Деңгейлік тапсырма.
1. Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
2. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Шорман бидің Мұсадан басқа: Мұстафа, Иса, Аужан атты үш ұлы мен Зейнеп атты қызы болған.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11.5.1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12.1.1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы. Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді. Марғұлан – қорқыттанушы. Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi, батагөй-сәуегейi Қорқыт мұрасын зерттедi. Марғұланның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – «керемет иесi», «Ұлыстың ұлы кеңесшiсi», «Тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау». Марғұлан Қорқыт мұрасын, дәстүрiн ұстанған халық мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерiн былайша топтастырады.
Тапсырма.
1. Мәтінді мәнерлеп оқы.
2. Мәтін бойынша сөздік құрастыр.
3. Қорқыт ата туралы не білесің?
Достарыңызбен бөлісу: |