ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 2002-2003 ОҚУ ЖЫЛЫ
№
|
Т А Қ Ы Р Ы П
|
Дәріс
|
Семинар
|
1.
|
Кіріспе
|
2
|
2
|
2.
|
Отбасы тарихы
|
2
|
2
|
3.
|
Неке және отбасы түрлері
|
2
|
2
|
4.
|
Отбасының атқаратын қызметтері
|
2
|
2
|
5.
|
Отбасы және меншік
|
2
|
2
|
6.
|
Этикалық құндылықтар және отбасылық нормалар
|
2
|
2
|
7.
|
Отбасындағы егестер және оларды шешу жолдары
|
2
|
2
|
8.
|
Отбасылық тәрбие нысандары
|
2
|
2
|
9.
|
Отбасымен демалу шаралары
|
2
|
2
|
10.
|
Қазақстан Үкіметінің отбасылық саясаты
|
2
|
2
|
|
Барлығы:
|
20
|
20
|
ОТБАСЫ СОЦИОЛОГИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ ЖОСПАРЫ
А Л Ғ Ы С Ө З
Отбасы бастапқы әлеуметтік бірлестік болып табылады. Отбасы қоғам жүйесіндегі ең өзекті құрылым. Өзекті деп аталуының себебі - отбасы қоғамның негізгі құрылыс материалын, яғни өзегін құрайтын болғандықтан шыққан.
Әр қоғамда отбасының әр қилы түрлері бар және олардың ролі мен қызметі де әр қилы болуы мүмкін екені белгілі.
Отбасы ішінде жастайынан бойына сіңірген түсініктер, әдет-ғұрып, мінез-құлық баланың ер жеткен шағындағы азаматтық тұлғасын қалыптастыратын негізгі құндылықтар болып табылады.
Отбасылық өмірдің маңызы біз қоғамдық немесе саяси құрылымды өзгерткіміз келген шақта арта түспек.
Бұл курстың мақсаты студенттерге отбасы құрылымы, неке түрлері, отбасы қызметтері, отбасы және меншік, этикалық құндылықтар және отбасылық ережелер туралы мағлұматтар беру болып табылады.
Сонымен қатар маман-социолог отбасылық өмірді зерттеудің басты қағидаларын игеруі тиіс. Осы және басқа да отбасына қатысты теориялық міндеттерді шешуде көмектеседі.
КІРІСПЕ / 2 сағат/
Отбасы анықтамасы. Отбасылық өмірді зерттеу әдіс-тәсілдері. Отбасы бастапқы әлеуметтік бірлестік ретінде. Қазіргі қоғамдағы отбасы ролі. Отбасының пайда болу негіздері. Адамның өз өмірін біреумен бөлісуге шешім қабылдауы. Дүниеге бала әкелуге шешім қабылдау және оны тәрбиелеуге шешім қабылдау. Отбасы мәселесінің шетелдік әлеуметтану ғылымында зерттелуі. Отбасы құрылымы, қызметтері туралы отандық социологиялық зерттеулер. Отбасы социологиясы пәнінде қамтылатын негізгі теориялық қағидалар мен түсініктер. Пән құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |