Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



бет20/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
моя книга

Деңгейлік тапсырма.
1. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу)
Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт, Алатау, құмырсқа,
2.Өз мектебің жайлы әңгімелеп жаз.
ИСА ТУРАЛЫ...
Иса желпініп, үзілмей соққан сар даланың желі сияқты, сол даладай кең, мол ақындықтың иесі. Европа Исаның ақындығындай суырып салма, тұтқиыл ақындығын, ақындық теңізі деп түсінер еді. Осы күнгі Европаның сахна өнеріне мұндай сый жат болып, жоғалып кеткен. Бұл сахна өнеріндегі таза қазақ тумасы. Құмды, желді даланың жан жаралаған жайын төсті сыпырығысы сияқты молдан пішілген дала табиғатына үйлескен бір өнер. Бүгінгі қазақ сахнасында Иса әлденеше ғасырларды жиғандай, мәдениет тарихының әлденеше дәуірлерін бітімдестіргендей. Мұның арты баяғы кәрі заманнан саналы толғау иесі жыраудан, ру бәсекесінде ат жарыстырғандай, сөз жарыстыратын айтыс ақындарынан келе жатқан суырыпсалма. Бүгінгі тұрған орны сахна. Айтылып қалған сөздері әдебиет туындысы. Иса сахнадан үгіт айтады, сын айтады. Өзі түсінген мөлшерде сұлулықты, жарастықты жырлайды. Өлең-жырмен әңгіме баяндайды. Табиғатты сипаттайды. Өлеңмен күлдіргі қалжың айтады. Жақсының сарынындай құбылып, бүктетіліп толқынған желдірменің әніне қосылғанда шалқыған ақындық сөзін ту қып ұстап, заманды қазып келе жатқан өнер желмаясының шабысы елестегендей болады... Жалпы сахна өнеріне Исаның нөмірлері жаңадан қосылған жат бұйым сияқты. Мұның өрісі театр жолында емес, ақындық, әдебиет тарихының бағытында сияқты... (М. Әуезов)
Тапсырма.
1. «Менің ұстазым» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.
2. Мәтін бойынша сын есімдерді тауып жаз.
3. ғалым деген сөзді жікте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет