Құрастырғандар



бет10/19
Дата08.11.2016
өлшемі3,67 Mb.
#1301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

5. ОТБАСЫ СОЦИОЛОГИЯСЫ


ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 2002-2003 ОҚУ ЖЫЛЫ




Т А Қ Ы Р Ы П

Дәріс

Семинар

1.

Кіріспе

2

2

2.

Отбасы тарихы

2

2

3.

Неке және отбасы түрлері

2

2

4.

Отбасының атқаратын қызметтері

2

2

5.

Отбасы және меншік

2

2

6.

Этикалық құндылықтар және отбасылық нормалар

2

2

7.

Отбасындағы егестер және оларды шешу жолдары

2

2

8.

Отбасылық тәрбие нысандары

2

2

9.

Отбасымен демалу шаралары

2

2

10.

Қазақстан Үкіметінің отбасылық саясаты

2

2




Барлығы:

20

20

ОТБАСЫ СОЦИОЛОГИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ ЖОСПАРЫ
А Л Ғ Ы С Ө З
Отбасы бастапқы әлеуметтік бірлестік болып табылады. Отбасы қоғам жүйесіндегі ең өзекті құрылым. Өзекті деп аталуының себебі - отбасы қоғамның негізгі құрылыс материалын, яғни өзегін құрайтын болғандықтан шыққан.

Әр қоғамда отбасының әр қилы түрлері бар және олардың ролі мен қызметі де әр қилы болуы мүмкін екені белгілі.

Отбасы ішінде жастайынан бойына сіңірген түсініктер, әдет-ғұрып, мінез-құлық баланың ер жеткен шағындағы азаматтық тұлғасын қалыптастыратын негізгі құндылықтар болып табылады.

Отбасылық өмірдің маңызы біз қоғамдық немесе саяси құрылымды өзгерткіміз келген шақта арта түспек.

Бұл курстың мақсаты студенттерге отбасы құрылымы, неке түрлері, отбасы қызметтері, отбасы және меншік, этикалық құндылықтар және отбасылық ережелер туралы мағлұматтар беру болып табылады.

Сонымен қатар маман-социолог отбасылық өмірді зерттеудің басты қағидаларын игеруі тиіс. Осы және басқа да отбасына қатысты теориялық міндеттерді шешуде көмектеседі.





  1. КІРІСПЕ / 2 сағат/

Отбасы анықтамасы. Отбасылық өмірді зерттеу әдіс-тәсілдері. Отбасы бастапқы әлеуметтік бірлестік ретінде. Қазіргі қоғамдағы отбасы ролі. Отбасының пайда болу негіздері. Адамның өз өмірін біреумен бөлісуге шешім қабылдауы. Дүниеге бала әкелуге шешім қабылдау және оны тәрбиелеуге шешім қабылдау. Отбасы мәселесінің шетелдік әлеуметтану ғылымында зерттелуі. Отбасы құрылымы, қызметтері туралы отандық социологиялық зерттеулер. Отбасы социологиясы пәнінде қамтылатын негізгі теориялық қағидалар мен түсініктер. Пән құрылымы.

  1. ОТБАСЫ ТАРИХЫ /2 сағат/

Отбасы пайда болуына әкелген әлеуметтік факторлар. Отбасының бастапқы құрылымы және некелік қатынастардың реттелуі. Ф.Энгельс зерттеулері. Оның "Отбасы, мемлекет және жеке меншіктің шығуы" еңбегі. Ерте дүниедегі отбасы құрылымы. Ортағасырлық қатал діни ережелердің отбасылық өмірге әсері. Жаңа дәуірдегі азаматтық идеялардың отбасылық құндылықтарға әсері. XVII-XIX ғасырлардағы ақсүйектік құндылықтардың отбасылық көзқарастарға әсері. М.Вебердің "Протестанттық этика және капитализм рухы". Отбасылық құндылықтар мен ережелердің жаңа нарықтық қатынастарға бейімделуі. Жаңа отбасылық құрылымдардың пайда болуы.

  1. НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТҮРЛЕРІ /2 сағат/

Отбасы және неке ұғымдары. Оларды жіктеу туралы шетелдік социологтар еңбектері.

Неке түрлері. Моногамия - бір күйеу мен бір әйелден тұратын неке нысаны. Полигамия - бірнеше даралықтардың бір некеге тұруы. Полигиния - бір ер адамның бірнеше әйел адаммен некеге тұруы. Полиандрия- бір әйел адамның бірнеше ер адаммен некеге тұруы. Полиандрия өте сирек кездесетін құбылыс ретінде зерттелуі.

Отбасы түрлері. Нуклеарлық немесе кәдімгі отбасы - бұл ата-ана мен олардың балаларынан тұратын отбасы. Зайыптық отбасы - бұл тек ерлі-зайыптылардан тұратын отбасы. Кеңейген отбасы - бұл үй иелерінің әке-шешесі, апа-ағасы, іні-қарындасы, ата-әжесі, үйленген балалары қосылған отбасы.


  1. ОТБАСЫНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ / 2 сағат/

Отбасының жеке адамға қатысты, әлеуметтік, экономикалық және т.б. қызметтері.

Жыныстық қарым-қатынастарды заңдастыру қызметі. Отбасының келешек ұрпақты қоғамдағы өмірге дайындау қызметі.

Отбасылық өмір үлгісінің қоғам үшін жағымсыз инцеста, яғни қан араластырушылық сияқты құбылыстарды жоюдағы қызметтері.

Отбасының қоғам қауіпсіздігі жолындағы атқаратын қызметтері.

Адам перзентін қоғамда ғұмыр кешуге дайындау, сөзсіз, отбасының алдында тұрған барынша күш-жігер мен уақытты көп талап ететін күрделі мәселе.


  1. ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕНШІК / 2 сағат/

Отбасы сүйенетін дәстүрлі ережелер патриархалдық болып табылады. Отбасындағы меншік қарым-қатынастары осыған сүйенеді.

Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қарым-қатынастар. Жұбайлар ажырасқан жағдайдағы меншікке қатысты құқықтық ережелер. Қазақстан Республикасы заңдары.

Мұра мәселесі. Ортақ мұра ережелері. Майорат - үлкен ұлдың жылжымайтын мүлікке құқығы. Мұралық құқық теңдігі. Аталық жол - мұраның тек қана ерлер желісі бойынша жүруі.

Бала асырап алу мәселесінің меншік пен мұралық қатынастарға әсері.



  1. ЭТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР /2 сағат/

Этикалық құндылықтар адамның іс-әрекетінің маңызды аспектісі. Адамдардың бір-біріне сыйластығы, төзімділік пен кешірімділік - бақытты ғұмыр жолы.

Этикалық үлгілер, әсіресе отбасылық мінез-құлыққа қатысты қағидалардың әр елде әр түрлі болуы.

Нақты заң ережелері және отбасы ережелері.

Отбасы үшін маңызды екі этикалық құндылық. Жауапкершілік ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың іргетасы. Сенім - отбасы татулығы мен оның беріктігінің негізі.



  1. ОТБАСЫНДАҒЫ ЕГЕСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ /2сағат/

Отбасындағы егестер ұғымы. Отбасындағы егестер шығуының әлеуметтік себептері. Ер адамдар жұмыссыздығы. Мемлекеттің отбасы саясатындағы олқылықтарының әсері.

Отбасындағы егестер шығуының жеке-психологиялық себептері. Сана-сезімдік сәйкессіздік. Жыныстық сәйкессіздік.

Ерлі-зайыптылар араларындағы егестер және оларды шешу жолдары. Меншік мәселелерінің отбасылық егеске әсері.

Ата-аналар мен балалар араларындағы егестер мен оларды шешу жолдары.

Отбасын жоспарлау орталықтары. Олардың отбасылық егестердің алдын алудағы ролі.


  1. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ НЫСАНДАРЫ /2 сағат/

Кез-келген отбасының кез-келген қоғамдағы басты және ең маңызды ролі баланы әлеуметтендіру, яғни оны қоғамда өмір сүруге дайындау.

Педагогикалық әдістер және оларды отбасылық тәрбие үрдісінде қолдану.

Дәстүрлі этникалық құндылықтар және оларды отбасындағы тәрбиеде қолдану.

Діни, моральдық қағидалар мен құндылықтардың отбасы тәрбиесіне әсері.

Ересек адамдардың өмір бойғы серігі болып табылатын құндылықтардың олардың балаларына әсері.

Ерлі-зайыптылар қарапайым өмірлік мінез-құлықтарының бала тәрбиесіне әсері.



  1. ОТБАСЫМЕН ДЕМАЛУ ШАРАЛАРЫ / 2 сағат/

Отбасымен демалу ұғымы. Отбасы демалысын ұйымдастыру әдістері.

Театр, картина галереялары және т.б. зайырлы мәдениет орындарында отбасымен демалу.

Спорттық ойындар мен спорттық шаралардың отбасы демалысында орын алуы.

Табиғи орта мен қоғамдық демалу орындарының отбасы демалысында алатын орны.

Отбасымен демалудың, оның саулығына, беріктігіне, бала тәрбиесіне әсері.

Отбасына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың маңызы. Отбасын мемлекеттік қолдаудағы шетелдік мемлекеттер тәжірибесі.

Қазақстан Үкіметінің отбасын қолдаудағы шаралары. Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер.

Қазақстан Үкіметінің демографиялық саясаты.

Ана мен баланы қорғаудағы Қазақстан Үкіметінің іс-шаралары.

Қазақстан Республикасындағы отбасын әлеуметтік қорғауға байланысты заң актілері.




ОТБАСЫ СОЦИОЛОГИЯСЫ

ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ ЖОСПАРЫ
I. Кіріспе. 2 сағат

  1. Отбасы социологиясына қажеттіліктер пайда болуы.

  2. Отбасы социологиясы Еуропалық ғылыми жүйеде.

  3. Отбасы социологиясының Қазақстанда дамуы.

2. Отбасы тарихы. 2 сағат



  1. Отбасы пайда болу негіздері. Ф. Энгельс зерттеулері

  2. Орта ғасырлардағы отбасылық қатынастар. Дін әсері.

  3. Жаңа дәуірдегі отбасылық қатынастар.

3. Неке және отбасы түрлері. 2 сағат



  1. Некеге отыру түрлері: моногамия және полигамия.

  2. Отбасының дәстүрлі түрлері.

  3. Отбасының жаңа түрлері.

4. Отбасының атқаратын қызметтері 2 сағат.



  1. Отбасының мемлекет өміріндегі ролі.

  2. Отбасының экономика дамуындағы ролі.

  3. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі.

5. Отбасы және меншік 2 сағат.



  1. Жұбайлар арасындағы меншіктік қатынастар.

  2. Ата-аналары мен балалары арасындағы меншіктік қатынастар.

  3. Меншік және неке шарты.

6. Этикалық құндылықтар және отбасылық нормалар. 2 сағат.



  1. Адамгершілік, моральдық құндылықтардың отбасына әсері.

  2. Діни құндылықтар әсері.

  3. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар әсері.

7. Отбасындағы егестер және оларды шешу жолдары. 2 сағат



  1. Отбасылық егес тудыратын мәселелер.

  2. Жұбайлар арасындағы егес және оларды шешу жолдары.

  3. Ұрпақтар қарым-қатынасы мәселелері.

8. Отбасылық тәрбие нысандары 2 сағат.



  1. Отбасылық тәрбие маңызы.

  2. Ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие.

  3. Рациональды құндылықтар және отбасылық тәрбие.

9. Отбасымен демалу шаралары. 2 сағат

1. Отбасымен демалудың бала тәрбиесі үшін маңызы.

2. Отбасымен қоғамдық орындарда демалу.



  1. Отбасымен табиғи ортада демалу.

10. Қазақстан Үкіметінің отбасылық саясаты. 2 сағат



  1. Отбасылық саясаттың негізгі бағыттары

  2. Демографиялық даму мәселелері және отбасылық саясат.

  3. Отбасы саясаты және көші-қон мәселелері.



6. Гендер социологиясы
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р :


  1. Калашникова Н. Репродуктивные права - составляющая прав и свобод человека- "Саясат", 2003, № 8

  2. Ахметжанова Г. К вопросу об опыте гендерного развитич в Казахстане -"Саясат", 2003, № 9

  3. Кикимов Т. О социальном измерении- "Саясат", 2002, № 11, 4 бетте

  4. Сарсембаева Р. Проблемы гендерного насилия в Казахстане- "Саясат", 2002, № 11, 59 бетте

  5. Тажин М. Актуальные вопросы развития социологии в Казахстане- "Саясат", 2003, № 4, 4 бетте

  6. Шаукенова З. Ассоциация социологов Казахстана; становление и перспективы -"Саясат", 2003, № 4, 6 бетте

  7. Есим Г., Биекенов К. Социологическая наука и образование в Казахстане- "Саясат", 2003, № 4, 9 бетте

  8. Гуревич Л. От локальных прикладных исследований к мировой исследовательской индустрии.-"Саясат", 2003, № 4, 11 бетте.

  9. Сейдуманов С. Общественно-политическая ситуация: социологические методы исследований-"Саясат", 2003, № 4, 14 бетте


7. БІЛІМ СОЦИОЛОГИЯСЫ

ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР




Т А Қ Ы Р Ы Б Ы

Дәріс

Семинар

Өздік жұмыс

1.

Кіріспе

2







2.

Білім тақырыбының әлемдік ақыл-ойда зерттелуі

4

2




3.

Әлемдік білім беру жүйелері

2







4.

Қазақстандық бастапқы және орта білім жүйесі

2




2

5.

Қазақстандық жоғарғы білім жүйесі

2

2




6.

Білімнің азаматтық қоғам қалыптастырудағы ролі

2

2




7.

Интерактивтік оқыту жүйесі

4

2




8.

Білім берудегі іскерлік ойындар ролі

2

2




9.

Білім беру жүйесін адамгершіліктендіру

2

2




10.

Білім беру жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі

2

2




11.

Білім беру жүйесіндегі төлелік жаңашылдықты дамыту

4

2




12.

Білім берудегі отбасы ролі

2




2

13.

Білім жүйесін мемлекеттік қолдау

2

2




14.

Білім саласындағы халықаралық байланыстар ролі

2

2







Барлығы:

34

20

4

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р :



  1. Кажымурат К. Реформирование сферы образования РК. -

"Саясат", 2003, № 9

  1. Кикимов Т. О социальном измерении- "Саясат", 2002, № 11, 4 бетте

  2. Тажин М. Актуальные вопросы развития социологии в Казахстане- "Саясат", 2003, № 4, 4 бетте

  3. Шаукенова З. Ассоциация социологов Казахстана; становление и перспективы -"Саясат", 2003, № 4, 6 бетте

  4. Есим Г., Биекенов К. Социологическая наука и образование в Казахстане- "Саясат", 2003, № 4, 9 бетте

  5. Гуревич Л. От локальных прикладных исследований к мировой исследовательской индустрии.-"Саясат", 2003, № 4, 11 бетте.

  6. Сейдуманов С. Общественно-политическая ситуация: социологические методы исследований-"Саясат", 2003, № 4, 14 бетте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет