ҚҰрастырушы: О. Т. Шанаев. Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар



бет8/17
Дата14.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#152973
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
все практика

4.5 Тексерім сұрақтары
1. Жады құрылғыларының негізгі параметрлерін түсіндір.
2. ROM жадысының қызметін түсіндір?
3. ROM құрылымдарында қандай жады элементтері пайдаланылады?
4. PROM жадысы қайда және қалай бағдарланады?
5. EPROM және EEPROM жадыларының айырмашылығы қандай?
6. Жады элементтерінің қандай сұлбақұралысы RAM жадысының ең жоғарғы тезәрекеттікті қамтамасыз етеді?
7. Бірөлшемді және екіөлшемді RAM жадыларының құрылым ерекшеліктері қандай?
8. 2D және 3D құрылымдарын құндылығы мен кемістігіне байланысты салыстыр.
9. 2DM жадысының құрылым принциптерін және оның негізгі құндылығын түсіндір.
5 Зертханалық жұмыс. Информация енгізу құрылғысы
Жұмыс мақсаты:
 мәртебелі шифраторлар негізіндегі информация енгізу құрылғысы-ның құрылым принциптерін игеру;
 құрылғының жұмысын жетілдіру бағыттарын үйрену;
 көпрежимді құрылғы құру жолын үйрену.
5.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары и файлы:
 компьютер, Electronics Workbench Professional бағдарламасы;
 Input Unit (addressable).ewb файлы;
 Input Unit (multiplexing).ewb файлы;
 Input Unit (integration).ewb файлы.
5.2 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар
Бірінші тапсырмада мәртебелі шифраторлар негізіндегі оналты түйме арқылы информация енгізу құрылғысын жүзеге асыру мүмкіншіліктері қарастырылады (5.1 суретті қара). Қалыптастырылған кодтар алдыңғы жұмыста зерттелген жады ұяшықтарында сақталады (қосалқы RAM_16x4 сұлбасы). Жазу үшін шифратор микросхемасының CS шықпасындағы сигнал деңгейінің өзгерісі пайдаланылады. Бұл құрылғыда қажетті жады ұяшығының адресі алдыңғы жұмыстардағыдай санауыш арқылы дайындалады.
Сұлбаның негізгі блоктарына, түймелер жинамы түріндегі және шифраторлардан тұратын қосалқы 0_F және СD блоктары жатады. 0_F блогындағы әрбір түйменің сигналдық жолында ұзақтығы 10 ns теріс импульстердің қалыптастырғышы (l символымен белгіленген қосалқы схемалар) орналастырылған.
CD блогының негізін екі мәртебелі 74148 шифраторы арқылы құрылған кодылау сұлбасы қалайды. Ұзақтығы 10 ns жазу импульстері де осында код қалыптасуының басынан (түйменің баылу мезетінен) 20 ns кідіріспен өндіріледі. Қалыптастырылған импульстердің параметрлері (жазу сигналының ығыстырылымы) басылған түйменің кодының уақытында қалыптасуын және оның жадыға жазылуын қамтамасыз етеді.

5.1 Сурет
Осы жұмыста қарастырылатын келесі сұлбада (5.2 суретті қара) адрестің де, жазылатын информацияның да түймелер арқылы қалыптастырылу мүмкіндігі жүзеге асырылған, яғни адрес пен деректер жалғыз желі арқылы кезектесіп (мультиплексорланып) жіберіледі. Бұнда 0_F және СD блоктары қосалқы Input сұлбасына біріктірілген.

5.2 Сурет
Мультиплексорлау G түймесінен алынған сигнал деңгейімен анықталады: G=1 кезінде – адрес регистріне (қосалқы RG_addr схемасына) жазылатын адрес жіберілімі; ал G=0 кезінде – жадыға жазылатын дерек жіберілімі.
Құрылғының алдыңғы екі вариантын біріктірген, одан әрі жетілдірілген варианты келесі сұлбада (5.3 суретті қара) қарастырылады. Бұл сұлбада адрес қалыптастырғышын екі түрлі режимде жүзеге асыруға болады: санауыштан (add4) және кодылау блогынан (Inter). Бұлардың арасында ауыстыру, яғни оларды мультиплексорлау K түймесімен басқарылатын үшжағдайлы элементтер негізінде құрылған екі блок (қосалқы 3st схемасы) арқылы жүзеге асырылады (K=0 кезінде – add4 және K=1 кезінде – Inter). Екі жағдайда да адрес жіберілімі G=1 кезінде, ал адрес жіберілімі – G=0 кезінде жүзеге асырылады.

5.3 Сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет