ҚҰрастырушы: О. Т. Шанаев. Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар



бет2/17
Дата14.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#152973
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
все практика

1.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары:
 компьютер, Electronics Workbench бағдарламасы;
 зертханалық құралым PU-2000;
 EB-131 және EB-132 тақтайшалары;
 жалғама сымдар.
1.2 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар
Логикалық элементтің (немесе олардан күрделірек цифрлық құрылғының) жұмыс логикасын зерттеудің ең қарапайым жолы – оның кірістеріне логикалық деңгейлердің болар қиыстырмаларының барлық түрін кезектеп беріп, оның шығысындағы сәйкесті сигнал деңгейін бақылау. Тап осы тәсіл жұмыстың екінші бөлімінде орындалатын, зертханалық құралымдардың тақтайшаларында орналастырылған, іс жүзіндегі құрылғыларды зерттеуде пайдаланылады.
Бұдан тезірек және көрнекі түрдегі нәтижені элемент (немесе құрылғының) кірістеріне әртүрлі жиілікті тікбұрышты импульстер беріп, оның кіріс және шығыс сигналдарының уақыттық диаграммаларын логикалық талдауыш (Logic Analyzer) аталымды аспап көмегімен салыстыру арқылы алуға болады. Бұл тәсіл жұмыстың бірінші бөліміндегі моделдеуші тәжірибелердің жүзеге асырылуында пайдаланылады.
Electronics Workbench бағдарламасында орналастырылған “логикалық түрлендіргіш” (Logic Converter) аталымды аспап арқылы қиыстырма құрылғының сұлбасын құру кезеңдерінің барлығын да жүзеге асыруға болады. Бұл аспаптың қолданылуы зертханалық жұмыстың сәйкесті жұмыс тапсырмасындағы қиыстырма құрылғыны құруға ұсынылған.
Сұлба құрушыға қажетті тағы бір құрал, ол – қосалқы сұлбалар құру. Бұндай қосалқы сұлбаларды бастапқы құрылған жерінен (немесе файлдан) көшіріп алып, оны бірнеше рет қайталап пайдалануға болады. Оларды пайдаланудың тағы бір ыңғайлылығы – күрделі және үлкен көлемді құралымның жеке қызметтерге арналған бөліктемелерін қосалқы сұлбалар арқылы құру (бейнелеу), құралымның жалпы сұлбасын құрылым сұлбасы тәрізді көрнекі суреттеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста, бастапқы тәжірибе ретінде, түйме басу арқылы жеке импульс қалыптастырушы құрылғыны қосалқы сұлба түрінде бейнелеу ұсынылған.
Зертханалық жұмысты орындау алдында ұсынылған аспаптармен жұмыс істеу тәртібін және сұлба бөліктерін қосалқы сұлба түрінде бейнелеу тәртібін оқып танысу керек [1]. Бұл құралдар мен олардың қолданылу тәсілдерін игеру алуан түрлі құрылғылардан тұратын үлкен құралымдарды зерттеуге арналған болашақ тәжірибелерді ұйымдастыруға негіз қалайды. Оларды курстық жұмысты орындау кезінде де кеңінен қолдану керек, бұл жұмыстың тезірек жүзеге асырылуына көмек береді.
Жұмыстың іс жүзінде орындалатын бөлігі зертханалық құралымға орналастырылатын EB-131 және EB-132 тақтайшаларында жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет