Функционализм
|
Конфликтологиялық әлеуметтану
|
Жалпы қоғам бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден тұрады; олар бір-бірімен тығыз өзара әрекетке түседі және осы арқылы бүкіл жүйенің өмір сүруін қамтамасыз етеді.
|
Әлеуметтік топтар арасындағы дау-жанжалдар қоғамның жаратылыстық жағдайы болып табылады, әлеуметтік өмір дегеніміз билік үшін күреске негізделген тоқталмайтын үрдіс.
|
Қоғам сыртқы ортаға бейімделген өз институттарын дамытады. Осы арқылы бүкіл жүйенің өмір сүру қабілетін арттырады.
|
Әрбір қоғамда материалдық құралдар мен қорлар бөлінгенде теңсіздік орын алады.
|
Барлық әлеуметтік көріністер мен фактілер олардың қорытындысы тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
|
Әлеуметтік құрылымдар бір әлеуметтік топтардың басқаларға қатысты артықшылығын бекітеді. Жоғарыда тұрған топтар қоғамды өз үстемдігін бекіту үшін сәйкестендіріп ұйымдастырады.
|
Мінез-құлықтың тұрақсыз (дисфункция) нысандары мен институттар қоғамның өзін-өзі дамытуына қауіп төндіреді. Осындай мінез-құлық нысандары мен институттар бақылауда болуы және жойылуы тиіс.
|
Әрбір әлеуметтік әрекет бір қоғамдық элементтерге пайда әкеліп, екіншілеріне зиян тигізеді.
|
|