ҚҰрастырушы: О. Т. Шанаев. Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар



бет6/17
Дата14.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#152973
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
все практика

3.3 СӨЖ тапсырмалары
3.3.1 Санау модулін алдын-ала қою мүмкіндігі бар санауыш сұлбасын құр.
3.3.2 74194 микросұлбаларының негізінде сегізразрядты регистр сұлбасын құр. Сұлбаға зерттеуге қажетті элементтер орналастырып, оның жұмысын тексер.
3.4 Тексерім сұрақтары
1. Тура және теріс кірісті асинхронды RS-триггердің құрылымын және жұмыс режимдерін түсіндір.
2. Статикалы басқарылатын синхронды RS-триггердің құрылымын және жұмыс режимдерін түсіндір.
3. Статикалы және динамикалы басқарылатын триггерлердің айырмашылығын түсіндір.
4. D-триггерді санау триггері ретінде қалай пайдалануға болады?
5. D- және JK-триггерлердің микросұлбаларының R және S кірістерін-дегі сигналдар қандай қызмет атқарады?
6. Регистрге информацияны тізбекті және параллель енгізу принциптерін түсіндір.
7. Санау модулі 13 болатын санауыш қалай құрылады?
4 Зертханалық жұмыс. Жадылық құрылғылар
Жұмыс мақсаты:
 ROM жадыларының құрылым принциптерін игеру;
 PROM жадыларын бағдарлау тәртібін игеру;
 жады жүйелерінің негіздік құрылымдарымен танысу және олардың құрылу принциптерін игеру.
4.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары и файлы:
 компьютер, Electronics Workbench Professional бағдарламасы;
 ROM(M) 16x7.ewb файлы;
 PROM 16x7.ewb файлы;
 RAM 2D_8x4.ewb файлы;
 RAM_3D_16x4.ewb файлы;
 RAM 2DM_32x4.ewb файлы.
4.2 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар
Зертханалық жұмыстың бірінші тапсырмасы, оналтылық символдардың 7-сегментті индикаторда көрсетілуіне пайдаланылатын, өзгермейтін информация сақталған, тұрақты жадылық құрылғының (ТЖҚ) құрылымын және оның жұмыс принциптерін игеруге арналған (4.1 суретті қара).

4.1 Сурет
ТЖҚ блогы (қосалқы ROM_16x7 схемасы), сәйкесті аталымды қосалқы сұлбалар түрінде безендірілген, 16 шығысты дешифратордан (74154 микросұлбасы) және 16x7 түрінде ұйымдастырылған жады матрицасынан тұрады. Дешифратордың жұмысына рұқсат E (Enable) түймесінен алынатын сигналдың оң деңгейімен қамтамасыз етіледі. Жады жолдарының (7-разрядты ұяшықтардың) адресі 4-разрядты санауыш (қосалқы add4 сұлбасы) арқылы қалыптастырылады.
Екінші тапсырма, бастапқы жағдайда жалғамдар он алты горизонталь (дешифратордың шығыс жолдары) мен жеті вертикаль (дерек разрядтарының жолдары) жолдардың қиылыстарының барлығында болатын, микросұлба дайындамасын бағдарлау (тігу) принциптерін үйренуге арналған.

4.2 Сурет
Микросұлбаны бағдарлау келесі тәртіппен жүргізіледі:
 іске қосу (Activate simulation) түймесін басу арқылы схеманы жандандыр;
 W (Write/Read) түймесімен құрылғыны бағдарлау режиміне ауыстыр (сәйкесті жарықдиоды жанады);
 жады матрицасы жолының адресін қой;
 таңдалған жолға орналастырылатын символдың сегменттеріне сәйкесті түймелерді басу арқылы қажетті бағдарлау информациясын дайында;
 P (programming) түймесін тез басу арқылы таңдалған жолдың бағдарлануын (информация тігілуін) қамтамасыз ет.
 сегмент түймелерін бастапқы қалыпты жағдайына қайтар;
 клавишей W (Write/Read) түймесімен құрылғыны оқу режиміне ауыстырып, жады матрицасының жолдарында тігілген информацияны тексер.
Зертханалық жұмыстың келесі тапсырмалары жады жүйелерінің әртүрлі құрылымдарымен (2D, 3D, 2DM) және олардың жұмыс принциптерімен танысуға арналған. Олар сәйкесті моделдер (4.3-4.5 суреттерді қара) арқылы орындалады.
2D құрылымды жады жүйесін зерттеуге арналған сұлба (4.3 суретті қара) сәйкесті қосалқы сұлбалармен безендірілген келесі блоктардан тұрады:
 санауыш негізіндегі үшразрядты адрес қалыптастырғышы (add3);
 санауыш негізіндегі төртразрядты дерек көзі (data);
 құрамына сегізшығысты дешифратор (dc8) және регистрлер негізіндегі 8 ұяшықтан (rg4) тұратын жады ұяшықтарының матрицасы (8x4) кіретін жады жүйесі RAM_8x4. Жады матрицасының әрбір ұяшығында орналастырылған индикатор тәжірибе кезінде жады ұяшықтарының таңдалымын бақылауға мүмкіндік береді.

4.3 Сурет
3D  құрылымды жады жүйесін зерттеуге арналған сұлба (4.4 суретті қара) сәйкесті қосалқы сұлбалармен безендірілген келесі блоктардан тұрады:
 санауыш негізіндегі төртразрядты адрес қалыптастырғышы (add4);
 санауыш негізіндегі төртразрядты дерек көзі (data);
 құрамына қосар дешифратор (2dc4) және регистрлер негізіндегі 16 ұяшықтан (rg4) тұратын жады ұяшықтарының матрицасы (16x4) кіретін жады жүйесі RAM_16x4.

4.4 Сурет
2DM құрылымды жады жүйесін зерттеуге арналған сұлба (4.5 суретті қара) құрамында келесі блоктар болады:
 2DM құрылымды жады блогы RAM_32x4;
 деректерді дайындау блогы Prepare;
 басқару блогы Control.
RAM_32x4 жады блогының құрамы:
 жады элементтерінің матрицасы 32х4;
 жолды дешифрациялау блогы dc8;
 жолдан ұяшық таңдау (оқу кезінде) блогы mux4.
32х4 жады матрицасында (логика жағынан) 8 жол болады, әрбір жолда төрт 4-разрядты жады ұяшығынан rg4 тұратын cell_4x4 блогы орналасқан. Іс жүзінде 32х4 жады блогы (жалғау және қарастыру ыңғайлылығы үшін) төрт cell_4x4 блогынан тұратын екі 16х4 блогының біріктірмесі түрінде ұйымдастырылған. Жады матрицасының әрбір ішкі блогы индикатормен қамтылған, олар тәжірибе кезінде жады ұяшықтарының таңдалымын бақылауға мүмкіндік береді.
Жады жолын таңдауға арналған dc8 блогы – сегіз шығысты дешифратор.
4-кірісті мультиплексорлар негізінде құрылған mux4 блогы жандан-дырылған жолдан қажетті ұяшықты таңдауға мүмкіндік береді.
Prepare блогы жады матрицасының жолына қатар жазуға арналған төрт 4-разрядты сөз дайындау қызметін атқарады. Дайындау кезеңінде бұл сөздер уақытша төрт 4-разрядты in аталымды жады ұяшығынан тұратын ішкі in_4 блогында сақталады. Бұл ұяшықтардың біреуін таңдау дешифраторлық блока 0_3 блогымен сілтенетін dc4 блогы арқылы жүзеге асырылады.
Control блогында басқару түймелері мен құрылғының жұмысын қамтамасыз етуші қоымша элементтер бірктірілген. Ол үш режимде жұмыс режимінде істей алады – жазуға деректер дайындау, жазу және оқу.

4.5 Сурет
Деректер дайындау режимі келесі түрде орындалады:
 P (Prepare) түймесімен құрылғыны деректер дайындау режиміне ауыстыр (сәйкесті индикатор жанады);
 I (In) түймесімен in_4 блогындағы төрт ұяшықтың біреуін таңда (сәйкесті индикатор көрсетеді);
 С (CLK) түймесімен осы ұяшыққа data блогында қалыптасқан бір санды жаз.
Жазу/оқу режиміне ауыстыру P тұймесін қайта басумен жүзеге асырылады (индикатор сөнеді).
Жазу режимінде:
 A түймесімен жады матрицасының қажетті жолын таңда (сәйкесті 7-сегментті индикатор көрсетеді);
 С (CLK) түймесімен дайындалған деректерді жады матрицасының таңдалған жолына жаз.
Оқу режимінде:
 клавишей A түймесімен жады матрицасының қажетті жолын таңда (сәйкесті 7-сегментті индикатор көрсетеді);
 S (Select) түймесімен жады матрицасының жандандырылған жолынан нақтылы ұяшықты таңда (сәйкесті 7-сегментті индикатор көрсетеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет