ҚҰрастырушы: О. Т. Шанаев. Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар



бет16/17
Дата14.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#152973
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
все практика
МУ Базы данных SQL Server2012 Винокурова, Документ Microsoft Word, 1 дарис мадениеттану, Презентация №12 Әлеуметтану, Реферат та ырыбы Мемлекеттік ба дарламалар - аза станны болаша, 486470, otvekzalg, Лаб микроконтроллер, treatise185769, Зад4КС (2), Элясоциолгэссе, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, general-terms-and-conditions, дәріс 14. Монетарлық саясат
7.5 СӨЖ тапсырмалары
7.4.1 Перифериялық құрылғылар арқылы енгізілетін, екібайтты n (мысалы, бес) санның қосындысын есептеу бағдарламасын құр.
7.4.2 Әртірлі сілтемелі логикалық операцияларды орындау бағдарламасын құр.
7.6 Тексерім сұрақтары
1. Микропроцессордың ішкі құрылымын және оның құрама бөліктерінің қызметін түсіндір.
2. Бағдарламаның жеке блоктарындағы ауыстыру командаларының іс-әрекетін түсіндір.
3. Бағдарламада пайдаланылған арифметикалық командалардың іс-әрекетін түсіндір.
4. Екібайтты сандарды қосу қандай командалармен жүзеге асырылады?
5. Тасымалды және тасымалсыз арифметикалық командалардың іс-әрекетінің айырмашылығын түсіндір.
8 Зертханалық жұмыс. Қосалқы бағдарламалармен жұмыс істеу
Жұмыс мақсаты:
 қосалқы бағдарламалармен жұмыстың ұйымдастырылу принциптерін игеру;
 микропроцессор регистрлері мен стек арасында деректер жіберілуінің ұйымдастырылу принциптерін игеру.
8.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары и файлы:
 компьютер, 8085 Simulator IDE бағдарламасы;
 зертханалық құралым PU-2000 фирмы Degem Systems;
 EB-151 және EB-152 тақтайшалары;
 жалғама сымдар.
8.2 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар
Қосалқы бағдарламалармен және стекпен жұмыс ұйымдастырылу тәртібін қарастыру мақсатында y = a1*a2 + a3*a4 +  өрнегі бойынша есептеу бағдарламасы қарастырылады. Қойылған есепті шешу үшін алдымен көбейтуге және жинама қосуға арналған қосалқы бағдарламалар құру керек.
Intel 8085 микропроцессорында көбейту командасы жоқ, сондықтан көбейту операциясын орындау үшін сәйкесті бағдарлама құру керек болады. Көбейту алгоритмін анықталық. Машина алгоритмін көрнек түсіндіру мақсатында төменде ондық сандардың көбейтілімінің мектеп қабырғасынан белгілі үш түрлі жүзеге асырылу алгоритмі келтірілген:







Бірінші жазылымда көбейткіштің разряд мәндерін өзімізге үйреншіктікті оңнан солға қарай алып көбейту тәртібі келтірілген. Екінші жазылымда көбейткіштің разряд мәндерін солдан оңға қарай алып көбейту тәртібі келтірілген. Цифрлық құрылғыларда қосу операциясы екі санға ғана жүргізілетініне байланысты ондық сандардың жеке көбейтінділерінің солай қосылғаны үшінші жазылымда келтірілді. Бұнда төртразрядты сандардың көбейтіндісі сегізразрядты болатындығы ескеріліп, операция басында нәтиже нөл мәнінде алынды және ығыстыру операциясы (олар бағыттама арқылы көрсетілген) әрбір жеке көбейту операцияларының алдында жүргізіліп, жазылым қосу операцияларын орындауға ыңғайландырылды. Тап осы жазылым тәртібі екілік сандарды цифрлық құрылғыда көбейтуге ыңғайлы келеді. Сонымен, бірбайтты екілік сандарды көбейту алгоритмі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
 сегізразрядты сандардың көбейтілу нәтижесі оналтыразрядты сан болатындықтан және жеке қосылымдардың да оналтыразрядты сандарға жүргізілетіндігіне байланысты, оналтыразрядты аккумулятор ретінде HL регистрлік жұбы алынып, ол операция басында тазартылады;
 DE регистрлік жұбының E регистріне бірінші сан (көбейтілгіш), ал оның D регистріне нөл енгізіліп, көбейтілгіш қосуға ыңғайлы оналтыразрядты санға айналдырылады;
 екінші сан (көбейтілгіш) оның разрядтарын ығыстырып шығару үшін аккумуляторға (сөзімізді шатыстырмас үшін, оны бұдан әрі A регистрі деп атаймыз) енгізіледі;
 ығыстыру операциясының санын бақылап отыру үшін, көбейткіштің разряд саны микропроцессордың бір регистріне (мысалы, С регистріне) енгізіледі;
 әрбір жеке көбейту алдында осы мезетке дейін жиналған нәтиже (HL жұбындағы) солға ығыстырылады;
 ығыстыру арқылы А регистрінен шығарылған көбейткіштің кезекті разрядының мәні нөл болғанда, жеке көбейту осымен бітеді (яғни, алдыңғы ығыстырыммен);
 А регистрінен шығарылған көбейткіштің кезекті разрядының мәні бір болғанда, HL жұбына DE жұбы қосылады;
 әрбір жеке көбейтілімнен кейін санауыш құрамы бірге кемітіледі де, оның нөлге тең болған кезінде көбейту бағдарламасы өз жұмысын тоқтатады.
Сонымен, ығыстыру операциясы сегіз рет жүргізіледі, ал қосу операциясының саны көбейткіштің құрамындағы бірліктердің санымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет