Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет31/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104
Байланысты:
растыр ан

 Мезолит 
Жоспар: 
1.
Мезолиттің жалпы сипаты 
2.
Қазақстан жеріндегі мезолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы 
3.
Қазақстан жеріндегі мезолит ескерткіштері 
Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққан) көшу 
климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бүл мұздықтардың 
еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, 
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы калыптасады. 
«Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін 
(кдмалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік күраддарын қамтамасыз етудің 
жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды. Мейлінше елеулі фауналық 
өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері 
пайда болып, басқаларында балықаулау және жинау — аңшылықкәсібі 
қалыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әр түрлі хронологиялық шеңберлері 
мен оның ерекше сипаттамалары бар. 
Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл 
уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат ХХ-ы ғ. 50- 
жылдарында ғана пайда болды. 70—80-жылдардағы В. Зайберттің Есіл өңірінде, В. 


Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары 
ғана мезолит және оның далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы 
сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардың аяғы мен 90-
жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеулер 
жандандырылып, бірнеше жаңа тұрақ ашылды. 
Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. X—
VII мыңжылдыктар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен 
қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, 
халықтың орын ауыстыруының артуын ме~ золиттің ең жалпы ерекше белгілері 
деп санауға болады. Мәдени-шаруа- шылық үлгілердің және еңбек қүраддарын 
дайындау технологиясы сипаты- ның аймақтық ерекшеліктері археологиялық 
мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 
Тас ғасырының аяғына қарай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы 
жануарлардың түр қүрамы едөуір артып: жылқы, қоян, сутышқан, құндыз, қасқыр, 
түлкі, аю, қабан, елік, бүлан, қарақүйрық, киік, бизон, тур болды28. Олардың 
арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты сонау палеолит 
дәуірінде қалыптасқан тобырлы түрде қамалап және куалап аулау дағдысы 
жойылмады. Бірақ Қазақстан тұрғындарының өмірінде аң аулаудың жеке өдістері 
жетёкші маңыз алады. 
Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ак жайғасқан жерлері*- нен 
анды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймактарының 
ауысуына ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланыс¬ты: аң аулайтын жер 
таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке, Ертіс, 
Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің аңғарларына қоныс аударады. Мезолиттік 
тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орын- дар табылмағаи жерлерде пайда 
болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шакты 
ғана мезолиттік түрақтар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолиттік 
(неғүрлым ертедегі) түрақтардың қазірдің өзінде тіркелгені жүзден астам. Бүл 
тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, 
олар неғүрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс 
аударып отырды. Сондықган бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының түрақтарын 
табуға байланысты қиындықтар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір мау- 
сым ішінде ғана болып, олардын орнында материалдық қалдықтар қалмады деуге 
болады. Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда 
жүмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар 
салуды қажет етпеді, сондықган аңшылар өз түрактарының орнын оңай әрі тез 
ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, 


Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Агбасар маңында — 
Тельман-7, -8а, -9а, -14а, одан даоңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және 
Қарағанды-15 тұрақтары бар. Кокшетау маңындағы далалық Шағалалы 
жағалауындағы Виноградовка-2а, -12 тұрақ- тары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында 
- Дүзбай-6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары 
орналасқан29. 
Әлбетте түрақгар өзендер мен келдердің жағасына орналасатын. Тұрғын үй 
құрылыстарының қалдықтары сақгалмаған. Есіл өзені аңғарында көлемі 40-60 
шаршы метр, қаңқасының, қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, 
тік бүрышты құрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ, лашық 
тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шүңқырлар ғана 
қалған. 
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ. Шынына келгенде адамға 
ол жоғарғьі палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға 
көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенін ойлап 
табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде 
бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ 
пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол мың жылдан астам уақыт бойы ең 
тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен шанышқыдан 
артықдылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар ату әдістерінің 
алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді. 
Мезолитте еңбек құралдарын дайындау техникасында да одан өрі принцип 
өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ. 
Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: 
заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе 
ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиық- тарсаңылаулар жасалып, 
оларға үзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас калақщадан істелген өткір ұш салынып, 
қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілді30. Сөйтіп осындай қалақша 
бейімделген нұсқаныңтүпкі түрі ретін- де (оның үстіне Қазақстан аумағында ғана 
емес, іс жүзінде бүкіл әлемде) кеңінен таралды. Бейімделген нұсқаны қосымша 
өндеу және оларды негізге немесе сапқа бекітудің әр түрлі әдістері арқылы іс 
жүзінде кез келген еңбек қүралын дайындауға болатын еді. Сол кезде олардың 
жаппай таралғандары мыналар: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың 
ұштары, тері өндеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышактар, өр түрлі 
түйреуіштер, теріні, сүйек пен ағашты өндеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер 
мен біздер, кескіштер, жебе сабын өндеуге арналған қырғылар. Тас сынықтарынан 
көбіңесе қырғыштар жасалған. 


Қазақстан мезолитті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдыктар 
кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі 
ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі 
және 
бейімделген 
нұсқаны 
қосымша 
өндеу 
әдістеріндегі 
болмашы 
айырмашылықтарды ғана атап өтуге боладьі. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная 
тұрактарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге 
бүлардағы қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондық- тан 
«микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшеліктер аумақтықта, хронологиялық та бола 
алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы 
мәселе адайның Арал-Каспий су айырығын игсру тарихымен өзара тығыз 
байланысты. Маңғыстаудың мезолитгік түрағы (Қызылсу және басқалар) мен 
Содтүстік-Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік- Батыс (Дефе-Шығанақ) Үстірттің 
соларғажақын ескерткіштері үшты қырғы- штардьпЦ үлкен Тобымен, жиектерІ 
ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассимметриялы және сирек болса да 
симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан 
суырылатын жапьфақ сияқгы жебе үштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір 
бізімен, қалақшалармен және кабаттары енделген ұшы бар сынықтастармен 
сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет