Қоныстардағы
қазба қабырғалары кең, көлемді келсе, шаршылардың түйіскен
нүктелерінде жер бақандары қалдырылады.
Қазба тереңдегенде олар
аласартылады, уақытында қиындысы графикалық әдіспен салынып отыруы тиіс.
Қорғандарды қазғанда солтүстік - оңттүстік, шығыс - батыс бағыттарымен
қазылмаған жал (орысша - бровка) қалдырылады.
Қазба терең болмаса, жал
бұзылмаған күйінде сақталады. Алдыңғы қиындылары қағаз бетіне түскенде,
тереңдегенде аласартылуы мүмкін. Қиынды сызбасы –профилі сапалы жасалғанда
ескерткіштен алынатын тарихи мағлұмат толыға түседі, уақытты дәл анықтауға
септігін тигізеді.
Стратиграфиялық әдіс көне қоныстарды зерттеген кезде қолданылады.
Стратиграфиялық тізбек немесе қатарлар
арқылы жоғарғы және төменгі
қабаттардың уақытнамасы анықталады. Стратиграфиялық әдіс қорғандық
ескерткіштерді де зерттеуде маңызды қызмет атқарады.
Ескерткіштердің салыну
уақытын, құрылыстың қалыптасуын, құрылымын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: