Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет20/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Қазбаны белгілеу. 
Ескерткіштің болжаулы көлемі шөптен тазартылады, , тамыры 
терең өсімдіктер жұлқып алынбайды. Шөп күрекпен көлденең қиылады. 
Тазартылған жерде қазба көлемі дәлірек айқындалады. 
Қазылатын қорған болса, қазбаның орта тұсы анықталады. Орталық қазық 
үстіне буссоль немесе компас қойылады да, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс 
бағыттары белгіленеді. Анықталған бағыттарға орталық қазықтан жіп тартылып, әр 
метрге қазықтар қағылады, бұрыш дәлдігі 90° сәйкес келуі керек. Дәлдік 
геометриялық әдіспен, Мысыр үшбұрышы теоремасымен тексеріледі (үшбұрыш 
катеттер квадраттарының қосындысы гипотенуза квадратына тең). Шаршылар 
торы жасалып, оның рет саны жоспарда көрсетілгені жөн. 
Қиындыны,яғни прфильді қадағалап отыру үшін: солтүстік-оңтүстік, батыс- 
шығысбағыттарымен орталық жал (орысша - бровка) қалдырылады. Оның ені 50-
60 см болуы мүмкін, кейін қырланып, ені сәл кемиді. Қазылатын қоныс болса, 
төртбұрышты қазба орындарда қиындылар қоныс қабырғалары арқылы тексеріледі. 
Қазба көлемі тым үлкен болса, белгілі қашықтықта қазбада алынбаған топырақ 
бағаналары қалдырылады. 
Қоныстарды қазғанда қазба көлемі едәуір үлкен, әдетте, 100-400 м2 келеді. 
Тым көлемді болса, қатпарлардың қиындыларын белгілеу қиынға соғады. Мәдени 
қабатты табу үшін қоныстарда шурф салынады, оның көлемі шаршыға ұқсас келуі 
керек. Ол бір бағытты траншеяға, ал траншеялар қазба алаңына ұласуы мүмкін. 
Қоныстағы шаршылар 2х2 м болып белгіленеді. 
Археология үшін басты бағыт – солтүстік. Жоспарларда ол үшкір 
бағдаршамен беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет