БАҚ СОЦИОЛОГИЯСЫ
Т Ү С І Н Д І Р М Е
Азаматтық қоғам өз деңгейінде өмір сүру үшін ақпараттың атқаратын ролі өте қоғамдық қызметтің барлық түрлері өз субъектілері арасында бірқалыпты тұрақты байланыс болуын қажетсінеді және сонымен қатар өзара ақпараттар алмасу қажеттігі де бар.
Соңғы онжылдықтарда БАҚ жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырады. Спутниктік байланыс құралдары, кабельдік теледидар, ақпарат жинау мен болудың жеке құралдары /кассет, дискет, лазерлік диск, принтер, сканер/, ғаламдық компьютерлік жүйелер /интернет/ пайда болды.
Адамдар өздерінің айналасында нелер болып жатқанын білмей тұрып, өздері өмір сүріп отырған қоғам туралы дұрыс пікір қалыптастыра алмайды. БАҚ түрлі көзқарастарды халыққа жеткізудің маңызды құралы болып табылады және ұйымдасқан түрде диалогтар өткізу мүмкіндігін жасайды.
Бұл оқу курсының мақсаты студенттерге БАҚ туралы теориялық түсінік беру. Курста БАҚ хабар таңдау ережелері, адамдар санасын улау тәсілдері, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі және т.б. қазіргі Қазақстан дамуына әсер етуші көптеген мәселелер қамтылған. Курс социология-демография мамандығы бойынша дәріс алушы оқу тобына арналған.
Достарыңызбен бөлісу: