7.2 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар Жұмыстың виртуалды бөлімін орындау үшін компьютерге 8085 Simulator IDE бағдарламасы орналастырылу керек. Симулятормен жұмыс бастар алдында C:\Program Files\8085 Simulator IDE ішінде студент туралы жеткілікті мәлімет (топ нөмірі, фамилиясы мен аты) берілген аталыммен бума (папка) ашып, алда құрылатын файлдардың барлығын да сонда сақтау керек. Бұл бұдан әрі сіздің файлдармен жұмысыңызды жеңілдетеді.
Симулятордың құрылымы мен оның іскерлік мүмкіндіктерінің пайдаланылуы зертханалық жұмыстардың орындалу барысында кездесу ретімен суреттеледі. Ал қазір жұмыстың зертханалық құралымда орындалу тәртібін қысқаша суреттей кетелік.
Жұмыс орнын, яғни жүйені зертханалық жұмысты орындауға дайындау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
EB-151 тақтайшасын зертханалық құралымға, ал EB-152 тақтайшасын оның сол жақ жанына орналастыр. Жалғамалар арқылы EB-151 және EB-152 тақтайшаларын қоректендірілу жағынан (+12 V, –12 V, +5 V, GND) біріктір және олардың өзара дерек жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ет (RX↔TX):
EB-152 тақтайшасындағы S1 (SIG.ANAL/KB+DISP) ауыстырғышын KB+DISP жағдайына қой (немесе оған көзіңді жеткіз). Құралымдағы қорек көзін қосып, EB-152 тақтайшасындағы дисплейдің “EBHt” көрсетіп тұрғанына көзіңді жеткіз;
EB-151 тақтайшасындағы микрокомпьютерді ондағы “Reset” түймесін тез басу арқылы қайта қос. Жалғанымдардың дұрыс қойылғанында При EB-152 тақтайшасындағы дисплей “Eb-151” көрсетіп тұру керек, ал бұның өзгеше жағдайында жалғанымдардың дұрыстығын тексеру керек.
Оқу бағдарламасын (яғни, пайдаланушының дайындаған бағдарлама-сын) жұмыс жадысына енгізу үшін MEM түймесін басып, одан кейін дисплейдің адрестік алқабына жадының бірінші ұяшығының адресін енгіз. Дисплейдің деректік алқабына қажетті код мәнін енгіз де, ENTER түймесін бас, бұл кезде жады ұяшығының адресі бірге ұлғаяды да, келесі деректі (операция кодын немесе операнд мәнін) енгізуге мүмкіндік беріледі. Және с.с.
Intel 8085 микропроцессорының кез келген командасының кодын 7.1 кестеден анықтауға болады.
7.1 К е с т е