XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның
қола дәуіріне үңілмес бұрын "Андронов мәдениеті" деп аталатын мәдениетке
тоқталайық.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған
мәдениеті тарих ғылымында "Андронов мәдениеті" деп аталады. Осы мәдениеттің
алғашқы ескерткіштері "Андронов" деген селоның жанында ашылған. Бұл село
Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда
Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы
белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне
дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап,
оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға,
Ферғанаға, тіпті Вахш өзенініңтөменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет
құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі
мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII
ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: