1.4 СӨЖ тапсырмалары 1.4.1 XOR элементі арқылы қалыптастырылатын жеке импульстердің ұзақтығын өзгерту мүмкіндіктерін зертте.
1.4.2 AND, NAND, OR, NOR және XNOR элементтері арқылы жеке импульстер қалыптастыру мүмкіндіктерін зертте және алынған нәтижелерді түсіндір.
1.4.3 1.3.3-бөлімде ұсынылған құрылғының сұлбасын NOR элементтері арқылы құр.
1.5 Тексерім сұрақтары 1. Зертханалық жұмыста қарастырылған элементтердің жұмыс логикасын түсіндір.
2. AND және OR элементтерінің кірістерінің саны қалай ұлғайтылады?
3. NAND және NOR элементтерінің кірістерінің санын қалай ұлғайтуға болады?
4. NAND және NOR элементтерінің қызметін базалық элементтер арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін түсіндір.
5. Қиыстырма құрылғылардың сұлбасын құру тәртібін түсіндір.
6. Қиыстырма құрылғының сұлбасын NAND элементтері арқылы құру үшін оның дизъюнктивті логикалық өрнегін қалай түрлендіру керек?
7. Қиыстырма құрылғының сұлбасын NOR элементтері арқылы құруға арналған логикалық өрнекті қалай алуға болады?
8. Логикалық түрлендіргішті бірнеше шығысты қиыстырма құрылғының сұлбасын құруға пайдалануға бола ма? Болса, қалай?
9. 1.2, b суреттегі сұлба арқылы қалыптастыратын жеке импульстің ұзақтығын қалай үш есе ұлғайтуға болады?
2 Зертханалық жұмыс. Қалыпты қиыстырма құрылғылар Жұмыс мақсаты:
дешифратордың жұмыс принциптерін түсіну;
логикалық функцияларды дешифратор арқылы жүзеге асыру тәртібін игеру;
мультиплексордың жұмыс принциптерін түсіну;
мультиплексор негізіндегі әмбебап логикалық модулді баптау тәсілдерін игеру.
2.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары: компьютер, Electronics Workbench бағдарламасы;
зертханалық құралым PU-2000;
EB-134 және EB-132 тақтайшалары;
жалғама сымдар.
2.2 Жұмыс тапсырмасы 2.2.1 2.1 суреттегі сұлба арқылы 74138 дешифраторының жұмысын зертте. Бұнда дешифратордың адрес кодын беру үшін шартты түрдегі санауыш пайдаланылған. Сұлбада алдыңғы жұмыста құрылған түйме басу арқылы алынатын импульс қалыптастырғышы (j) пайдаланылған.
2.1 Сурет
2.2.2 74153 мультиплексорының жұмысын логикалық анализатор арқылы зертте (2.2 суретті қара). Бұнда 1 санауышы – информациялық сигналдар беруге, ал 2 санауышы адрес коды мен рұқсат беруге пайдаланылған.
2.2 Сурет
2.2.3 EB-134 тақтайшасында орналастырылған дешифратордың жұмыс логикасын іс жүзінде зертте:
2.2.4 EB-134 тақтайшасын зертханалық құрылымға орналастырып, онда дешифратор жұмысын зерттеуге қажетті жалғамдар қой (2.3 суретті қара). Бұнда 1 санауышы, дешифраторға адрес коды (22 → A1, 21 → A0) мен басқару сигналын (20 → EN) беретін, параллель енгізбелі регистр ретінде пайдаланылады. Оның жалғанымдары тақтайша ішіне енгізілген;
2.3 Сурет
EB-132 тақтайшасын негізгі құрылымның жанына қойып, оны негізгі құрылымдағы қорек көзіне қос. Бұл тақтайшадағы жарық диодтары дешифратордың шығыс сигналдарын бақылауға пайдаланылады;
санауыштағы санды (яғни адрес коды мен басқару сигналын) өзгерте отырып, дешифратордың жұмыс кестесін құр. Санауышқа енгізілетін екілік сан сәйкесті ауыстырғыштармен қойылып, Е ауыстырғышынан берілетін сигналымен бекітіледі.
2.2.5 EB-134 тақтайшасында орналастырылған мультиплексордың жұмыс логикасын іс жүзінде зертте:
мультиплексордың жұмыс режимдерін зерттеуге қажетті жалғанымдарды орналастыр (2.4 суретті қара). Бұнда санауыш мультиплексорға адрес кодын (22 → A1, 21 → A0) беруге пайдаланылады. Оның жалғанымдары тақтайша ішіне енгізілген. Мультиплексорды жандандыру үшін оның рұқсат кірісін (EN) “жер сымына” қосу керек;
адрес кодының әрбір мәнінде мультиплексордың информациялық кірістеріндегі сигнал деңгейлерін өзгерте отырып, шығыс сигналының бақыланған деңгей нәтижелерін кесте түрінде жаз.