Символикалық интеракционизм
Жеке тұлғалар әлеуметтік өзара әрекет мәнін түсінуге ұмтылады. Әлеуметтік әрекет мәні алдын-ала белгіленген мәнге ие болмайды. Әлеуметтік мәндер әрқашан өзгеріп, тербеліп тұрады.
|
Әлеуметтік актіні (мінез-құлық көрінісі) түсіндіру үшін, осы актіні іске асырушылар мінез-құлқының мәнін түсіну қажет.
|
Таблицада көрсетілген өте кең жалпыланған бөлініс екенін ұмытпау қажет. Сондықтан қазіргі әлеуметтанудың кейбір теориялары көрсетілген бағыттардың бірде-біріне сыймайды. Осылай бола тұрса да бұл үш парадигма қазіргі әлеуметтану алдында тұрған проблемаларды көруге көмектеседі.
а) Чикаго мектебі
Әлеуметтануды тек қана теориялық емес, сол сияқты тәжірибелік мәні де бар ғылымға айналдыруға Чикаго мектебінің социологтары көп еңбек сіңірді.
Роберт Парк (1864-1944) - әлеуметтік-экологиялық теорияның негізін қалаушы. Парк адамдардың ұжымдық мінез-құлқын олар өздері құрған ортамен тығыз байланыстыра отырып зерттеді. Бұл ортаны Парк «биотикалық орта» (биологиялық емес) деп атады. Биотикалық ортаның биологиялықтан айырмашылығы, ол өзіне әлеуметтік-психологиялық және мәдени факторларды қосады. Даралықтар белгілі бір кеңістікті («зона») басып алып, сонда орналасады. Экономикалық, саяси, мәдени сияқты таза әлеуметтік көріністер популяция мен ортаның өзара әрекетінің экологиялық негізінде өсіп шығады.
Осы мағынада қазіргі мегаполистер мен қала шоғырлары қатал биотикалық және экологиялық заңдарға бағынады. Бұл қала жобаларында көрініс табады. Парк қаланы зоналарға бөлудің социо-мәдени моделін ұсынады. Бұл бойынша әртүрлі қоғамдастықтар қала аумағында концентрациялық шеңберлер түрінде орналасады. Әрбір «зона» өз функциясына, әлеуметтік құрамына және кәсіби бағдарына ие болады.
Парктің экологиялық социологиясы қоғам құрылымындағы қатал детерминирланған заңдылықтарды (өз құрамында биологиялық және әлеуметтік факторларды ұштастыратын) көруге мүмкіндік берді.
б) Функционалистік әлеуметтану
Р.Мертон (1912 ж. туған). Қоғам түгелімен және оның жеке бөліктері олардың қызметтері (функция) арқылы бекітілген тығыз өзара байланысқа ие. Функционалистер қоғамды көптеген бөліктерден тұратын организм ретінде қарастырады. Әрбір бөлік өз қызметін атқарады, әрі олардың арасында айырмашылық көп болған сайын бір бөліктің екіншісін ауыстыруы қиындай түседі.
Г.Спенсер функционализм негізін қалады, ал Э.Дюркгейм оны әрі қарай дамытты.
Қазіргі функционалистер Т.Парсонс, Р.Мертон, К.Дэвис осылардың ізбасарлары. Олардың негізгі еңбегі қоғам бөліктерін анықтау, қоғамдық қызметтердің керекті және керексіздерін бөліп көрсету, қоғамның органикалық біртұтас болып табылатын ұйымдасу ретін анықтауда. Қазіргі функционализмнің теоретикалық шеңберін анықтайтын бас пункт: 1) Қоғам-бұл біртұтас болып біріктірілген бөліктер жүйесі. 2) Қоғамдық жүйелер өз тұрақтылығын құқық қорғау органдары мен сот сияқты ішкі бақылау механизмдерінің арқасында сақтайды. 3) Қоғамға тұрақсыздық әкелетін қызметтер (дисфункция) болады, бірақ олар өз-өздерін жояды және ақыр соңында қоғамнан кетеді. Мыс. 60 ж. американ қоғамына радикалдар мен хиппи көп жаңалық әкелді: қоршаған орта проблемасына жаңа көзқарас, жоғары билікке сенімсіздік, ерлер мен әйелдердің анағұрлым ашық киім стилі және т.б., бірақ бүгінде оларды истеблишмент жұтып қойды. 4) Өзгерістер әдетте революциялық емес бірте-бірте жаңару мінезінде болады. 5) Әлеуметтік ынтымақтастық (интеграция) немесе қоғамның берік екендігін сезіну елдің көптеген азаматтарының құндылықтардың біртұтас жүйесіне табынуы негізінде құрылады. Бұл біртұтас құндылықтар жүйесі қоғамдық жүйе үшін тіреу болып табылады.
в) Конфликтология (дау-жанжал) теориясы
Конфликтология теориясы, таптық жанжал қоғам өзегінің өзінде деп есептеген К.Маркс еңбектерінің негізінде пайда болды. Таптық жанжал себебі мынада, адамдар экономикалық жүйедегі жағдайына байланысты әртүрлі топтарға бөлінген.
К.Маркс пікірінше таптық күрес көптеген саяси жанжалдар көзі болып табылады. К.Маркс теориясына сәйкес таптық жанжал тарихтың қозғаушы күші болып табылады.
Қазіргі уақытта конфликт теорияларының әртүрлі варианттары ұсынылды. Қазіргі теориялар ішіндегі ең мәндісі неміс социолог-ғалымы Р.Дарендорф теориясы. Ол К.Маркстің «қоғамдағы негізгі жанжалдасушы таптар – экономикалық белгісіне байланысты ұйымдасқан таптар»,- деген пікірін жоққа шығарады. Р.Дарендорфтың ойынша әлеуметтік жанжалдың ең басты себебі бір адамдардың басқалар үстінен билікке ие болуы. Негізгі жанжал билік иелері мен одан тыс қалғандар, бірақ билік иеленуге әбден мүмкіндігі барлар арасында пайда болады.
Р.Дарендорф конфликт теориясының мына негізгі мәндерін құрамдады:
Кез келген қоғамның басты бейнесі үстемдік, жанжал және жаныштау болып табылады.
Қоғамдық құрылым адамдардың бір тобының екінші топ үстінен билігіне негізделген. Мыс.: бизнесмендер жұмысшылар үстінен, офицерлер солдаттар үстінен, оқытушылар студенттер үстінен билікке ие.
Осындай әрбір топтың, ол оны түсінсе де, түсінбесе де жалпы мүддесі бар. Әртүрлі топ мүшелерінің мүдделері әртүрлі және қарама-қайшылықта. Мыс.: өз кірісін көбейтуге мүдделі іскер адамдар мен қоршаған ортаны қорғау қозғалысының белсенділері арасында әрқашан да жанжал туып отырады.
Адамдар өз жалпы мүдделерін түсінгенде олар қоғамдық топ құра алады. Мыс.: кәсіподақ қозғалысы нысанында.
Қоғамдағы жанжал мынадай жағдайларда өте күшейеді: а) барлық билік түгелімен тек аздаған адамдар қолында ғана шоғырланған, ал қалғандар одан толығынан қол үзген; б) биліктен қол үзгендер оны алудың өзге мүмкіндігіне ие болмаған жағдайда; в) адамдар ерікті түрде саяси топтар құра алмаған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |