ҚҰрастырушы: О. Т. Шанаев. Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар



бет5/17
Дата14.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#152973
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
все практика
МУ Базы данных SQL Server2012 Винокурова, Документ Microsoft Word, 1 дарис мадениеттану, Презентация №12 Әлеуметтану, Реферат та ырыбы Мемлекеттік ба дарламалар - аза станны болаша, 486470, otvekzalg, Лаб микроконтроллер, treatise185769, Зад4КС (2), Элясоциолгэссе, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, general-terms-and-conditions, дәріс 14. Монетарлық саясат
2.3 СӨЖ тапсырмалары
2.3.1 Қызметі кесте түрінде берілген құрылғының біреуін (2.1 кестесінен оқытушының ұсынған варианты бойынша) 74138 дешифраторы арқылы құр. Сұлбаға зерттеуге қажетті элементтер жалғап, оның жұмысын талда.
2.3.2 Қызметі кесте түрінде берілген құрылғының біреуін (2.1 кестесінен оқытушының ұсынған варианты бойынша) 74153 мультиплексоры арқылы құр. Сұлбаға зерттеуге қажетті элементтер жалғап, оның жұмысын талда.
2.1 К е с т е

A

B

C

F1

F2

F3

F4

0

0

0

1

0

1

0

0

0

1

1

1

0

1

0

1

0

0

1

1

0

0

1

1

1

0

1

1

1

0

0

0

1

0

1

1

0

1

1

1

1

0

1

1

0

1

0

0

1

1

1

1

0

1

1

1

2.4 Тексерім сұрақтары
1. Дешифратордың жұмыс принципін түсіндір.
2. Оқытушының көрсеткен сипаттамасы бойынша логикалық элементтер арқылы дешифратор сұлбасын құр.
3. Мультиплексордың жұмыс принципін түсіндір.
4. Логикалық элементтер мен дешифратор арқылы мультиплексор сұлбасын құр.
5. Жүзеге асырылатын функцияның айнымалыларының саны мультиплексордың адрестік кірісінің санына тең жағдайға ӘЛМ-ды баптау тәсілін түсіндір.
6. Жүзеге асырылатын функцияның айнымалыларының саны мультиплексордың адрестік кірісінің санынан артық жағдайға ӘЛМ-ды баптау тәсілін түсіндір.
3 Зертханалық жұмыс. Тізбектеме құрылғылар
Жұмыс мақсаты:
 асинхронды триггерлердің құрылым приинциптерін және жұмыс режимдерін игеру;
 статикалы басқарылатын синхронды триггерлердің құрылым приинциптерін және жұмыс режимдерін игеру;
 динамикалы синхронды триггерлердің жұмыс режимдерін анықтау;
 освоение различных режимов ввода информации в регистры;
 тура және теріс санауыштардың жұмыс режимдерін және құрылымдық ерекшеліктерін игеру;
 санауыштың санау модулін құрылымдық өзгерту принциптерін игеру.
3.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары:
 компьютер, Electronics Workbench бағдарламасы;
 зертханалық құралым PU-2000;
 EB-133 тақтайшасы;
 жалғама сымдар.
3.2 Жұмыс тапсырмасы
3.2.1 NAND элементтері арқылы синхронды RS-триггер сұлбасын жинап да (3.1 суретті қара), оның кіріс сигналдарының деңгейін өзгерте отырып, жұмыс режимдерін зертте. Бұл және келесі жұмыстарда логикалық деңгейлер көзі “0_1” блогы түрінде безендірілген.

3.1 Сурет
3.2.2 7474 микросұлбасындағы D-триггерлердің біреуінің жұмыс режимдерін логикалық талдауыш арқылы зертте (3.2 суретті қара).
Талдау алдында R және S ауыстырғыштары бірлік жағдайға қойылу керек. Талдау кезінде бұл ауыстырғыштарға сәйкесті түйменің біреуін екі рет тез басу арқылы триггерді бірлік немесе нөлдік жағдайға асинхронды қою керек. 

3.2 Сурет
3.2.3 D-триггердің теріс шығысын информациялық кірісіне тұйықтап, оның санау режиміндегі жұмысын талда (3.3 суретті қара).

3.3 Сурет
3.2.4 JK-триггердің жұмыс режимдерін зертте (3.4 суретті қара).
Талдау кезінде триггерді бірлік немесе нөлдік жағдайға қою оның R және S кірістеріндегі сигнал деңгейін қысқа мерзімге өзгерту арқылы жүзеге асыру керек (3.2.2-дегі сияқты). 

3.4 Сурет
3.2.5 Келесі төжірибелерде пайдалану үшін динамикалық дерек көзі (Data) мен сәйкесті бағытты жеке импульс қалыптастырғыштарын (j және t) қосалқы сұлбалар түрінде құр (3.5 суретті қара).







3.5 Сурет
3.2.6 7493 санауышын зерттеу сұлбасын құр (3.6 суретті қара). C түймесі арқылы тактілік сигналдар беріп, санауыштың жұмысын тексер. Триггер микросұлбасының R01 және R02 шықпаларындағы сигналдардың қызметін тексер.

3.6 Сурет
3.2.7 74169 аударылма санауышын зерттеуге арналған сұлбаны жинап (3.7 суретті қара), оның жұмыс режимдерін тексер.

3.7 Сурет
3.2.8 74194 әмбебап регистрін зерттеуге арналған сұлбаны жинап (3.8 суретті қара), оның жұмыс режимдерін тексер.

3.8 Сурет
3.2.9 EB-133 тақтайшасын зертханалық құралымға орналастырып, ондағы оқытушы ұсынған құрылғылардың (D- және JK-триггердің, санауыш пен регистрдің) жұмыс режимдерін тексер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет