Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы



бет18/80
Дата05.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#1935
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
9. Әлеуметтік теңсіздік



  1. Түсінігі

Американ социолог-ғалымы Н.Смелзердің пікірінше әлеуметтік теңсіздік түсінігін қарастырмас бұрын, бір-біріне ұқсас үш түсінікті ажыратып алу қажет. Бұлар теңсіздік, стратификация және тап.
Теңсіздік – бұл ақша, билік, бедел және т.б. әлеуметтік құндылықтарға жетудегі жеке адамдар мүмкіндігі бірдей емес әлеуметтік жағдай.
Стратификация – теңсіздік бір ұрпақтар толқынынан келесі ұрпақтар толқынына берілу үшін қолданылатын саяси, экономикалық, құқықтық әдіс-тәсілдер жиынтығы.
Тап - билік, байлық сияқты әлеуметтік артықшылықтарды пайдаланудағы мүмкіндіктері әртүрлі әлеуметтік топтар.
Әлеуметтік теңсіздік осы үш ұғымның қосындысынан құрылады.
Әлеуметтік теңсіздік барлық қоғамдық құрылымдарда кездеседі. Көптеген қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік салт-дәстүр, діни қағидалар немесе ресми идеология көмегімен бүркемеленіп, жоққа шығарылды. Бірақ бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік жойылып кетпейді.
Дәстүрлі қоғамдармен салыстырғанда күрделі қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік айқын көрінеді. Әлеуметтік теңсіздікті негізінен сыртқы бейнебелгілер (символика) көрсетеді. Мыс., қарапайым қоғамдарда адам денесіне салынған белгі (татуировка) немесе символикалық заттар. Күрделі өркениетті қоғамдарда өте қымбат, жаңа технологияларға сүйеніп жасалынған материалдық игіліктерді пайдалану.



  1. Әлеуметтік теңсіздік теориялары

Социологтар әлеуметтік теңсіздік ұғымына әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарайды. Функционализм теориясы өкілдерінің пікірі бойынша қоғам белгілі бір қызмет түрін басқа қызмет түрлеріне қарағанда маңызды деп санайды. Функционалистер пікірінше әлеуметтік теңсіздік дегеніміз қоғам үшін аса маңызды қызмет түрлерін қоғамның ең қабілетті, талантты мүшелері орындауына кепілдік беретін құрал. Бұл теория негізін қалаған атақты француз ғалымы Э.Дюркгейм. Оның осы мәселелерді зерттеуге арнаған «Қоғамдағы еңбек бөлінісі туралы» атты еңбегі бар.
1954 ж. американдық социологтар К.Дэвис пен Р.Мур Дюркгейм тұжырымдамасы негізінде жаңа теория ұсынды. Олардың ойынша ең маңызды қызмет түрлері әлеуметтік жүйе ерекшелігіне сай болады. Сол сияқты барлық қоғамдар үшін маңызды болып табылатын қызмет түрлері де бар. Мыс., діни, басқару, қорғаныс салалары немесе қазіргі қоғамдардағы жаңа технология саласы. Әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы маңызды қызмет түрлерінің жіктелуін көрсетеді.
Конфликтология теориясы өкілдерінің пікірінше әлеуметтік теңсіздік қоғамдық байлықты бақылаушылардың тиімді жағдайының қорытындысы болып табылады. Олардың көзқарастары К.Маркстың таптық теориясына негізделген. Бұл теорияға сәйкес кез-келген қоғамның экономикалық жүйесі біріншісі екіншісін қана отыратын екі қарама-қарсы таптың құрылуына әкеледі. Олар экономикалық ұйымдастыру түрін қоғам өмірінің негізгі аспектісі деп таниды. Осыған сәйкес әрбір қоғамда өнеркәсіп құралдарын иеленген үстемдік етуші тап және өз жеке еңбек күшін сатып күн көретін жалданушы тап болады. Әлеуметтік теңсіздік осы екі тап арасындағы материалдық айырмашылықты көрсетеді.
Неміс социолог-ғалымы М.Вебердің стратификациялық тұжырымы әлеуметтік теңсіздік құрылымдалуына әкелетін үш факторды бөліп шығаруға негізделген. Бұлар: билік, байлық және бедел. Бұл факторлар өзара әрекеттенуі арқылы әлеуметтік теңсіздік құрамдайды. Кейінгі веберлік мектеп зерттеушілері тұжырымдамаларына сәйкес қоғамда саяси билік иеленуге негізделген саяси теңсіздік және адам беделіне (мыс., діни, ғылыми атақтары) негізділген әлеуметтік теңсіздік түрлері болады. Бұл теңсіздіктер әртүрлі нақты жағдайларда көрініс табады. Экономикалық және әлеуметтік теңсіздік тек қоғамның барлық қабаттарында кездесетін болса, саяси теңсіздік тек қоғамның ең жоғарғы қабатында кездеседі.
Американдық социолог Л.Уорнердің стратификациялық тұжырымы қоғам ішіндегі адамдар қарым-қатынастарының өзара бағалауына негізделген. Бұл теорияға сәйкес өзін қай топқа жатқызатындығын қоғам мүшелерінің өздері басқаның және өзінің әлеуметтік жағдайын салыстыру арқылы шешеді. Л.Уорнер американ қоғамында жүргізген социологиялық зерттеу негізінде, американдықтар өз елінде алты түрлі тап бар екендігін мойындағанын көрсетті. Бұл таптар мыналар: 1) Ең жоғарғы тап, бұған өте бай адамдар жатады, бірақ ең басты белгісі дәстүрлі, мұрагерлік байлығы мен ақсүйектік шығу тегі. Бұлар ең алғашқы қоныстанушылардың ұрпақтары. Өз жабық клубтары бар. Әдетте өз меншіктерін басқаруға тікелей қатыспайды. 2) Жоғарғы тап, бұлар да өте бай адамдар, бірақ өз іскерлік қабілеті арқасында жаңа байыған нувориштер. Бұлар әдетте өз меншігін өздері басқарады, қымбат автокөліктер мен бұйымдарды пайдаланып, әрқашан да қоғамдық пікірдің дәл ортасында жүреді. 3) Орта таптың жоғарғы тобы. Бұлар интеллектуалдық еңбекпен айналысатын жоғарғы білімді және жоғарғы кірісі бар іскер адамдар. Бұлардың қатарына атақты өнер қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, заңгерлер, жоғарғы білікті дәрігерлер және жалдамалы басқарушылар – менеджерлер жатады. 4) Орта тап, оларды әдетте «ақ жағалылар» деп атайды. Бұлар ой еңбегімен айналысатын қызметкерлер, мыс., кеңсе қызметкерлері, оқытушылар, хатшылар, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. 5) Орта таптың төменгі тобы, оларды әдетте «көк жағалылар» деп атайды. Бұлар көбіне дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер, мыс., инженер-техник мамандар, жұмысшылар және т.б. 6) Ең төменгі тап, бұлардың қатарына жұмыссыздар, көше сыпырушылар, қаңғыбастар және т.б. қоғамдық жүйеде өз орнын таба алмаған адамдар жатады.
Трейман теориясы жоғарыда келтірілген теориялардың кейбір элементтерін қосады. Ол төрт басты пункттен тұрады: а) барлық қоғамдарда адамдардың базистік тұтыныстары бірдей болғандықтан, оларда еңбек бөлінісінің бірыңғай ұстанымдары байқалады; б) мамандандырылған еңбек бөлінісі кезінде бір адамдар басқаларға қарағанда көп қорларды бақылайды; в) бұл бақылау оларға белгілі бір әлеуметтік-экономикалық артықшылықтар береді; г) билік пен әлеуметтік артықшылықты қамтамасыз ететін кәсіп барлық қоғамдарда да жоғары бағаланады.



  1. Қысқаша қорытынды

Біз қарастырған барлық теориялардың негізгі зерттеу түсінігі әлеуметтік теңсіздік. Олар «әлеуметтік теңсіздіктің негізгі себептері не?» - деген сұраққа байланысты ғана бір-бірінен алшақ кетеді. Ең зор айырмашылық Дэвис-Мур теориясы мен конфликтология теориясы арасында. Егер Дэвис пен Мур әлеуметтік теңсіздік қоғамның өзіндік, табиғи дамуының қорытындысы десе, конфликтология теориясының өкілдері оны статус-кво (күш теңдігі) сақтауға ұмтылған белгілі бір әсерлі күштердің іс-әрекеттерінің нәтижесі деп түсіндіреді.
Адамның таптық жату тегі, оның өмірінің ұзақтығына, отбасылық өмірге және демалыс уақытын өткізуге өз әсерін тигізеді. Бір адамдар басқалардың таптық жату тегін бағалағанда әрқашанда сезімдік (эмоция) тұрғыдан келеді, мыс., қызығады, жек көреді немесе мүсіркеп, аяйды.
Даралық бейімділік (адаптация) деп жеке адамның стратификация жүйесіндегі жағдайының өзгеруін атайды. Ол мына жолдармен іске асырылады: 1) адамның жеке, табиғи қасиеттеріне байланысты; 2) қоғамның әлеуметтік құрылымының қайта ұйымдастырылуы; 3) қоғамның әлеуметтік құрылымының жаңа жүйесінің құрылуы, мыс., төңкеріс (революция) нәтижесінде белгілі бір таптың түгелдей жойылуы.
Сонымен қатар, әлеуметтану ғылымында топтық бейімделу мәселесі де зерттеледі. Бұл белгілі бір нәсілдің не ұлттық қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орнының өзгеруі, мыс., елде титулды ұлтқа айналу.
Адамдардың ұжымдық мүдде тұрғысынан бірігуіне кеселдік келтіретін екі фактор бар. Бұлар: этникалық антогонизм және мүдде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет