студенттер жастарды ізгілік дүниетанымға дайындау;
өмірлік мақсат мүддесін айқындауға, өзіндік сананы қалыптастыруға, жеке бастың қасиеттерін, өмірлік қажеттіліктерін іске асыруына көмектесу;
жастарды мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы адамзаттың рухани құнды игіліктерін бағалай білуге тәрбиелеу;
қазақ ұлтының қайта түлеуіне, өзінің қайталанбас төл мәдениетінің, ұлттық-саяси дәстүрімен әдеп-ғұрыпының гүлденуіне хақылы екенін санасына сіңіру;
бірлескен өзара сыйластық жағдайында өмір сүру идеясын, ұлттар достығын нығайтуды көздеп тәрбиелеу;
студент жастар тәрбиесінде «бостандық, теңдік, ізгілік» деген үш сөздің, үш түсініктің маңызын түсіндіру;
мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу;
студент жастар салауатты өмір сүруге болашақта тату-тәтті жанұя құра білуге, өздерін бақытты болуға үнемі дайындау т.б.;
Курс мазмұны: курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік және оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. Студенттер кәсіби білім, біліктіліктер және дағды, іскерліктерді меңгереді.
Пререквизиттері:
- Жоғары оқу орнының оқу пәндерінің базасы.
Постреквизиттер:
Студенттер бұл пәнді оқып бітіргеннен кейін
Мектептегі, ЖОО-ғы педагогикалық процеске жетекшілік етуге қажетті білім, біліктіліктерді меңгереді;
Педагогикалық процестің мақсаттарын, міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер, ұйымдастыру формалары және құралдарымен танысады;
педагог-психологтар үшін қажетті кәсіби мәдениеттің негіздерін игереді;
- курс бойынша меңгерген материалдар кейінгі курстарда өтілетін педагогика ғылымының салаларын меңгеруге жағдай жасайды.