Оңтүстік Қазақстанның қола дәуіріндегі ескерткіштері.
Қола дәуірінің ортаңғы кезеңінен мұнда Қаратаудың солтүстік бауырайына
орналасқан Таутары қорымы бар. Мұндағы қабір үстіндегі ескерткіштер жер үстіне
қырынан қазылып орнатылған тақта тастармен белгіленген, сыртында тікбұрышты,
шаршы немесе шеңбер түріндегі қоршаулар бар.
өлген адамды тақта тастармен жабылған жерден қазылған шұңқырларға қойған.
өлікті өртеу ғұрпы басым болған. өртелген сүйектердің қалдықтарын шұңқырдың
батыс бөлігіне үйген немесе шашып тастаған. Қабірдің шығыс бөлігіне тағам
салынған бірден беске дейін қыш ыдыс қойылып отырған. Ыдыстардың түбі
жайпақ, көзелер және мойны мен бүйірі ойықталып жалғасатын құмыралар түрінде
болып келеді. Ыдыстар тарақ тәрізді қалыппен өрнектелген, өрнек ыдыстың
мойнына, бұйірінің жоғарғы бөлігіне, кейде түбіне жақын салынады. Ыдыс
бетіндегі өрнектер тең бүйірлі үш бұрыштар, сынық сызықтар, меандр, каннелюр
түрінде болып келеді. Кейбір құмыра ыдыстардан күйдірілген бидайдың немесе
тарының қалдықтары сақталған. Қоладан және алтыннан істелген ұсақ бұйымдар
әшекей заттар кездеседі. Олардың арасында сопақша салпыншақтар, сақиналар,
моншақтар, қола сымнан иіліп, алтынмен апталған самай сырғалары, киімге
қадауға арналған қола қаптырмалар бар.
Таутарының материалдың мәдениеті Қазақстанның, Жайық өңірінің, Оңтүстік
Сібірдің андронов мәдениетіне жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |