Соңғы қола дәуірінде қонысты мекендеушілердің жерлеу ғұрпын Зевакино
қорымын зерттегенде байқалды.
Жерлеу
құрлыстары тақта тастармен, бөренелермен жабылған тас жәшіктер,
цисталар, тікбұрышты жерден қазылған шұңқырлар түрінде болып келеді.
Көбіне адамдарды жеке жерлеген, сонымен қатар екі-үш өлік көмілген қабірлер
де кездеседі. Жерленгендер қол-аяғы бүктетіліп, оң жақ, немесе сол жақ қырына
жатқызылған. Қабірлерден өлген адамға қалдырғас ас /жылқының бас сүйегі,
жіліктері,
қойдың жауырыны, қабырғалары/ қоладан жасалған пышақтар,
қанжарлар қыш ыдыстар, тас пен сүйектен істелген
әшекейлік бұйымдар мен
тұрмыстық заттар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: