Құрастырғандар



бет17/19
Дата08.11.2016
өлшемі3,67 Mb.
#1301
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯ


ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

I вариант


  1. Экономикалық әлеуметтану пәні

а/. қоғамның әлеуметтік жіктелуін зерттейді

б/. экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін зерттейді

в/. экономикалық дамудың жалпы заңдарын зерттейді

г/. экономикалық өзгерістерді зерттейді



  1. Экономикалық әлеуметтану пәнінің зерттеу әдістері

а/. анкеттік сұрау әдістері

б/. бақылау әдістері

в/. құжаттарды сұрау әдістері

г/. жоғарыдағылардың бәрі



  1. Адамның қоғамдағы мәртебесі мен оның мүліктік жағдайының өзара байланыстарын тұжырымдаған ойшыл кім ?

а/. О.Конт

б/.Э.Дюркгейм

в/. К.Маркс, М.Вебер


  1. Экономикалық мәдениет дегеніміз не ?

а/. ұлттық құндылықтардың ұрпақтарына берілу үрдісі

б/. экономикалық қарым-қатынастар тәжірибесі

в/. өнеркәсіп орындарын ашу

г/. әр түрлі іскерлік ойындар ұйымдастыру



  1. Еңбеккерді өз еңбегінің жемісіне қызықтыру қажеттігін ғылыми тұжырымдаған зерттеуші кім ?

а/. О.Конт

б/. М.Вебер, Э. Дюркгейм

в/. Т.Парсонс, Р.Мертон

г/. Ф. Тейлор



  1. Адам еңбегін технико-технологиялық құралдармен алмастырудың өнеркәсіптік тиімділігін дәлелдеуге бағытталған ғылыми тұжырым

а/. техноцентристік тұжырым

б/. антропоцентристік тұжырым



  1. Адам еңбегінің биологиялық және әлеуметтік қорларын жұптастырып көрсету қажет

I. биологиялық қорлар А. түсінік, талпыныс, еліктеу

II. әлеуметтік қорлар Б. реакция, ұғымдылық, ысылғандық

а/. I -Б II-А б/. I -А II-Б


  1. Адам денсаулығына әсер ететін санитар-гигиеналық факторлар

а/. өнеркәсіп орнының эстетикалық көркемдеуі

б/. техникалық қауіптілік мүмкіндігі

в/. вибрация, жұмыс орнының ластығы, салқын тиіп ауру қаупі


  1. Еңбеккерді әлеуметтік-психологиялық даралық ретінде зерттеу тұжырымдамасының негізін қалаған кім ?

а/. Н. Смелзер

б/. Э. Мейо

в/. Г. Гарфинкель

г/. Р. Парк



  1. Ф.Тейлордың пікірінше адам өзінің діни, саяси, адамгершілік құндылықтарын

а/. өнеркәсіп қақпасының сыртында қалдыру қажет

б/. кәсіпорын ұжымына белсенді негіздеуге тырысу қажет



  1. Ақысы көп жұмыс іздейтін жұмысшы күшінің еркіндігі мен икемділігінен туындайтын жұмыссыздық қалай деп аталады ?

а/. фрикциялық жұмыссыздық

б/. циклдық жұмыссыздық

в/. құрылымдық жұмыссыздық


  1. Тиісті білімі немесе әзірлігі жоқ еңбек қорларының тым көбеюі әсерінен пайда болатын жұмыссыздық қалай аталады ?

а/. фрикциялық жұмыссыздық

б/. циклдық жұмыссыздық

в/. құрылымдық жұмыссыздық


  1. Әлеуметтік инфрақұрылым дегеніміз не ?

а/. Адам тұтынысын қанағаттандыратын табиғи құрылымдар

б/. Адам тұтынысын қанағаттандыратын жасанды құрылымдар



  1. Әлеуметтік инфрақұрылым термині ғылымға қашан енді ?

а/. Х1Х ғ. аяғы

б/. ХХ ғ. 40-50 ж.ж.

в/. ХХ ғ. аяғы


  1. Адамдардың тұрмыс деңгейі немен анықталады ?

а/. елде салынған құрылыстармен

б/. қоғам мүшелері тұтынатын тауарлармен

в/. елдің қорғаныс қабілетімен

г/. бай адамдардың қайырымдылық істерімен



  1. Қалаларды өнеркәсіптік және тұрғылықты зоналарға бөлу идеяларын тұңғыш көтерген зерттеушілер?

а/. Э. Мейо, Р. Парк

б/. Г. Гарнье, Э. Ховард

в/. Н.Смелзер, Г. Мид


  1. Қала құрылымдаушы факторлар

а/. балабақша, институт, мектеп

б/. өнеркәсіп, байланыс, көлік

в/. әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары


  1. Көші-қон үрдісі қала құрылымына ең алдымен әсер етеді

а/. әлеуметтік егестер туындауына

б/. еңбекке қабілетті тұрғындардың кәсіби құрылымына

в/. демалу, көңіл көтеру орындарының көбеюіне


  1. Ресейде шаруалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу негізін қалаған кім ?

а/. Столыпин Д.А.

б/. Энгельгорут А.Н.

в/. Чернов В.М.


  1. Неміс ғалымы Ф. Теннистің пікірінше ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәдени түсініктері қандай негізде құрылады ?

а/. жалпы адамзаттық, зиялы негізде

б/. дәстүр, салт негізінде



  1. Ауыл тұрғындары арасында шаруашылық жүргізу әдістері негізінен қалай топтасады?

а/. кәсіби бірлік, түсініктік негізде

б/. туыстық, отбасына қажеттілік негізінде



  1. Фермер шаруашылықтың қай түріне жатады?

а/. ұжымдық шаруашылық

б/. мемлекет үлесі бар біріккен шаруашылық

в/. жеке шаруа қожалығы


  1. Жер ерекшелігінің табиғи-жаратылыстық кейпін адам қолымен өзгертіп жетілген өнеркәсіптік, ауылшаруашылық түрге айналдыру қажеттігін жақтайтын теория

а/. консервационизм теориясы

б/. экологизм теориясы

в/. утилитаризм теориясы


  1. Адамдардың ортақ әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін ерікті түрде әлеуметтік бірлікте жұмыс істеуі

а/. тәуелділік

б/. меншік

в/. бәсеке

г/. ынтымақтастық



  1. Адамдардың әлеуметтік өмірі мен мәртебесін үлкен өзгеріске түсіретін, мемлекет меншігіндегі мүліктерді сату үрдісі

а/. инвестиция салу

б/. жекешелендіру

в/. ұжымдастыру

г/. экономикалық қорлану



  1. Социализация үрдісі дегеніміз не ?

а/. адамның мүлік жинауы

б/. адамның оқу-тәжірибе жинауы

в/. қоғамның даму үрдісі


  1. Қоғамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде әйелдер белсенділігін көтеруге бағытталған қоғамдық қозғалыс қалай деп аталады ?

а/. саяси партиялар

б/. азаматтық қозғалыстар

в/. феминистік қозғалыс

г/. қоғамдық саяси ұйымдар



  1. Отбасының экономикалық қызметі

а/. саяси оқиғаларға бірлесіп қатысу

б/. бала тәрбиесі

в/. бірлесіп меншік жинап, шаруашылық жүргізу

г/. бір қызметте істеу



  1. Отбасының қай түрі нарықтық қатынастар жағдайында орын ауыстырып отыруға ыңғайлы?

а/. нуклеарлық отбасы

б/. кеңейтілген отасы



  1. Майорат құқығы нені білдіреді ?

а/. меншіктің кіші ұл балаға мұраға қалуы

б/. меншіктің балалар арасында тең бөлінуі

в/. меншіктің үлкен ұл балаға мұраға қалуы

г/. экономикалық қорлану



  1. Американ социолог-маманның К.Линдблом пікірінше Үкімет көмегіне сүйенген нарықтық-экономикалық жүйе қалай деп аталады ?

а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі

б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі

в/. мемлекеттік кәсіпкерлік

г/. жоспарлы экономика



  1. Трансұлттық корпорация дегеніміз не ?

а/. бір өнім түрін шығаратын ірі фирма

б/. кәсіпорындар одағы

в/. бірнеше елдерде жұмыс істейтін фирмалар бірлестігі


  1. Американ социолог-маманы Киндлебергер шет елдерде жұмыс істейтін кәсіпорындардың үш түрін көрсетті. Осылардың ішінде өзі барған елдің шикізат қорын пайдаланып, тез пайда табуға бағытталғаны қайсысы ?

а/. шет елде жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорын

б/. трансұлттық корпорация

в/. осы елде құрылып, басқа елдермен жұмыс істейтін кәсіпорын
II вариант


  1. Қоғам түрлері мен энергия көздерін жұптастыр

А. қарапайым қоғам I атом энергиясы

Б. дәстүрлі қоғам II жел, су электр күші

В. өнеркәсіпті қоғам III жануарлар күші

Г. постөнеркәсіпті IV адамның қол күші

а/. А-I, Б-II, В-III, Г-IV

б/.А-II, Б-III, В-IV, Г-I

в/. А-III, Б-IV, В-II, Г-I

г/. А-IV, Б-III, В-II, Г-I



  1. Модернизацияның екі түріне тән белгілерді жұптастыр

А. органикалық модернизация

Б. органикалық емес модернизация

I. елдің өз күш-қуатына сүйеніп дамуы

II. елдің сыртқы технологиялық көмек арқасында дамуы

а/. А-I, Б-II

б/. А-II, Б-I



  1. Социологтар пікірінше жаңа идеялар мен технологиялар дамуы үшін, осыған қоғамның қанша пайызы даяр болуы қажет ?

а/. 25%-30%

б/. 15%-20%

в/. 35%-40%


  1. Қоғамның экономика-технологиялық тоқырауға ұшырау үрдісін қандай ұғым бейнелейді ?

а/. прогресс

б/. регресс

в/. эволюция


  1. Бірлесіп шаруашылық құратын адамдар тобы трибтер қандай негізде құрылады ?

а/. әлеуметтік жіктелік негізінде

б/. кәсіби бірлік негізінде

в/. туыстық негізде


  1. К.Маркс формациялық теориясындағы қоғамдарды жіктеу негізіне қандай түсініктер алынған ?

а/. өнеркәсіп тәсілі мен меншік түрі

б/. саяси басқару нысаны

в/. қоғам мүшелерінің саны


  1. Американ социолог-ғалымы К.Кларк экономиканы үш секторға бөлді. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп қай түрге жатады ?

а/. бастапқы

б/. қосымша

в/. жоғарғы


  1. К.Кларк пікірінше сәйкес қызмет көрсету экономиканың қай секторына жатады ?

а/. бастапқы

б/. қосымша

в/. жоғарғы


  1. Американ-социолог ғалымы Д.Белл теориясындағы қарапайым қоғамға тән эгалитаризм нені білдіреді ?

а/. шағын бірлестік

б/. қандас туыстық

в/. саяси, экономикалық, әлеуметтік теңдік

г/. еңбек бөлінісінің жоқтығы



  1. Урбанизация түсінігі нені білдіреді ?

а/. адамдардың бір аймақта орын ауыстыруы

б/. адамдардың басқа аймаққа көшуі

в/. адамдардың ауылдан қалаға көшуі


  1. Экономикалық әлеуметтануда дәстүрлі басқару құрылымы қалай деп аталады ?

а/. сызықтық құрылым

б/. штаб құрылымы



  1. 1970ж. А.Тоффлер енгізген уақытша жұмыс топтарынан тұратын құрылымды басқаруды бейнелейтін термин?

а/. адхократия

б/. бюрократия

в/. меритократия


  1. Экономикалық басқару жүйесіндегі менеджер түсінігі нені білдіреді ?

а/. мемлекеттік кәсіпорынның басшысы

б/. кәсіпорынның белгілі бір бөлігін басқаратын білікті маман

в/. компания мақсатын, стратегиясын жасайтын басшы


  1. Экономикалық басқару жүйесіндегі контрибьютер түсінігі нені білдіреді ?

а/. мемлекеттік кәсіпорынның басшысы

б/. кәсіпорынның белгілі бір бөлігін басқаратын білікті маман

в/. компания мақсатын, стратегиясын жасайтын басшы


  1. Социологтар пікірінше менеджмент ұлт дәстүрімен анағұрлым мықты байланыста болған сайын…

а/. экономика тоқырайды

б/. экономика қалыпты дамиды

в/. экономика эффективті дамиды


  1. Американ социолог-ғалымы Э.Мэйо пікірінше кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастырылуы бұл…

а/. ортақ мақсат

б/. билік жүйесі

в/. қызмет бөлінісі

г/. жоғарыдағының барлығы



  1. О. Шкаратан пікірінше еңбек ұжымында…

а/. ресми қарым-қатынас

б/. бейресми қарым-қатынас

в/. екеуі де болады


  1. Экономикалық қарым-қатынастарда қолданылатын басшылық және бейресми жетекшілік ұғымдарын жұптастыр

А. басшылық

Б. жетекшілік

I адамдарды бағындырудың әлеуметтік-психологиялық үрдісі

II адамдарды бағындырудың әкімшілік құқықтық үрдісі

а/. А-I, Б-II

б/. А-II, Б -I



  1. Американ социолог-ғалымы К.Левин өнеркәсіпте басқарудың үш түрін көрсетті. Бағыныштылар іс-әрекетіне араласпай, оларға стратегиялық бағыт беріп мойындарына жауапкершілік жүктеу басқарудың қай түріне жатады ?

а/. авторитарлық

б/. демократиялық

в/. анархиялық


  1. К.Левин пікірінше бағыныштылар бастамасын қолдау, шешім қабылдауда олармен келісіп отыру басқарудың қай түріне жатады ?

а/. авторитарлық

б/. демократиялық

в/. анархиялық


  1. Орыс социолог-ғалымы А.Кравченко пікірінше әлеуметтік институттардың бес түрі бар. Адамдардың әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздікке тұтынысын қайсысы қамтамасыз етеді ?

а/. отбасы және неке институты

б/. саяси институттар

в/. экономикалық институттар

г/. білім институттары

д/. діни институттар


  1. Адамдардың рухани ізденіске тұтынысын қандай әлеуметтік институт қамтамасыз етеді ?

а/. отбасы және неке институты

б/. саяси институттар

в/. экономикалық институттар

г/. білім институттары

д/. діни институттар


  1. Адамдардың әлеуметтендіру үрдісін қандай әлеуметтік институт қамтамасыз етеді ?

а/. отбасы және неке институты

б/. саяси институттар

в/. экономикалық институттар

г/. білім институттары

д/. діни институттар


  1. Кеңестер Одағында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды жақтаушылар қозғалысы қай уақытта пайда болды ?

а/. 1920 ж.

б/. 1940 ж.

в/. 1960 ж.

г/. 1980 ж.



  1. Еңбек орнында адамға әсер етуші температура, ылғал, жарық берілуі мәселелерін зерттеген социолог кім ?

а/. Ф. Тейлор

б/. О. Шкаратан

в/. А. Файоль


  1. Рекреация термині нені білдіреді ?

а/. еңбек адамына қатысты қолданылатын профилактикалық емдеу шаралары

б/. адамға еңбек қауіпсіздігін түсіндіру

в/. адамды кәсіби даярлау


  1. Американ социолог-маманы К.Линдблом қазіргі экономикалық жүйелердің төрт түрін бөлді. Соның ішінде баға сұраныс арқылы қатал, заңмен реттелетін жүйе қалай аталады ?

а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі

б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі

в/. мемлекеттік кәсіпкерлік

г/. жоспарлы экономика.



  1. Н.Смелзер пікірінше трансұлттық корпорациялар өзі барған елдің мәдени дәстүрін…

а/. мойындайды, қаржыландырады

б/. мойындамайды, жәй демеушілік көрсетеді



  1. Американдық социолог Л.Уорнер пікіріне сәйкес өз еңбегімен байлыққа қол жеткізген меншік иелері мен кәсіпкерлер қай топқа жатады ?

а/. ең жоғарғы топ

б/. жоғарғы топ

в/. жоғарғы-орта топ

г/. орта топ

д/. төменгі топ

е/. ең төменгі топ



  1. Американдық экономист М. Уоттс пікірінше жеке адамның материалдық жағдайының жақсаруына ең алдымен не әсер етеді ?

а/. мемлекеттік әлеуметтік көмек

б/. оның меншігінен түсетін табыс

в/. оның жалақысы


  1. Тұтынушылар табысының орта деңгейі нарықтарда сатылатын тауарлардың бағасының қанша пайызын айқындайды ?

а/. 20%-30%

б/. 40%-50%

в/. 50%-60%


  1. Мемлекет нарықтық экономикадағы бәсекелестікті қандай заң көмегімен қорғайды ?

а/. салықтар туралы заң

б/. кәсіпкерлік туралы заң

в/. монополияға қарсы заң

г/. бюджет туралы заң



  1. Американдық экономист М.Уоттс пікірінше еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар ішіндегі кәсіпорын үшін ең тиімдісі не ?

а/. жас мамандар қабылдау

б/. арзан еңбек күшін пайдалану

в/. өз жұмысшыларын қайта кәсіби даярлықтан өткізу.

III вариант


  1. Экономикалық әлеуметтанудың негізгі зерттеу бағыты

а/. қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

б/. әлеуметтік өмірдің экономикалық аспектілері

в/. саясат пен экономика байланыстары


  1. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми сала ретінде қай елде қалыптасты ?

а/. ХХ ғ. 20-30 жж Кеңестер Одағы

б/. ХХ ғ. 30-40 жж. Европа елдері

в/. ХХ ғ. 50-60 жж. АҚШ


  1. Экономикалық ғаламдастыру мен коммуникация мәселелерін зерттеу экономикалық әлеуметтану дамуының қай кезеңіне тән ?

а/. қалыптасу кезеңі

б/. салыстырмалы макрозерттеу кезеңі

в/ жаңа экономикалық теориялар кезеңі


  1. Төмендегі экономикалық әлеуметтану теориялары мен олардың негізін қалаушы ғалымдарды жұптастыр

А. адамгершілік экономика I К. Паланьи

Б. экологиялық ағым II А. Стингком

В. рационалды әрекет III Дж. Коулмен

Г. социоэкономика IV А. Этциони

а/. А-I, Б-II, В-III, Г-IV

б/. А-II, Б-III, В-IV, Г-I

в/. А-III, Б-IV, В-I, Г-II

г/. А-IV, Б-I, В-II, Г-III



  1. Анкеттік сұрақтағы коммерциялық зерттеу мен әлеуметтік зерттеу айырмашылығы неде ?

а/. коммерциялық зерттеуде жарнама болуы

б/. әлеуметтік зерттеуде сұрақтар көп болады

в/. екеуі де дұрыс

г/. айырмашылығы жоқ



  1. Капиталистік экономикалық жүйенің алғашқы қалыптасу кезеңін зерттеген өте құнды еңбек "Капиталдың" төл иесі кім ?

а/. Ф. Энгельс

б/. К.Маркс

в/. В.Ленин

г/. М. Вебер



  1. Экономикалық-әлеуметтік өмірдегі кәсіпкерге тән ауқымды анықтама қандай ?

а/.өзінің және басқаның қаржысын игеріп, көбейтетін тұлға

в/. мемлекеттік қаржыны игеруші



  1. Американ социолог-ғалымы Н.Смелзер қазіргі АҚШ экономикалық жүйесін қалай деп атады ?

а/. мемлекеттік-монополистік капитализм

б/. корпоративтік капитализм

в/. еркін нарық жүйесі


  1. Американ социолог-маманы К.Линдблом қазіргі экономикалық жүйелердің төрт түрін бөлді. Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жүйе қалай деп аталады ?

а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі

б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі

в/. мемлекеттік кәсіпкерлік

г/. жоспарлы экономика.



  1. Американ социолог-ғалымы Н.Смелзер көрсеткен демалыс уақытын өткізу шараларын жұптастыр

А. байлар I мәдени шараларға көп бару

Б. орташалар II спорттық жарыстарға көп бару

В. кедейлер III көбіне парктерде демалу

а/. А-I Б -II В-III

б/. А-II, Б-III, В-I

в/. А-III, Б-I, В-II



  1. Н.Смелзер пікірінше бүкіләлемдік экономикалық ғаламдастырудағы АҚШ пен Ұлыбритания ролі қандай ?

А. АҚШ I қаржылай қарыз беру басымдығы

Б. Ұлыбритания II тікелей инвестиция салу басымдығы

а/. А-I, Б-II

б/. А-II, Б-I



  1. Американдық социолог Чазе-Дуни пікірінше экономикалық қанауды тежейтін адамдар бірлестігі қандай ?

а/. әлеуметтік топ

б/. саяси партия

в/. кәсіпкерлер бірлестігі

г/. кәсіподақ



  1. Инвестиция ең алдымен өзі салынған елдің қай саласын дамытады ?

а/. әлеуметтік саласын

б/. саяси басқаруды

в/. қызмет көрсету мен коммуникация саласын

г/. мәдени саласын



  1. Американдық социолог Э.Мейо зерттеулерді көрсеткендей еңбек ұжымында орын алатын әлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешу еңбек өнімділігін қанша пайызға өсіреді ?

а/. 3%-8%

б/. 8%-18%

в/. 18%-25%


  1. Орыс социолог ғалымы В.А.Ядов зерттеулері көрсеткендей еңбек өнімділігі үшін ең эффективті қай жас ?

а/. 20-30 жас

б/. 30-40 жас

в/. 40-45 жас

г/. 45 тен жоғары



  1. Халық шығындары мен өндіріс деңгейі төмендеп, ел тоқырауға ұшыраған кезде болатын жұмыссыздық түрі қалай деп аталады ?

а/. фрикциялық жұмыссыздық

б/. циклдық жұмыссыздық

в/. құрылымдық жұмыссыздық


  1. Американ социологтары зерттеулері бойынша, дамыған қоғамдарды ең көп сұранысқа ие еңбек түрлері қандай ?

а/. ауыл шаруашылығы мамандары

б/. өнеркәсіп жұмысшылары

в/. қызмет көрсету аймағындағы кәсіп түрлері


  1. Американдық социолог Браверман пікірінше еңбектен жатсынудың әлеуметтік себебі неде ?

а/. басшыны жек көру

б/. өз еңбегін қажетсіз деп санау

в/. еңбекті әлеуметтік қорғау әлсіздігі

г/. жоғарыдағылардың барлығы



  1. Еңбек ұжымын басқарушыға түсетін психологиялық қиындықтар қандай ?

а/. қарама-қайшы талаптарды шешу

б/. дәлелсіз шешімдер қабылдауға тура келу

в/. қарауындағыларға әсерсіз болу

г/. жоғарыдағылардың барлығы



  1. Социологтар пікірінше өнеркәсіп ұйымында әлеуметтік топтың төрт түрі бар. Адамдардың біліктілігіне қарай топтасуы қай түріне жатады ?

а/. демографиялық

б/. кәсіби

в/. өзара қарым-қатынастық

г/. мақсаттық



  1. Американдық социолог Л. Уорнер жіктеуіне сәйкес қызметкерлер мен білікті жұмысшылар қай топқа жатады ?

а/. ең жоғарғы топ

б/. жоғарғы топ

в/. жоғарғы-орта топ

г/. орта топ

д/. төменгі топ

е/. ең төменгі топ



  1. Осы Л.Уорнер жіктеуіне сәйкес жаңа байыған нувориштер қай топқа жатады ?

а/. ең жоғарғы топ

б/. жоғарғы топ

в/. жоғарғы-орта топ

г/. орта топ

д/. төменгі топ

е/. ең төменгі топ



  1. Американдық социолог С.Берглас енгізген "Жетістік синдромы" қандай ұғым береді ?

а/. кәсіби біліктілік

б/. нарықты сезе білу

в/. кәсіпкерлік авантюра


  1. БҰҰ экономикалық комиссиясы бекіткен кедейлік деңгейі орта ұлттық кірістің қанша пайызын құрайды ?

а/. 30%-50%

б/. 50%-55%



  1. Әлеуметтік-экономикалық байланыстар түрін жұптастыр

А. ұлт I кеңістік байланыс

Б. отбасы II генетикалық байланыс

В. білім III қызметтік байланыс

а/. А-I, Б-II, В-III

б/. А-II, Б-III, В-I

в/. А-III, Б-I, В-II



  1. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың белгілі бір жылдар шеңберін қамтыған экономикалық даму жоспарына қатал бағынуы қандай экономикалық жүйеге тән ?

а/. нарықтық экономика

б/. әкімдік-әміршілдік экономика



  1. Адамдардың қайта кәсіби даярлықтан өтуіне көмектесетін мемлекеттік мекеме…

а/. әлеуметтік қамсыздандыру органы

б/. еңбек биржасы

в/. аймақтық әкімшілік


  1. Экономиканың әлеуметтік себептерін ашуға арналған тұңғыш еңбек 1776 ж. шыққан "Елдер әл-ауқатының табиғаты мен себептерін зерттеу" кітабының төл иесі кім ?

а/. Т.Мор

б/.И.Кант

в/. А. Смит


  1. Үкіметтің нарықтық экономикадағы ролін айқындауға арналған "Ортақ игілік" ұғымы нені білдіреді ?

а/. көптеген адамдар тұтынысы

б/. мемлекет тұтынысы

в/. мемлекет пен азаматтар өмір сүру қажеттіліктері


  1. Қазіргі өркениетті елдерде кеңінен қолданылатын, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экономикалық механизм…

а/. кәсіпорынға айып салу

б/. арнайы экологиялық салық салу

в/. шығарылатын ластаушы зат мөлшері көрсетілген лицензия алу


  1. Экономикалық теорияға сәйкес көптеген елдердің әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай қаржыландырылады ?

а/. мемлекет қаржыландырады

б/. демеушілер қаржыландырады

в/. жоғарыдағы екеуі де


  1. Американдық экономист Роберт М. Данн пікірінше техника-технологиялық жаңалықтар, нарықтық бәсекенің…

а/. дамуына әкеледі

б/. тоқырауына әкеледі



  1. Шетелден технология сатып алу, мамандар шақыру, инвестиция тарту мен кредиттер алу модернизацияның қай түріне тән ?

а/. органикалық модернизация

б/. органикалық емес модернизация



  1. Елдің жекелеген салаларына кезек-кезектен бірқалыпты, тұрақты өзгерістер енгізу қоғамдық даму үрдісінің қай түріне тән ?

а/. революция

б/. реформа

в/. модернизация

ӘЛЕУМЕТТАНУ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1 вариант

1. Әлеуметтанудың жеке ғылым саласы ретінде негізін қалаған ойшыл кім ?

а/. М. Вебер

б/. Э.Дюркгейм

в/. О.Конт

г/. Г.Спенсер



  1. О. Конттың пікірінше, қазіргі уақытта адамзат ақыл-ойы өз дамуының қай кезеңін бастан кешіруде ?

а/. теологиялық кезең

б/. метафизикалық кезең

в/. позитивтік кезең


  1. Ломбер Кетле пікірінше әлеуметтік құбылыстар.

а/. жаңадан пайда болып отырады

б/. қайталанып отыру заңдылығына ие



  1. Д.С. Милль пікірінше әлеуметтік қарым-қатынас.

а/. кездейсоқ әрекеттер жиынтығы

б/. адамдар ұйымдарының саналы әрекеттері

в/. жеке адамдар байланыстары


  1. Г.Спенсер пікірінше қоғам дамуы қандай циклдерден тұрады ?

а/. даму мен күйреу

б/. үздіксіз даму

в/. жағырафиялық орын алмасу


  1. К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формация теориясына сәйкес адамзат қоғамы дамуының ең шыңы қай формация ?

а/. алғашқы қауымдық

б/. құл иеленушілік

в/. феодалдық

г/. капиталистік

д/. коммунистік


  1. Л. Гумплович тайпаларды әлеуметтік топтардың қай түріне жатқызды ?

а/. күрделі

б/. қарапайым



  1. Г. Ратценхофер ойынша қоғамның үрдістерді реттеуші фактор не?

а/. топтық мүдде

б/. мемлекет мүддесі

в/. адамның ішкі мүддесі


  1. У. Самнер пікірінше әлеуметтік теңсіздік…

а/. әлеуметтік күрес нәтижесі

б/. қоғамның жаратылыстық жағдайы

в/. кейбір адамдар жалқаулығының нәтижесі


  1. А.Смолл пікірінше әлеуметтік егестердің бастапқы тасушылары…

а/. мемлекет пен оның органдары

б/. әлеуметтік топтар мен институттар

в/. жеке адамдар


  1. Л.Уорд пікірінше адамға тән негізгі әлеуметтік сұраныс…

а/. рахат алуды күшейту мен қасіретті азайту

б/. ұйымдасып өмір сүруге бейімділік

в/. басқаларды аяу мен қолдау


  1. Ф.Гиддинс пікірінше әлеуметтік мінез-құлықты қоғамдағы басқа саяси, экономикалық, діни мінез-құлық түрлерінен ерекшелендіретін сана, бұл…

а/. құқықтық сана

б/. саяси сана

в/. ру, туыстық сана

г/. қоғамдық сана



  1. У.Мак-Дугалл енгізген сыртқы әлеуметтік орта өзгерістеріне адам реакциясын көрсететін ұғымды көрсет

а/. афференттік /қабылдаушы/ арна

б/. эфференттік /қозғаушы / арна



  1. Француз социолог-ғалымы Ф. Тард ойынша тарихи үрдістің қозғаушы күші болып табылатын жойылмайтын психикалық ұмтылыс…

а/. еліктеу

б/. қабылдау

в/. сену

г/. жақсы көру



  1. Француз социолог-ғалымы Г.Лебон ойынша еуропа қоғамында тобыр белсенділігі кезеңі қай уақытта қалыптасты ?

а/. Х1Х ғ басы

б/. Х1Х ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы

в/. ХХ ғ. екінші жартысы


  1. Психосұрыптау теориясының негізін қалаушы З.Фрейд адам дамуындағы екі ғаламдық инстинктті көрсетті. Агрессия, өлім, жою инстинктісін қалай деп атады ?

а/. эрос

б/. танатос



  1. З.Фрейд ойынша адамдарды бірлесіп өмір сүру ережелерін /мыс: құқық, мораль/ жасауға мәжбүр еткен сезім не ?

а/. кінә мен қорқыныш сезімі

б/. басқаларды құрметтеу сезімі

в/. сүйіспеншілік пен пайда сезімі


  1. З.Фрейд жауыздық, қирату мен күш қолдануға санасыз ұмтылатын адамдар тобын қалай деп атады ?

а/. тобыр /толпа/

б/. бұқара /масса/



  1. В.Парето ойынша адам өмірінде ақыл мен сезімнің қайсысы басты болады ?

а/. ақыл басты

б/. сезім басты



  1. В.Парето адамдардың өз шыни мақсаттары мен іс-әрекеттерін идеология көмегімен жасыруын қалай деп атады ?

а/. деривация

б/. манипуляция

в/. резидум


  1. Неміс социолог-ғылыми В.Дильтея қоғамның рационалды /пайда/, мақсатты дамуына күмән келтірді. Себебі…

а/. адамзат дамуы сезімдік факторларға негізделген

б/. адамзат дамуы қасиетті күштер әсерінен

в/. адамзат дамуын бақылау мүлдем мүмкін емес


  1. Екі ұлы ойшыл К.Маркс пен Г.Зиммель адамның өз еңбегінен жатсыну /отчуждение/ құбылысын зерттеді. Олардың пікірін жұптастыр

А. К. Маркс I жатсыну мәдени-психологиялық үрдіс

Б. Г.Зиммель II жатсыну әлеуметтік-экономикалық үрдіс

а/. А-I, Б -II

б/. А-II, Б-I



  1. Неміс социолог-ғалымы Ф.Теннистің тарихи үрдіс тұжырымдамасы ұғымдарын жұптастыр

А. қауым I шарт, саясат, қоғамдық пікір

Б. қоғам II келісім, дәстүр, дін

а/. А -I, Б-II

б/. А-II, Б-I



  1. Л.Фон Визер әлеуметтік құрылымдардың төрт тобын бөліп шығарды. Мемлекет, шіркеуді осы топтардың қайсысына жатқызды ?

а/. нақты тобыр

б/. абстрактылы тобыр

в/. әлеуметтік ұжым

г/. абстрактылы ұжым



  1. Француз социолог-ғалымы Э.Дюркгейм қоғам түсінігін зерттеуде екі ағым тудырды. Осыларды жұптастыр.

А. натуралистік ағым I қоғам табиғат бөлшегі

Б. әлеуметтік реализм II қоғам өз алдына жеке, табиғат еркінен тыс пайда болған құрылым

а/. А-I, Б-II б/.А-II, Б-I

26. Э. Дюркгейм пікірінше барлық қоғамдарда кездесетін қылмыс бұл адамзат жай-күйінің…

а/. қалыпты жағдайы

б/. шектен шыққан өрескелдік

в/. өте кауіпті ағым


  1. Неміс социолог-ғалымы М.Вебер анықтамасына сәйкес әлеуметтану бұл…

а/. қоғам, әлеуметтік құрылымды зерттейді

б/. мемлекет, адамдар ұйымдарын зерттейді

в/. адамдар мінез-құлқының бастамасы үлгілі түрлерді зерттейді


  1. М.Вебер пікірінше әлеуметтік әрекеттің ең басты екі белгісі қандай ?

а/. күш қолдану мен сендіру

б/. үгіттеу мен назар аудармау

в/. субъективті мағына мен басқаларға бағытталу


  1. Орыс социолог-ғалымы П.Сорокин әлеуметтану ғылымын үш теориялық бөлікке бөлді. Соның ішінде қоғамдық өмір эволюциясы теориясын зерттеу бөлімі қайсысы ?

а/. әлеуметтік сұрыптау

б/. әлеуметтік механика

в/. әлеуметтік генетика


  1. ХХ ғ. пайда болған эмпириялық әлеуметтану екі ағымға бөлінеді. Біреуінің мақсаты қоғам өмірінің жекелеген аймақтары турасында ғылыми білім жүйесін жасау. Осы мақсат қай ағымға тән ?

а/. академиялық ағым

б/. қолданбалы ағым



  1. Американ социологтар У.Томас пен Ф.Знанецкий жеке адам типологиясын жасады. Жеке бастамалары бір-бірімен әлсіз байланысқан, өз тұғыры жоқ адамды қай түрге жатқызды ?

а/. мещанин

б/. богем

в/. интеллект


  1. Р.Парк пікірінше адамның көш-қон /миграция/ үрдісі қоғамдық тәртіптердің қай түріне жатады ?

а/. саяси

б/. экономикалық

в/. экологиялық


  1. Қазіргі заманғы қай әлеуметтанулық теория ірі қалалар мен қала жүйелерін адамдардың биологиялық, мәдени, шаруашылық ерекшеліктері ескерілген биотикалық зоналарға бөлуді ұсынды ?

а/. функционализм теориясы

б/. символикалық интеракционизм

в/. чикаго мектебі

г/. айырбас теориясы


2 вариант

1. О.Конттың пікірінше әлеуметтанудың қоғамдық өзгерістер мен құбылыстарды зерттейтін бөлігі қалай деп аталады ?

а/. әлеуметтік статика

б/. әлеуметтік динамика



  1. О.Конттың пікірінше әлеуметтік құрылымның ең бастапқы негізі не ?

а/. отбасы

б/. топ


в/. тап

  1. О.Конт билік бөлінісін қалай көрсетті ?

а/. заң шығару мен атқару билігі

б/. зиялы мен діни билік

в/. заң шығару, атқару, сот биліктері


  1. Л.Кетле пікірінше әлеуметтік жағдайға тұрақты әсер етуші факторлар қалай деп аталады ?

а/. әлеуметтік константтар

б/. кездейсоқ факторлар

в/. орталық ағым


  1. Г.Спенсер пікірінше адамдардың бірлескен өмірінің өзін-өзі ұйымдастыру механизмдері …

а/. мемлекет бойында жинақталады

б/.әлеуметтік институттарда жинақталады

в/. жеке адамдар өзара байланысында пайда болады


  1. Г.Спенсер пікірінше мемлекет құрған күш не ?

а/. адамдар ұйымдасуы

б/. соғыс пен еңбек

в/. адам санасының дамуы


  1. К.Маркс пікіріне сәйкес адамзат дамуының бір формациядан екіншіге алмасу қорытындысы неде ?

а/. өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылық

б/. саяси тоқырау

в/. басқа дамыған ел жаулап алуы


  1. Л. Гумплович пікірінше мемлекет…

а/. қоғамдық шарт нәтижесінде құрылды

б/. жаулап алу нәтижесінде құрылды

в/. отырықшылық өмірге көшу нәтижесінде құрылды


  1. Г. Ратценхофер адамның өз тұқымын жалғастыру мен қорғау мүддесін қалай деп атады ?

а/. әлеуметтік мүдде

б/. жеке мүдде

в/. прокреативтік мүдде

г/.трансценденттік мүдде



  1. У.Самнер ойынша қоғам дамуының рухани негізі неде ?

а/. жеке адамдар түсініктері

б/. ұлттық әдет-ғұрыптар

в/. жалпы адамзаттық құндылықтар


  1. Әлеуметтік үрдістердің қоғамдық сана ықпалымен туып, дамығандығын жақтайтын тұжырым қалай деп аталады ?

а/. жеке-даралық тұжырымы

б/. топтық тұжырым

в/. социетарлық тұжырым


  1. Л.Уорд шығармашылық рухты, жаңалыққа бейімділікті өркениеттің психикалық факторларының қай тобына жатқызды ?

а/. субъективті факторлар

б/. объективті факторлар

в/. әлеуметтік синтез факторлары


  1. Ф.Гидденс теориясының төмендегі ұғымдарын жұптастыр:

А. саналы күш I объективті-табиғи фактор

Б. санасыз күш II субъективті-психологиялық фактор

а/. А-I, Б-II б/. А -II Б-I


  1. Ағылшын социолог-ғалымы У.Мак-Дугалл адам негізгі инстинктері мен сезімдерінің қанша жұбын бөліп шығарды ?

а/. екі жұп

б/. бес жұп

в/. жеті жұп


  1. Ф.Тард пікірінше соқыр сенім, қызбалық, жалған мақсат төмендегі адамдар тобының қайсына тән ?

а/. бірлестік

б/. әлеуметтік топ

в/. тап

г/. тобыр



  1. Г.Лебон пікірінше адам іс-әрекетінің жасырын қоздырушыларын /инстинкті әрекеттер/ не қалыптастырады ?

а/. теориялық оқып-үйрену

б/. қолданбалы тәжірибе жинау

в/.мұрагерлік әсер


  1. З.Фрейд теориясына сәйкес адам өмірі үздіксіз күрес…

а/. байлар мен кедейлер арасындағы

б/. адамның жеке ойы мен қоғамдық пікір арасындағы

в/. жыныстық қанағат алу мен моралдық шектеу арасындағы


  1. З.Фрейдтің атақты либидо түсінігі, бұл…

а/. сана-психикалық энергия

б/. жыныстық-психикалық энергия

в/. әдет-психикалық энергия


  1. Баланың өз анасына санасыз, жыныстық сезімін З.Фрейд қалай деп атады ?

а/. Ахиллес комплексі

б/. Эдип комплексі

в/. Зевс комплексі


  1. Италия социолог-ғалымы В.Парето пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми сала болуы тиіс

а/. теориялық

б/. логика-эксперименттік

в/. қолданбалы-тәжірибелік


  1. В.Парето барлық әлеуметтік әрекеттерді екі топқа бөлді. Саясат, экономика, ғылыми аймақтардағы мақсат пен оны іске асыру құралдары бірлігіне негізделген әлеуметтік әрекеттер қай топқа жатады

а/. логикалық әрекеттер

б/. логикаға сыйымсыз әрекеттер



  1. Әлеуметтік өмірдегі ақша ролі мен қызметін зерттеуге арналған тұңғыш еңбек "Ақша философиясының" авторы кім ?

а/. В. Дильтея

б/. Г. Зиммель

в/. Г.Лебон


  1. Ф.Теннис пікірінше адам еркінің екі түрі бар. Соның бірі адамдар қарым-қатынасына жағдай жасайды. Сол қайсысы ?

а/. жаратылыстық ерік

б/. саналы ерік



  1. Неміс социолог-ғалымы Л.Фон Визер пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми салалармен тығыз байланысты дамуы тиіс ?

а/. экономика, тарих /әлеуметтік ғылымдар/

б/. психология, биология /жаратылыстық ғылымдар /



  1. Э.Дюркгейм ойынша жаңа заманда адамдардың ұжымдық сана-сезімі біртұтастығын әлсірететін басты фактор не ?

а/. діннің әлсіреуі

б/. көптеген идеологиялық ағымдардың пайда болуы

в/. еңбек бөлінісінің дамуы


  1. Э.Дюркгейм қолданған аномия ұғымы нені білдіреді ?

а/. адамдар мінез-құлқын реттеудің адамгершілік, моральдық механизмдерінің болмауы

б/. адамдар мінез-құлқын реттеудің құқықтық механизмдерінің болмауы

в/. адамдар мінез-құлқының күшпен реттелуі


  1. М.Вебер әлеуметтік әрекеттің төрт түрін көрсетті. Келесі анықтама: "Сыртқы ортадан белгілі бір мінез-құлық түрін күту және бұл күтілісті өз мақсатына жету құралы ретінде пайдалану" қайсысына тән ?

а/. мақсатты-рационалды

б/. құнды-рационалды

в/. аффективтік

г/. дәстүрлі



  1. М. Вебердің келесі анықтамасы: "Этикалық құндылықтарды бастамаға алып, өз мінез-құлқын басқалармен үйлестіру" әлеуметтік әрекеттің қай түріне тән?

а/. мақсатты-рационалды

б/. құнды-рационалды

в/. аффективтік

г/. дәстүрлі



  1. М.Вебер пікірінше өнеркәсіпті қоғамның дәстүрлі қоғамнан басты айырмашылығы неде ?

а/. формалды-рационалды ойлау бастамасының болуы

б/. өндіріс орындарының болуы

в/. жетілген басқару нысаны мен әлеуметтік құрылымның болуы


  1. П.Сорокин пікірінше әлеуметтік үрдістер мен өзгерістерді әлеуметтанудың қай бөлімі зерттеуі тиіс ?

а/. әлеуметтік сұрыптау

б/. әлеуметтік механика

в/. әлеуметтік генетика


  1. Чикаго мектебі социологтарының пікірінше әлеуметтік жағдай өзіне үш өзара байланысты элементті қосады. Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар осылардың қайсысына жатады ?

а/. объективті жағдайлар

б/. жеке адам мен топ бастамасы

в/. әрекет істеуші тұлғаның жағдайды пайымдауы


  1. Т.Парсонс пікірінше пайда болған жағдайды шешуге сәйкес екі қызмет түрі болады. Біреуі тұтынысты қанағаттандырып, бір стандартты мінез-құлық түрін беруге бағытталған. Осы қызмет түрі қалай деп аталады ?

а/. мотивациялық қолдау

б/. мінез-құлық мүмкіндіктері



  1. Г.Маркузе пікірінше революциялық күш-қуаты мол әлеуметтік топ, бұл…

а/. жұмысшылар

б/. маргиналдар

в/. діндарлар
3 вариант


  1. О. Конттың пікірінше пайдалы ойлау желісінің пайда болуы адамзат ақыл-ойы дамуының қай кезеңіне тән ?

а/. теологиялық кезең

б/. метафизикалық кезең

в/. позитивтік кезең


  1. О.Конт әлеуметтанулық зерттеу әдістерінің қайсысының болашағы зор деп дәлелдеді ?

а/. анкеттік сұрақ

б/. эксперимент

в/. құжаттарды сұрыптау

г/. бақылау



  1. Д.С. Милль пікірінше әлеуметтік қарым-қатынастарда не бастама болып табылады ?

а/. адамның жаратылыстық-табиғи қасиеттері

б/. әлеуметтік орта тәрбиесі



  1. Г.Спенсер пікірінше адамның биологиялық және психологиялық ерекшеліктері қоғамдық даму факторының қай тобына жатады ?

а/. бастапқы факторлар

б/. қосымша факторлар

5. К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын қандай екі тапқа жіктеді ?

а/. жоғарғы, орта, төменгі тап

б/. қанаушылар мен қаналушылар

в/. тектілер мен тексіздер



  1. К.Маркс пен Ф. Энгельс пікірінше қоғам, адам үшін ең сәтті басқару формасы қандай ?

а/. республикалық басқару

б/. пролетариат диктатурасы

в/. монархиялық басқару


  1. Л. Гумплович ойынша әлеуметтік егестер…

а/. адамдардың табиғи жағдайы

б/. материалдық қажеттілігін қанағаттандыру

в/. рухани қажеттігін қанағаттандыру


  1. Г.Ратценхофер нәсілдердің өмір үшін күресін қалай бағалады ?

а/. адамзаттық жануарлық инстинктерінің белең алуы

б/. қалыпты әлеуметтік үрдіс

в/. еуропалық нәсілдердің өз үстемдігін іске асыруы

9. У.Самнер ойынша қоғам дегеніміз…

а/. бақталас топтар конгломераты

б/. адамдар бірлестігі

в/. әлеуметтік құрылым мен жіктеліс.


  1. Л.Уорд барлық адамзат эволюциясының ең шыңы болып табылатын биологиялық және әлеуметтік жетістікті қалай деп атады ?

а/. социогения

б/. гендік инженерия

в/. гендерлік теңдік


  1. У.Мак-Дугалл пікірінше адамның "мен", "өзім" деген түсініктерін қалыптастыратын сезім?

а/. сүйіспеншілік сезім

б/. эгоистік сезім

в/. қорқыныш сезімі

г/. қызығушылық сезімі



  1. Г.Лебон тұжырымына сәйкес тобырда адам жеке қасиеттерін …

а/. сақтайды

б/. жаңа деңгейге көтереді

в/. жоғалтады


  1. Г.Лебон ойынша бір мезгілдей жалпы халық сүйіспеншілігі мен жауыздығы, халық сенімі мен сенімсіздігі қай құрылысқа тән ?

а/. капиталистік

б/. социалистік

в/. феодалдық


  1. З.Фрейд ойынша адам өмірінде үш ұстаным болады, соның ішіндегі ең басты әлеуметтік-психикалық ұстаным не ?

а/. тұрақтылық ұстанымы

б/. қанағат алу ұстанымы

в/. шындық ұстанымы


  1. З.Фрейд пікірінше адамның жыныстық энергиясын өз өмірінің сан салаларына бөлінуіне, сөйтіп оның қоғамда жетістікке жетуіне көмектесетін сақтау механизмі қалай деп аталады ?

а/. сублимация

б/. регрессия

в/. проекция

г/. рационализм



  1. В.Парето пікірінше қоғамда үлкен жетістікке жеткен адамдардың екі тобына екі кәсіпкерлік қасиет тән. Осыларды жұптастыр.

А. түлкілер I алыпсатар

Б. арыстандар II рантье

а/. А - I Б- II

б/. А-II Б- I



  1. В.Парето пікірінше адамдар санасын басқару, өзгерту /манипуляция/ қасиеттері адамдар бірлестігінің қайсысына

тән ?

а/. әлеуметтік топ

б/. мүдделік топ

в/. элита



  1. Г.Зиммель жекелеген әлеуметтік зерттеулерді әлеуметтік құндылықтарға айналдырып қоғам өмірінде қолданысқа келтіретін білім аймағын қалай атады ?

а/. әлеуметтік теориялар

б/. әлеуметтік метафизика



  1. Э. Дюркгейм өз діни тұжырымдарында құдайды…

а/. барлық діндерді біріктіруші ретінде бағалады

б/. діни жүйенің басты негізі ретінде жоққа шығарды

в/. барлық адамзатқа біреу болу қажеттігін көрсетті


  1. Э.Дюркгейм ойынша адамның биологиялық жаратылысы, оның әлеуметтік жаратылысымен…

а/. қарама-қайшылықта болады

б/. жұптастық, білестікте болады

в/. бір-бірінен бөлек дамиды


  1. М.Вебер түсінігі бойынша саяси басшылардың заңды үстемдігін қамтамасыз ететін басқару аппараты, бұл…

а/. меритократия

б/. бюрократия

в/. номенклатура


  1. М.Вебер саяси үстемдікті үш түрге жіктеді. Соның ішіндегі барлығы үшін пайдалы мақсаттарды іске асыру үшін, бір-бірімен келісіп жұмыс істеуге негізделген саяси үстемдік түрі қандай ?

а/. дәстүрлі үстемдік

б/. харизматтық үстемдік

в/. заңды үстемдік


  1. М.Вебер пікірінше өркениетті қоғамдарға діни табыну рәміздерінің қандай түрі тән ?

а/. аскеттік-әрекеттік

б/. мистика-табынушылық

в/. интеллект-догматтық


  1. П.Сорокин ойынша адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастарға түсуіне әсер ететін факторлар жүйесі үш комплекске бөлінеді. Аштық, қанағатсыздық, жыныстық қажеттілік және т.б. осы комплекстердің қайсысына жатады ?

а/. санасыз рефлекстер

б/. биосаналы реттеушілер

в/. социосаналы реттеушілер


  1. П.Сорокин пікірінше танып-білу іс-әрекеттері қорытындысында пайда болатын құндылық не ?

а/. ақиқат

б/. әдемілік

в/. қайырымдылық

г/. пайда



  1. Т.Парсонс жеке адамдардың қоғамдық жүйеде атқаратын қызметтерін қандай ұғыммен белгіледі ?

а/. әлеуметтік мәртебе

б/. әлеуметтік рол

в/. әлеуметтік әрекет


  1. Американ социолог-ғалым Ю.Хабермас әлеуметтік танымның үш түрін көрсетті. Адамзат қарым-қатынасы барысында мақсаттар мен құндылықтар жасауға бағытталған таным түрін қалай деп атады ?

а/. техникалық таным

б/. қолданбалы-тәжірибелік таным

в/. эмансипация-байланыстық таным


  1. Американ социолог-ғалымы Ч.Р.Миллс өзінің "Билік етуші элита" еңбегінде билік етуші элитаға қандай анықтама берді ?

а/. тек саяси басқару

б/. саяси және экономикалық элита одағы

в/. өнеркәсіптік, саяси, әскери-бюрократиялық элита одағы


  1. Неміс социолог-ғалымы Р. Дарендорф пікірінше әлеуметтік жанжалдардың қозғаушы күші не болып табылады ?

а/. экономикалық қатынастар

б/. әлеуметтік қатынастар

в/. саяси қатынастар


  1. Социология ғылымына адам бойындағы агрессивті мінез-құлықты зерттеу бағыты "драйв" терминін енгізген теориялық бағыт қалай деп аталады ?

а/. фрустрация-агрессия теориясы

б/. әлеуметтік агрессия теориясы

в/. әлеуметтік әсер теориясы

г/. агрессияны әлеуметтік түсіндіру теориясы



  1. Швейцар социолог-ғалымы К.Юнг адам санасының құрылымын төрт түрге бөлді. Адамзат ата-бабасының өмірді, адам мәні мен құдай мәнін түсінудегі ақыл-ойы адам санасының қай бөлігін құрайды ?

а/. жеке саналы істер бастамасы

б/.ұжымдық саналы істер бастамасы

в/. жеке инстинкті істер бастамасы

г/. ұжымдық инстинкті істер бастамасы



  1. Американ социолог-ғалымы К.Хорни әлеуметтік өмірдегі адам мінез-құлқы моделінің үш түрін көрсетті. Өзін қорғау мен қауымға жататындығын дәлелдеу ережелерін ұстанатын мінез-құлық түрі қалай деп аталады ?

а/. адамдарға ұмтылыс сезімі

б/. адамдардан қашу сезімі

в/. адамдарға қарсы тұру сезімі


  1. Американ социолог-ғалымы Дж. Морено әлеуметтік зерттеу қорытындыларын сан және графика түрінде көрсетуді қандай терминмен белгіледі ?

а/. социометрикалық тест

б/. социометрия

в/. социограмма


  1. Американ социолог-ғалымы Т.Веблен пікірінше ғылыми элита және басқару элитасының идеологиясына айналған құндылықтар жүйесі, бұл…

а/. либерализм

б/. технократизм

в/. консерватизм

г/. социализм



  1. ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНЕН ЖАЛПЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. 1. А.И.Кравченко. Основы социологии М. 2000 г.

  2. 2. А.И.Кравченко. Введение в социологию. М. 1995 г.

  3. 3. А.И.Кравченко. Основы социологии .Екатеринбург. 1999 г.

  4. 4. Казаринова Н.З., Филатова О.Г., Хренов А.Е. Социология М. 2000 г.

  5. 5. Казаринова Н.В. Филатова О.Г., Хренов А.Е.. Практикум по социологии. М. 2000.

  6. 6. Как провести социологическое исследование. М. 1990.

  7. 7. Методические разработки по дисциплине «Социология». Алматы.2000.

  8. 8. Икенов А.И., Марков Н.В. Социология рыночных отношений. Алматы. 2000.

  9. 9. Ионин Л.Г. Социология культуры: путь в новое тысячелетие. М. 2000.

  10. 10. История социологии. Под. Ред. Елсунова А.Н. Минск. 1997.

  11. 11. Соколова Г.Н. Экономическая социология. Минск 1998.

  12. 12 . Бутенко И.А. Анкетный опрос как общение социолога с респондентами. М. 1989.

  13. 13. Питер Л. Бергер. Приглашение в социологию. М. 1996.

  14. 14. Волков Ю.Г., Мостовая И.В. Социология М. 2001.

  15. 15. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы. 1997.

  16. 16. Баразгова Е.С. Американская әлеуметтану. Бишкек 1997.

  17. 17. М. Тәжин, Б. Аяғанов. Социология негіздері. Алматы. 1993.

  18. 18. В. Харчева. Основы социологии. М. 2000.

  19. 19. Фролов С.С. Социология. М. 2000.

  20. 20. Ж. Тощенко. Социология. М. 2000.

  21. 21. М.Тажин, М.Тажимбетов. Региональная әлеуметтану. Алматы. 1993.

  22. 22. Э.В. Тадевосян. Социология. М. 1998.

  23. 23. Социология. Под. Ред. В.Н. Лавриненко. М. 2000.

  24. 24. Социология. Под. Ред. В.Н. Лавриненко М. 1998.

  25. 25. Социально-гуманитарное пространство: проблемы и суждения. Под. Ред. Шинтемировой Б.Г. Уральск, 1998.

  26. 26. Социология. Под. Ред. Осипова Г.В. М. 1990.

  27. 27. Радугин А.А., К.А. Радугин Социология. М. 1997.

  28. 28. А.А. Радугин, К.А. Радугин. Социология. М. 2001.



  29. 29. В.В. Радаев, О.И. Шкоратан Социальная стратификация. М. 1996.

  30. 30. Основы социологии. Под. Ред. Эфендиева А.Г. часть 1-2 М. 1994.



Әлеуметтану пәні бойынша кредиттік оқу технологиясына арналған силлабус (үлгі).

Мамандық: Экономика, маркетинг, менеджмент, жергілікті мемлекеттік басқару, қаржы, есеп және аудит

Кредит саны: 1 кредит

Оқытушы: Шайхиев Тұрар Төлегенұлы

Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы, № 4 оқу ғимараты, 203 кабинет, тел 503807 /20/



Алдыңғы талап: Мәдениеттану, психология, Қазақстан тарихы, азаматтану, құқық негіздері, эстетика және т.б. қоғамдық пәндерді орта мектеп бағдарламасы деңгейінде білу.

Курс айқындамасы: Әлеуметтану 19 ғ. екінші жартысынан бастап қалыптасқан әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми сала. Бұл әлеуметтік әлем және жеке адамдар араларындағы әлеуметті байланыстарды зерттейтін ғылым. Адамзаттың түйінді мәселелері күрделене түскен сайын даралықтың адам мен әлеуметтік өмір туралы білімнің маңызы өсе түседі. Әлеуметтану қазіргі заманғы күрделі әлеуметтік институттар, жүйелер туралы түсінік беріп қоғам дамуын, беріктігі мен тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.

Курс мәні мен мақсаты : Студенттердің қажетті білім мөлшерін алуы, пәні әдістемесі мен тәсілдерін игеру, болашақ мамандардың айналадағы әлеуметтік өмірді ғылыми тұрғыдан бағалай білуі, әлеуметтік өзара қарым-қатынас пен даму ерекшеліктерін білу, әлеуметтік институттар, топтар мен қауымдар ерекшеліктерін білу, адамның әлеуметтік шындықты түсіне және бағалай білуі.

Курс соңында білуіңіз қажет: Әлеуметтік құбылыстар пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік даму факторларын, әлеуметтік өзара байланыс нысандарын.

Курс соңында атқара білуіңіз қажет: Социологиялық әдістерді пайдалана отырып, нақты әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Түсінік алуларыңыз қажет: Қоғамды сұрыптаудың әлеуметтік әдістемелері туралы, әлеуметтік топтар пайда болу табиғаты туралы, әлеуметтену үрдісі ерекшеліктері туралы.

Курс мазмұны: 15 дәріс, 15 студенттермен жұмыс, 15 өзіндік жұмыс. Әлеуметтану + Саясаттану жүйелі емтихан. 2 курс.

Әдебиеттер:

  1. Андреенков В.Г., Крыштановский А.О. Процесс обработки данных анкетных опросов. М., 1986 г.

  2. Шаленко В.Н. Программа социологического исследования. М., 1987

  3. Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, методы. М., 1987 г.

  4. Бутенко А.П. Анкетный опрос как общение социолога с респондентом. М., 1989 г.

  5. Краткий словарь по социологии М., 1989 г.

  6. Территориальная выборка в социологических исследованиях. М., 1989 г.

  7. Краткий словарь по социологии М., 1989 г.

  8. Социология Словарь-справочник. Т. 1-4. под. ред. Осипова Г.Г. М., 1990-1991 гг.

  9. Давыдов А.А. Репрезентативность выборки //Соц. иссл., 1990, № 1.

  10. Современная западная әлеуметтану. Словарь М., 1990 г.

  11. Социологический словарь. Минск., 1991 г.

  12. Шампань П. Делать мнение: новая политическая игра //Полис, 1993 г, № 2

  13. Смелзер Н. Социология. М., 1994 г.

  14. Радугин А.А. Социология. Курс лекций. М., 1995

  15. Алексич М.Т. Социология и менеджмент. М., 1995 г.

  16. Основы социологии. Отв. ред. Эфендиева А.Г.

  17. Осипова Г.В., Москвичева Л.Н. Социология. Основы общей теории. Уч. пособ. М., 1996 г.

  18. Аитов Н.А. Основы социологии. Учебник А., 1997

  19. Российская социологическая энциклопедия. Под общ. ред. Осипова Г.В. М., 1998 г.

  20. Лавриненко В.Н. Социология. Учебник для вузов. М., 1998.

  21. Казаринова Н.В. и др. Социология М., 2000 г.

22.Фролов С.С. Социология . М., 2000 г.

23.Тощенко Ж.Т. Социология. Общий курс. М., 2000 г

24. Харчева В. Основы социологии. М., 2000 г.

25. Зеленов Л.А., Владимиров А.А. Основы социологии. М.,2000 г.

26. Кравченко А.И. Основы социологии. М., 2000 г.

27. Волков Ю.Г., Мостовая И.В. Социология. Учеб. М., 2001г.

28. Аяғанов Б. Тәжин М. Социология негіздері. Алматы 1993 ж

29. Социология. Ред. басқарған Тұрғынбаев Ә.Х. Алматы 2001



Назар аударыңыз: Әр дәрістің соңында Сіз уақытында орындауыңыз қажет үй тапсырмасы беріледі. Бұл Сізге жаңа тақырып игеру мен алдыңғы тақырыпты бекітуге көмектеседі.

Сізге үй тапсырмасын дәл көрсетілген мерзімде тапсыру қажет.



Ескерту: Әлеуметтану курсы Сізден әр тақырып сайын берілген қосымша әдебиеттер оқуды талап етеді.

Талап: Бұл пәнді игеру тұрақты, жүйелі еңбектенуді талап етеді. Курсты бағалау түгел семестр бойына жүреді, сондықтан Сіз тек дәріс кезінде ғана емес, өзіндік жұмысқа да белсене қатысуыңыз қажет. Барлық тапсырма көрсетілген мерзімінде орындалуы тиіс. Сіз сабаққа дайындықпен келсеңіз тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, анағұрлым толық ақпарат ала аласыздар. Сіздерге жеке де, топтық та тапсырмалар беріледі. Топтық тапсырманы орындау барысында баға барлығыңызға бірдей қойылады, сондықтан бүкіл топтың белсенділігі бәріңіз үшін қажет. Тапсырма дәл мерзімінде орындалмаса 1-2 балл төмендетіледі. Сіз өз тобыңыз алдында жауапкершілік сезінумен қатар топ табысына өз үлесімізді де қоса аласыз. Сонымен қатар қорытынды баға қатал жекеленген және бұл баға сіздің пәнді оқу барысындағы жеке табысыңыз.

Сіздің бағаңыз барлық жұмыс көлемін түгел игеруге тікелей тәуелді. Сіз барлық сабаққа түгел қатысуға тырысыңыз, себебі өз табысыңыз белсенділігіңізге байланысты. Сабаққа қатысу журналда тіркеледі. Сабаққа кешігіп келмеңіз. Дәріс кезінде бос әңгіме айтпау, ұялы телефондарды айырып тастау қажет. Өз топтастары мен оқытушыларға қатысты ашық, төзімді болу. Мінезі жұмсақ, ұялшақ студенттерге көмектесу қажет.



Тілек: Сіз талап етілген істерді атқарып, өзіңіз лайықты жоғары баға алатындығыңызға сенім білдіре отырып, табыс және белсенділік тілейміз.

ДӘРІС САБАҒЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ.




Сағат

саны


Апта №

Т А Қ Ы Р Ы П

Қаралатын мәселелер

1

1

1

Әлеуметтану ғылымы: құрылымы мен қызметтері.

  1. Әлеуметтану пәні мен зерттеу объектісі.

  2. Әлеуметтік білім деңгейі мен құрылымы

  3. Әлеуметтану қызметтері.

2

1

2

Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен дамуы.

  1. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.

  2. Әлеуметтану дамуының классикалық кезеңі.

  3. Отандық әлеуметтану ғылымы.

3

1

3

Әлеуметтік зерттеу әдістемесі.

  1. Әлеуметтанудағы зерттеу әдістемесі

  2. Ақпарат жинау әдістері

  3. Нақты әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы.

4

1

4

Жеке адам әлеуметтануы

  1. Жеке адам биологиялық және әлеуметтік даралық.

  2. Жеке адам, іс-әрекет және сана сезім.

  3. Даралық және құқық.

5

1

5

Әлеуметтік құрылым мен өзара байланыс.

  1. Әлеуметтік мәртебелер

  2. Әлеуметтік рөл

  3. Әлеуметтік байланысты жіктеу.

6

1

6

Әлеуметтену үрдісі.

  1. Әмбебап және арнайы әлеуметтену.

  2. Әлеуметтену институттары мен агенттері.

  3. Де-әлеуметтену мен ре-әлеуметтену.

7

1

7

Қоғам-әлеуметтік жүйе.

  1. Қоғам түсінігі

  2. Қоғам дамуы нысандары

  3. Қоғамдарды еліктеу.

8

1

8

Әлеуметтік теңсіздік

  1. Әлеуметтік теңсіздік теориялары

  2. Әлеуметтік стратификация.

9

1

9

Әлеуметтік институттар

  1. Әлеуметтік институттар түрлері

  2. Әлеуметтік институттар қызметтері

10

1

10

Әлеуметтік қозғалыс теориясы

  1. Қозғалыс құрылымы мен жіктеу.

  2. Топтық және жеке қозғалыс

  3. Әлеуметтік қозғалыстың демографиялық факторлары.

11

1

11

Әлеуметтік ұйымдастыру мен басқару.

  1. Басқарудың әлеуметтік табиғаты

  2. Қазіргі менеджмент ұғымдары

  3. Бюрократия

12

1

12

Жастар әлеуметтанусы

  1. Әлеуметтануда жастар мәселесінің зерттелуі

  2. Жастар мен студенттер субмәдениеті

13

1

13

Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтанусы

  1. Қазіргі қоғамдағы БАҚ ролі

  2. Маникуляция ұғымы



14

1

14

Экономикалық әлеуметтану

  1. Қазіргі заманғы экономикалық жүйелер.

  2. Экономикалық ғаламдасу мәселелері.

15

1

15

Еңбек әлеуметтанусы

  1. Еңбек әлеуметтанусы ұғымы.

  2. Еңбектің әлеуметтік аспектісі теориялары

  3. Жұмыссыздық тудыратын әлеуметтік мәселелер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет