Құрастырған: Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



бет1/4
Дата06.07.2018
өлшемі254 Kb.
#47935
  1   2   3   4
Оқу дағдысына арналған әдістемелік жинақ
(1-4 сынып мұғалімдеріне көмекші құрал)

Құрастырған: Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,

5 орта мектебінің



бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,

5 орта мектебі



Құрастырған: Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы – бастауыш сынып мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта бастауыш сынып мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі балалардың оқу дағдысына арналған мәтіндер келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Әдістемелік жинақ бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге негізделіп, әр деңгейге сәйкестендіріп алынған.

Алғы сөз

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуды жүзеге асырудың бірден – бір негізі – ол оқу дағдысын жетілдіру. Оқу дағдысын бақылауды мұғалім жеке жұмыс түрінде немесе күнделікті сабақ процесінде жүзеге асыратыны анық. Оқуға қойылатын талаптар: дұрыс оқу, саналы оқу, мәнерлеп оқулар жүйелі түрде орындалып отырғанда ғана сапалы жетістерге жетуге болады. Бұл жинақта оқушылардыңоқу дағдысын тексеруге арналған материалдар жинақталған. 1 – 4 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жинақталған бұл жинақ оқушылардың оқу талаптарын міндетті деңгейде оқуына себепкер болатыны сөзсіз.



Оқу машығын тексеру картасы

Тексерілген оқу саны

Түсініп оқиды

Оқу тәсілдері

Дұрыс оқу

Жіберілген қателер

Оқу темпі

Нормадан төмен оқитын оқушылардың аты-жөні

Буындап оқиды

Буындап оқу + тұтас оқиды

Тұтас сөзбен оқиды

Қатесіз оқиды

1-2 қате

3 н/се одан да көп қате

Сөз тастау, өзгертіп оқу

Сөзді қайталау

Екпін

Жалғауларды қате оқу

Норма

Нормадан жоғары


















































Оқуға қойылатын талаптар:

Дұрыс оқу:


  • Әріптерді тастамай түгел оқу;

  • Артық әріп қоспау;

  • Орындарын ауыстырмау;

  • Басқа әріппен алмастыру.

Саналы оқу:

  • оқуға мәтіннің мағынасын түсіндіру;

  • Сұрақтарға жауап бере білу;

  • Мәтінге ат қою.

Мәнерлеп оқу:

  • сөзді дауыстап және анық оқу:

  • мәтін түріне байланысты сөйлеу мәнерін сақтау;

  • логикалық екпінді қоя білу;

  • кідіріс жасау;

  • дауыс ырғағын сақтап оқу.

Таныс емес мәтінді оқу дағдысын көрсеткіштері



сыныптар

Минутына оқылатын сөздер мен тыныс белгілері


І жартыжылдық соңы

ІІ жарты жылдық соңы

1

15-20

20-25

2

35-45

45-55

3

65-75

75-85

4

75-85

85-95

1-сынып
Ақша жоқ дейсің.

Алтыға шыққан Алтынайдың анасы – кассир. Балабақшадан қалып қойған күндері оны мекемесіне ертіп барып жүретін. Бір күні ол мекеме қызметкерлеріне ақша таратты. Алтынай оған жақтырмай қарап отырады. Үйге қайтып келе жатып анасы қызынан:



  • Неге көңілсізсің? - деп сұрады.

  • Үйде ақша жоқ дейсің. Ақшаның бәрін жұртқа таратып бересің, - деп қызы аузын бұртитты.

Анасы Сәуле қаршадай қызының сөзіне ағынан жарыла күлді.
Қар

Сәуле апай қызы Алтынайды сыртқа қоқыс төгіп келуге жқмсаған. Қыс кезі болатын. Жердің үсті аппақ қар. Алтынай сыртқа шықты да, қайта кірді. Қоқысты төкпей ала келіпті. Анасы оған:



  • Неге қайта әкелгенсің? – деп ұрысып жатыр.

  • Аядым, - дейді қызы.

  • Нені?

Анасы аң – таң.

Жердің беті аппақ. Сондай әдемі. Қоқысты төксем, кір – кір болмай ма?


Қорықпайсың ба

Анасы еріп мекемесіне келген Алтынай барлық кабинеттерге кіріп аралап шықты. Бәрі оны өз қыздарындай көріп, ашық – жарқын әңгімелесіп жатқандары.

Алтынай олардың қойған сұрақтарына қызықты жауап қайтарып, аға – апайларын мәз қылды. Өзі де сұрақ қойып, жауап алды. Өстіп жүріп ол мекеме басшысының кабинетіне бір – ақ шықты.


  • Кел, қызым, кір, - деді ішінде отырған ағай.

Басқа кабинеттердегідей емес, мұнда бір өзі ғана отыр. Алтынай аң – таң.

  • Жалғыз отырғаннан қорықпайсыз ба? – деп сұрады ол мекеме басшысынан.


Киіз басу

Ежелден төрт түлік мал өсірген халқымыз малдың түгіне дейін тиімді пайдалана білген. Алуан түрлі сәнді ою – өрнекті, әшекейлі бұйымдар жасаған. Соның бірі – киіз басу. Ол жүнінен жасалады. Көбінесе, ақ не қара біртүсті ірі қараның тулағын, түгін астына қаратып теріс жаяды да, соған жүнді қос сабаумен сабайды. Жүн қоқым, топырағынан, шөп – шаламнан арылып, тазарады. Осыдан соң ши, шырпы жояды да, үстіне жүнді бірқалыпты етіп тегістеп, төсейді.

Ыссы суды жүннің үстіне біркелкі сеуіп, бір шетінен жүнді шыптасымен қымқыра бүктей орайды. Сол ораумен келесі шетіне шыққанша салмақпен бірнеше дүркін дөңгелете басады. Содан соң шыптадан ажыратып, киізді өз алдына шынтақтап, біліктеп ысытады. Бұл жұмысты бірнеше адам атқарады. Содан соң қағып – сілкіп, жиектерін біртегіс түзу етіп қияды.

Оюлы текеметті де осы әдімпен жасайды, тек айырмасы алдын – ала даярлаған түрлі түсті боялған жүннен киіз бетіне ою – өрнектер жапыстырып, ыссы су бүркіп, шыптанның арасына орап басады. Сонда әлгі ою – өрнектер киізбен бірге жымдасып, орнығып қалады. Текемет көбінесе еденге төсеніш ретінде пайдаланылады.


Тұс киіз

Елімізде ертеден шеберлеріміздің сәндеп, ою – өрнектеп, безендірген бұйымдарының бірі – тұс киіз. Оның көлемі түрліше болып келеді. Киіз, көбінесе, үйдің керегесіне сәйкес етіп жасалынанды. Бұл киіз үйдің бір жасауы ретінде сән берумен қатар жылыту үшін де, яғни суықтан қымтауға да пайдалы. Сондықтан оны қалың етіп жасайды. Бетіне әдемілеп айшықты ою – өрнектер түсіреді. Ою киіз бетіне түрлі – түсті мақпал, жібек, қамқағ барқыт сияқты бағалы матадан ойылып, әртүрлі жібек жіппен кестеленіп, жапсырылады.

Кейде мүмкіндігіне орай зерлеп те тігеді. Зерлеп тігу (зер алтын жіп) ең қымбат аса бағалы әшекей болып саналады. ОЛ кез – келген бұйымға қолданыла бермейді. Көбінесе ұзатылар қыздың мүлкі ретінде қолданылған. Осылай әшекейленіп жасалған тұскиізүйге соншалықты сән беріп, ашып тұрады. Әсіресе, біздің Шалқар өңірінің ауыл – аймақтарында өнердің бұл түрімен айналысып жүрген ісмер жандар баршылық.
Уыз

Ертеден төрт түлік малмен көзін ашқан халқымыздың ең бір тіл үйіретін тағамдардың бірі – уыз. Уызды осындай кең дала құлпыра бастаған шақта төлдеген сауын малының ең алғашқы уыз сүтінен даярлайды. Оны өз алдына бір өзін пісіріп, немесе түрліше дән қосып та жасайды. Әсіресе, сөк қосып жасаған уыз – көже аса дәмді болады. Дайын уызға ауыл адамдарын шақырып, дәм таттырады. Жиылған жұрт уыз ішкен соң «ақ мол болсын, төл егіз болсын», «мал семіз болсын» деп баталарын береді. Жаңа туған төлді де уыз сүтіне бүйірін шығара емізеді. Уызына жарыған төл тез арада толығып, өсіп жетіледі.



«Өзара келісіп келіңдер.....»

Қожа Насраддин қуаңшылық жылдары ауылнай болады. Жайына қарап жүрмей, жұртты қалауы. Оған бір адам келіп, қурап бара жатқан бақшасына жаңбыр жаудыруын өтінеді.



  • Жо – оқ, бұлай істеуге болмайды, - деді Қожа, - бүкіл ауыл жиналсын, жұртпен ақылдасып істейік.

Ауыл тұрғындары түгел жиналған соң Қожа:

  • Уа, халайық, мына кісіге жаңбыр керек екен жаудырайын ба, әлде жаудырмай – ақ қояйын ба? – деп сұрады.

Біреуі әре – тұра қарсы шықты:

  • Жаудырма! Менің пішенім су болады. Екіншісі:

  • Егін оруым керек, ал жаңбыр жұмысқа кесел келтіреді, - деді.

Сонда Қожа Насраддин:

  • Онда әуелі өзара келісіп алыңдар, содан соң мазалаңдар мені, - деген екен.


«Ақындар да тамақ жей ме?»

Өзінің туған қаласы Самарқанға келген Насраддин әпенді бір әдебиетшінің үйіне сәлемдесуге кірді. Әлгі оқымысты Шығыстың көрнекті ақындары туралы көселте әңгіме соқты. Әйтеуір, тоқтамастан сөйледі, ара – тұра зуылдатып өлең оқып қояды. Әмендінің қарны аш еді, бірақ қожайынның тамақ берер түрі жоқ. Ақырында Әпенді шыдай алмай:



  • Сұрақ қоюға бола ма? – деді.

Әдебиетке қатысты бірдеңе сұрайтын шығар деп ойлаған ғалым:

  • Әрине , әрине ... – деді құңжындап.

  • Білгім келгені – осы сіз айтып отырған ақындар ... мен сияқты қарындары ашқанда ... тамақ жемеуші ме еді? Жесе, қандай тамақты?...


Бүркіт пен Тазқара

Бір күні бүркіт пен тазқара кездесіп, сыр шертеді.

Бүркіт тұрып:


  • Аз өмір сүрсем де, кең дүниені шарықтап өтсем екен. Бір жерде жата бермей, көкке өрлеп, биікте жүрсем, нелер қиын жолдан еркін өтсем, арманым жоқ! – дейді.

Тазқара үндемеді.

  • Сенің арманың қандай, тазқара?

  • Ой, бүркіт бауырым, аспандап ұшып, алқынар жайым жоқ. Ерлік жасаймын деп, текке өліп қалсам, не болмақпын! Онан да менің алдыма өлген малдың жемтігін үйіп қойса, өмір бойы орнымнан қозғалмай жеп жатар ем, - деп, тамсанады тазқара.

Тазқараның бұл арманын естіген бүркіт:

  • Арманың әзір ас болса, тым арзан екен. Арамыз да тым алшақ екен, - деп, аспанға шырқап шығып кетіпті.


Жалқаулық пен қиыншылық

Жалқаулық пен қиыншылық адамдарға тигізер зияндары туралы бір келісімге келе алмай, Бақытқа келіп жолықты.



  • Неге келдіңдер? – деді Бақыт оларға.

  • Біздің келген себебіміз, мына қиыншылық айтады, менің адамдарға зияным жоқ, сенің ғана зияның бар, - дейді.

  • Ол дұрыс айтады, - деді Бақыт, - өйткені сен Жалқаулық үнемі зиян әкелесің. Қиыншылық та үнемі зиян әкеледі, бірақ арты пайдаға айналады.

  • Қалайша? – деді Жалқаулық.

  • Қиыншылық көрген адам еңбектеніп, сол қиыншылықтан шығу жолдарын іздейді.Қиыншылық адамның жолын уақытша бөгейді, ал сен оның жолын үнемі бөгейсің, - деп Бақыт жауабые аяқтады.


Менің Қазақстаным

Менің туған жерім – кең байтақ Қазақстан. Біз бұрын Ресейге бағынып келдік. Ал қазір жеке егеменді ел болдық. Өзіміздің ән ұранымызда шықты. Бұрын біздің туымыз қызыл болатын, ал қазір – көк. Мұнай, мыс, қорғасын, алтын, тас көмір, тұз тағы басқа асыл қазыналарға менің елім бай. Әсіресе, қазақстанның алтын астығын айтсаңшы. Асқар – асқар таулары мен ну орман тоғайлары, күміс көлдері мен күркіреген өзендерін қатты ұнатамын. Мен өзімнің егеменді елімді, туған жерімді алтын бесігімдей сүйемін. Күні ертең соны көркейтуге білек түріп атсалысамыз.


Сыралғы байлау

Ертеде ата – бабаларымыз серілік құрғандағы сегіз қырының бірі аңшылық, бүркітшілік, құсбегілік болатын. Олар атқа мініп, тазы ертіп, қақпан құрып, аңға шыққанда жол – жөнекей кездескен жан аман – саулық сұрасқан соң, «Уа, қанжығаң қандалды ма?» - дейді. «Әлей болсын, шүкір, бұйырғаны бар ғой», - деп жауап береді. «Ендеше сыралғы байла», - дегенге, «Байладым», - деп олжалаған түлкі, қасқыр, құс, қоян т.б. беріп кетеді. Міне, бұл да жігіттің жомарттығының бір қыры.


Базарлық

Ерте ауылдардың тері – терсек, жүн – жұрқа, түбіт басқа да мал өнімдерін шалғайдағы Бұқар, Самарқан, Әулиеата, Ташкент, Орынбор тағы басқа қалалардағы үлкен – үлкен жәрменкелерге шығарып, сатып, өткізіп немесе айырбастаған. Қалашыларға жол жүргенде «жеңіл барып, ауыр қайт», - деп ауылдастары сәт – сапар тілеген. Содан ай жүріп, апта жүріп, қала базарлап, елге оралған қалашылар керуеннің алдынан қуанып жүгіре шыққан ауыл бала – шағаларына ойыншықтар, қыз – келіншектеріне айна, тарақ, иіс су, орамал, шаршы т.б. базарлықтар үйлестірген. Міне, бұл ауылдастардың бір – біріне қуаныш сыйлауының бір түрі.


Ерулік

Көші – қон деген қай кезде де оңай шаруа емес. Ауыл үстіне үй көшіп келіп қонып жатқанда ауыл – үй бәйбішелері, қатар – құрбылары ас даярлап, табақ көтеріп «қоныс жайлы болсын» айтады. Үйді бірге тігісіп, жиһаздарын жинасады. Бәрін жайғастырып болған соң барлығы бірге ас ішіп, әңгіме дүкен құрып, көңіл көтереді. Осылайша, үй иелерінің шаршап – шалдыққанын жеңілдетіп, одан әрі аяқ табақ араластырып кетеді.


Кеусен

Егін – қырман басында егіншіге диханға кездескен бөгде жан «қырман тасысын» айтады. Оған риза болған егінші шама- шарқынша дән береді. Ол бір дорба, кейде бір қап болуы мүмкін.

Көктемде жерге дән себерде «халық несібесі» деуі де содан болса керек. Кеусен беру осы күнге бау – бақша егушілер арасында да жалғасып келеді. Тума – жекжат, көршіге кейде шелектеп, кейде дорбалап мүмкіндігінше кеусен беріп жатады.

«Орамал тон болмайды, жал болады» демекші, одан ешкімнің қырманы ортайып немесе біреуі байып кетпейді, тек бұл да бір бабалардан қалған сыйластық қарым – қатынастық жол – жоралғысы болса керек.


Ірімшік

Жаз шыға көк көтеріліп, жер отыға бастайды. Осы кезде от, суына тойынған сауын малының да сүті молая бастайды. Сондықтан басы артық сүттерден көптеген тамақ түрлері даярланады. Айран ұйытып, сүзбе жинайды, ірімшік, сары су, құрт қайнатып, май шайқайды.

Ірімшік өзінің дәмді кенеуі мол қасиетімен қоса, басқа тағамдармен бірге дастарханды байытып түрлендіре түседі. Ірімшік даярлау үшін сүтке мәйек салып ұйытады. Содан соң әбден суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік қызыл сары түске енеді. Бұдан кейін оны сүзіп алады да, шиге жайып кептіреді. Дайын ірімшікті ыдысқа салып үстіне сары май қосып немесе бір өзін де дастарханға қоя беруге болады. Ірімшік құрғақ күйінде дәмін, құнарын тайдырмай ұзақ сақталады.
Қымыз

Қымыз ерте заманнан тек қазақ халқында ғана емес, сонымен бірге түркі, монғол тектес халықтардың көбінде бар. Ол бұрыннан ауруға ем, сауға қуат боларлықтай шипалы сусын, киелі тағам болып есептелінеді. Сондықтан да, қымызды, жалпы ағарғанды жерге төкпейді. Тек амалсыз жағдайда ғана отқа, ошаққа «біссіміллә» айтып құяды. Міне, қазір нағыз бие байлар, сабаға қымыз ашытатын жан болса, қымыздың көптеген түрлері болады.



Жент

Қазақтың ең бір әдемі де қуатты ұлттық тағамдарының бірі – жент. Жентті даярлау тәсілі қарапайым да жеңіл. Ол үшін ең алдымен сөктен жасалған жармаға жылқының сүр болған шикі майын немесе қолдан шайқап, бүйенге тұздап салынған сары май, қант, мейіз, өріктің, жаңғақтың дәндерін қосып араластырып, келіге түйіп, жанышады. Дайын болған жентті ыдысқа салып, сол бойда дастарханға қоя беруге болады. Жұдырықтай ғана жент жеген адам ұзақты күн жүрегі сазбай тоқ жүреді. Ол, әсіресе, күні бойы өрістегі мал соңында жүрген ауыл адамдарына өте тиімді. Әрі дәмін жоймай ұзақ сақталатын тағам.


Сүйінші

Ертеде, елін, жерін жаудан қорғап, майданнан жеңіспен ауылына аман – есен оралғанда, алыс сапардан айлап, апталап көріспеген елшілер мен жиһанкездер оралғанда ауыл – ауылға ат шаптырып «сүйіншілеп» қуанышты хабар жеткізген. Ел шалғайдағы ұзатылған қыздың артынан төркін жұрты, бауырлары ұзақ жол жүріп келгенде, сүйіншілеп, елін сағынып, сарғайып жүрген қызды қуантқан. Сондай жүрек жарды қуаныш үстінде қыз сүйіншіге ең тәуір бұйым дүниесін берген. Одан да басқа сүйіншіні айтып қуанышты хабар жеткізудің көптеген түрлері бар. Ұзақ жылдар бойы бала көтермей жүріп, ұл перзентті болғанда, әскер қатарынан баласы аман – есен елге оралғанда, тағы басқа жағдайларда сүйіншілеп қуаныш сыйлайды.


Құрт

Құрт – қазақтың қызығып жейтін жеңсік асының бірі. Әбден бір себеппен ат басын соға кеткен сәлімші – жолаушыға немесе асығыс қонаққа шыныаяққа салып құрт, май қойсаңыз, жеңіл – желпі ас – су бергеннен кем түспейді. Құрт өңін өзгертпей, ұзақ сақталатын, әрдайым даяр ас. Құрт қайнату үшін алдымен ашыған айранды жинайды. Оны қазанға құйып қайнатады. Бір қайнағаннан кейін отын сөндіріп қояды. Қазандағы айран суыған кезде, оны таза қапқа құйып аузын жіппен байлап жоғары іліп қояды. Бір тәуліктен соң дәмін кептіріп, тұзбен араластырады да қолмен сығып құрт жасайды. Содан соң шыптаға жайып кептіреді. Құрт ұзақ сапар шеккен әсіресе, түнделете жолға шыққан автокөлік жүргізушілері мен машинистерге ұйқы қысқа сәтте таптырмайтын тағам.



2-сынып
Бесікке салу

Халқымыздың салтында өмірге жаңа келген нәрестені бесікке салу да бір кішігірім шашу іспетті ойын – күлкімен өткізіледі. Ауыл – үйдің көңілі жақын әйелдерінің бірі нәрестені бесікке салады. Бесіктің төсек – орны жайлы етіп төселгеннен кейін сәбидің жастығының астына иіс су, иіс сабын, жарық май, айна, тарақ, т.с.с. заттар салынады. Содан соң нәрестені шомылдырып, құрғатып сүртеді де «біссіміллә» деп бесікке бөлейді. Тербете отырып, бесік жыры шырқалады.

.... Әлди, әлди бөпешім,

Құлыншағым, құлыным,

Жібек торғын жөргігің,

Әлдилеген ермегім.

Күте алмасам мәпелеп,

Онда болар менде мін.

Әлди, әлди, әлди-ай

Жұбатайын тербетіп,

Азамат боп ер жетіпп, - деген мазмұнда келеді.

Бесіктің тұтқасына түрлі – түсті сылдырмақ, қоңыраулы ойыншықтар, ескі күміс теңгелер, моншақ т.б. қадалады. Мұндағы мақсат - «нәрестенің сөзі түсіп әлгілерді ұстауға қол созып талпынсын, ойнасын» дегені. Сонымен қатар, «сұқ көзден де сақтандырады» деген ырыммен де әшекейлер ілінеді.

Ырым демекші, бесікке байланысты халқымыздың ырым – тыйымдары да бар. Мысалы, «бос бесікті жапқысыз ашық қалдырмайды», «бесікті аяқпен тербетпейді», «бесікті қажетсіз жағдайда бұзып тарқатуға болмайды».
Қарлығаш әулие

Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым – тырақай босып, үдере көшеді. Сонда жалғыз – ақ бір үй түтінін түтетіп, отыра береді. Жоңғар қонтайшысы батырларын жұмсап:

- Анау жалғыз үй, неғып көшпей отыр, барып біліп келіңдер! – дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері әкіреңдеп;

- Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен не ғып, бізден не ғып қорықпай отырсың?! – дейді. Төле би олардың алдынан шығады:

- Жігіттер сабыр етіңдер! Алдымен үлкен кісіге берер сәлем қайда? – Әдет – дәстүрден бір сүрінген олар, сәлем беріседі.

- Енді тыңдаңдар – деп сөз бастайды. Төле би – шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс, қашан сарауыз балапандарын қанаттандырып, өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш – қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме?

- Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да қорғап қалған осы қарлығаш! Мен жау шапты деп, үйімді жығып, оның ұясын бұзып, балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала – шағаларың бар. Сендерді жұмсап отырған ханның да бала – шағасы бар.
Қарлығаш

Құстардың ішіндегі адамға ең жақыны қарлығаштар. Олардың қала қарлығаштары, ауыл қарлығаштары деп бірнеше түрге бөледі. Бір – бірінен сыртқы түрлеріне қарап қана айырма жасайды. Ал тіршілік әрекеттері өте ұқсас.

Қарлығаштар жерде аз қонақтайды. Ұя салуға қажетті заттарды жинаған кезде ғана жерде жүруге тура келеді. Олар жемін ұшып жүріп аулайды, тіпті суды да су бетімен қалқып ұшып жүріп ішеді. Олардың негізгі қоректері: бунақденелілер (қоңыз, кене, көбелек, инелік, өрмекші т.б.) Қарлыған жыл құсы, көктемде сәуірдің бас кезінде келеді. Олардың келуі бір жетіге созылады. Олар ескі ұяны пайдаланбай жаңадан салады. Ұя салуға балшық, шөп қиқымдарын, жылқының қылын т.б. пайдаланып, сілекейімен жапсырып бекітеді. Қарлығаштар ұяларын үйдің шатырына, мал қораның төбесіне, құлаған құрылыстар мен зираттың басына т.б. жерлерге салады. Оған жүн, қауырсын, мамықтардын жұмсақ төсеніш төсейді. Ұяны 6 – 7 күн ішінде бітіріп, оған 3-тен 8-ге дейін жұмыртқа салады. Екі – үш жетіде балапан басып шығарады. Қанаттанған балапандары бастапқы кезде енесімен бірге ұшады. Олар тамақ табуға , ұшуға өздігінен күн көруге үйренеді. Жаға қарлығаштары топтасып ұшып, жағалау, жар қабаттардағы індерге ұя салады. Қарлығаштардың қайсысы болса да пайдалы құс.Оның ұясын бұзбаңдар.
Жыландар

Жазда саяхатқа шығып, жеміс – жидек терген кезде жыландарды көріп қаласыңдар. Сол мезетте олар шығады деп қорқасыңдар. Жылан не шағады? Жылан өздігінен шақпайды. Жаздың ыстық күндерінде жылан денесі күнге қызып, сергек болады. Ал жауын – шашынды, бұлтты күндері жуасып, жайбырақат жүреді. Жыландар нашар көреді. Сол себептен қимылды, дыбысты сезгенде жасырынып қалуға тырысады. Міне сол сәтте жыланды адам да, жануарлар да байқамай, оған жағындай береді. Сонда жылан өзін қорғағысы келіп, төнген қауіпке қарсы әрекет жасайды. Сөйтіп, ол адамды немесе жануарларды шағады.

Жыланның адамға пайдалы жақтары да бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша жылан уынан неше түрлі дәрі жасалады. Тіпті жылан уынан жылан шаққан адамға қолданылатын дәрі де әзірленеді.

Республикамызда жыландар саны азайып барады. Сондықтан 1968 жылдан бері Қазақстанда жыланның қандай түрін болса да өлтіруге тиым салынады. Тіпті улы жыландарды өсіруге арналған питомниктер де бар. Кушка, Бішкек, Ташкент қалаларында орналасқан питомниктерде жылан уы алынады. Жыланның шипалық әсерін халық ежелден білген. Қазақ арасында суық тиіп ауырған адамға жыланның басын қайнатып берсе, ертедегі Римге жыланның басын ұнтақтап жасаған дәрі көп ауруларға емге пайдалананған.

Медицина эмблемасында тостағанда оралған жыланның ыдысқа уын құйып жатқанын бейнелеуі – оның емдік қасиетінің белгісі.

Тұсау кесу

Бала қаз тұрып, қабырғаға сүйеніп, аяғын басуға енді талпына бастаған шақта «тез жүріп кетсін» - деп, тұсау кесу рәсімін жасайды. Ауыл – үй адамдарын шақырып, ас – су дастархан мәзірін даярлайды. Олардың ішінен аяқ алысы ширақ, тез жүгіргіш адамды таңдап, соған тұсау кесуді тапсырады. Ол баланың екі аяғына ала жіп байлап, қайшы не пышақпен жіпті кеседі де, баланың қолына жетелейді:

Қаз-қаз балам, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса ғой,

Асулардан аса ғой.

-деп әндетіп әрі- бері жүргізеді. Осылай жиылған жұрт тұсау кесер рәсімін- әңгіме дүкен құрып, көңілді шашу кешке айналдырады. Кейіннен бала есейгенде оның жүрісіне қарап, «тұсауын бәленшекең кескен еді, соған ұқсап тез жүргіш болып өсті» деп, ата- аналары мақтаныш етіп отырады.

«Ауылдастың аты озғанша, көршілілестің тайы озсын»демекші, «Әлгі көршіміздің сары баласы кешегі үлкен тойдағы жаяу жарыста озып келіпті Ана жолы » «Тұсау кесерінде» Есекеңнің күрең жорғасының күміс үзеңгісінің астынан өткізгенін көріп едік дер еді көпшілік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет