Анықталмаған өрнектер. Ақырлы шегі бар шамаларға арифметикалық амалдар қолдану нәтижесінде шекке көшкенде ешбір мазмұны жоқ, анықталмаған өрнекте деп аталатын, өрнектер шығуы мүмкін. Ондай жағдайларда айнымалы шаманың шектік мәнін табуға көшпес бұрын шыққан өрнектерді түрлендіру керек.