Дөңгелек үстел
1. «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға сын есім туралы білетіндерін қорытып жазады, соңғы жазған оқушы оқиды.
2. INSERT оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Жалпы сын тұрғысынан ойлау, оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді.
V – "білемін”, ―
- "мен үшін түсініксіз”,
+ - "мен үшін жаңа ақпарат”,
? – "мені таң қалдырады”
«ДЖИГСО»
әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді.
Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту. Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек. Білемін. Үйрендім. Білгім келеді.
Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Мысалы, 6 сыныпта қазақ тілі пәні бойынша жүргізген «Достық қайдан шығады?» тақырыбында өткізген сабағымда «Достық» ұғымына осы стратегияны қолдандым.
6 қалпақ
(қалпақтардың түстеріне сәйкес ойлау үшін, оқушы өзінің пікірінің дұрыс немесе бұрысын дәлелдейді)
Блум сұрақтарының түймедағы
Қарапайым сұрақтар— Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.
Дәлелдеуші сұрақтар— «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»
«Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?»
Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар— Әдетте неге? деген сөзден басталады.
Бағалау сұрақтары - Неге … жақсы, ал … жаман?»
«… … айырмашылығы неде?»Бұл сұрақтар осы немесе басқа да оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған.
Шығармашылық сұрақтар (жорамал)
«Қалай ойлайсыздар, … кейін (егер) … қалай болады? Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .
Практикалық сұрақтар
«Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?» Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Оспанов Т.Қ., Ерешова К.Ә. Қазақ тілі. Дидактикалық материал. – Алматы, «Атамұра», 2011. – 156 б.
2. Рахметова С., Игенбаева Б. Мазмұндама жинағы. – Алматы, « Атамұра» 1998 . – 87 б.
3. Тойбазарова Н.Ә., Займолдина Ж.Ғ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. // «Бастауыш мектеп» ж. - 2013. № 2. – 18-21 бб.
4. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері . – Алматы, Абай ат. ҚҰПУ. -2013. -268 б.
5. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 550 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |