлодар қ. 2019 Түсінік хат Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 5-6 сынып білім алушыларына қазақ тілі пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді. Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер және т.б.) қолданылды.
Мақсаты: Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтеру.
Міндеттері: -Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық – практикалық амалдарын анықтау;
-Оқушылардың белсенді өзіндік жұмыс істеуін және танымдылықтарын арттыру;
-Шығармашылық тапсырмалар негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын құралдарын және жолдарын көрсету;