ҚҰрастырушы: О. Т. Шанаев. Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар


Жұмыс орнының құрал-жабдықтары и файлы



бет10/17
Дата14.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#152973
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
все практика
МУ Базы данных SQL Server2012 Винокурова, Документ Microsoft Word, 1 дарис мадениеттану, Презентация №12 Әлеуметтану, Реферат та ырыбы Мемлекеттік ба дарламалар - аза станны болаша, 486470, otvekzalg, Лаб микроконтроллер, treatise185769, Зад4КС (2), Элясоциолгэссе, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, general-terms-and-conditions, дәріс 14. Монетарлық саясат
6.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары и файлы:
компьютер, Electronics Workbench Professional бағдарламасы;
 MP4M.ewb файлы.
6.2 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар
Құрамына микропроцессор (MP4M), дерек енгізу құрылғысы (In), жады жүйесі (Mem) және жүйенің жұмыс режимін таңдау блогы енгізілген, 4-разрядты микропроцессорлық жүйенің моделі 6.1 суретте келтірілген .

Рисунок 6.1
Микропроцессор құрамына келесі блоктар кіреді:
 арнайы қызметтік регистрлер жинағы (RGs, Registers);
 арифметикалық-логикалық құрылғы (ALU, Arithmetic-Logic Unit);
 команда регистрі (BUF, Buffer Register);
 команда дешифраторы (DC_16, Decoder 16-bit);
 таймер (CLK, Clock);
 микробағдарламалық құрылғы (Combi, Combinational Circuit.
Әрбіреуі нақтылы қызмет атқаруға арналған регистрлер жинағының (RGs) құрамына келесі регистрлер кіреді:
 A регистрі аккумулятор (Accumulator) қызметін атқарады, онда арифметикалық және логикалық операцияларға қатысты операндтардың біреуі немесе операциялардың орындалу нәтижесі сақталады. Аккумуляторға дерек жадыдан (LD A командасы) немесе ALU-дан (кезекті арифметикалық немесе логикалық операция орындалғаннан кейін) енгізіледі;
 A1 регистрі айналымды қосылымдардың ұйымдастырылуы кезінде туатын тасылымдарды жинауға арналған. Ол бағдарламаның іске қосылуы кезінде және аккумуляторға (A регистріне) LD A командасымен дерек енгізілуі кезінде тазартылады. Ондағы дерек Space түймесін қысқа уақытқа басу арқылы аккумулятор көрсеткіштеріне шығарылады;
 B регистрі микропроцессордың ішкі регистрлері мен жады арасындағы дерек жіберілімдерінің адрес регистрінің қызметін атқарады (LD C, LD IP, LD SP, LD A командалары). LD C, LD SP, LD A командалары орындалғаннан кейін B регистріндегі сан ұлғайтылады (яғни, оған бір қосылады). Бұл регистрге дерек LD B командасымен енгізіледі, оған адрес регистрі ретінде C регистрі пайдаланылады. Ол бағдарламаның іске қосылуы кезінде тазартылады;
 C регистрі арифметикалық және логикалық операцияларға қатысты екінші операндтың адрес регистрінің қызметін атқарады. Сәйкесті командалар орындалғаннан кейін С регистріндегі сан ұлғайтылады, бірақ оның бағытын (B регистрінен ерекше) өзгертуге болады, ол I түймесі арқылы қойылады және оның жағдайы (I) - Dcr/Inr көрсеткішінде көрсетіледі: I=0 кезінде – тура бағытта (Increment), ал I=1 кезінде – теріс бағытта (Decrement). Ондағы санды өзгермеген түрінде де қалдыруға болады, бұндай жағдай туралы жүйенің жұмыс режимдерін суреттеу кезінде айтылады. Бұл регистрге дерек LD C командасымен жүзеге асырылады. Бағдарламаның іске қосылуы кезінде бұл регистр 1111 жағдайына қойылады (XOR элементтері арқылы). Кез келген бағдарламаның құрамында дерек тарату командаларының болатындығынан, бағдарламаның бірінші командасы B регистріне дерек енгізу командасы (LD B) болу керек. C регистрінің сұлбасындағы төрткірісті OR элементі регистрдің нөлдік жағдайын анықтауға арналған, ол арқылы айналымды операциялардың ұйымдастырылуы кезінде шартты ауысу жүзеге асырылады;
 SP регистрі стек көрсеткішінің (Stack Pointer) қызметін атқарады, яғни PUSH және POP командалуы кезінде адрес регистрінің рөлінде болады: ондағы адрес PUSH командасының орындалар алдында кемітіледі (Predecrement) және POP командасы орындалғаннан кейін ұлғайтылады (Postincrement). Загрузка этого регистра осуществляется командой LD SP. Бұл регистрге дерек LD SP командасымен жүзеге асырылады. Бағдарламаның іске қосылуы кезінде бұл регистр 1111 жағдайына қойылады;
 IP регистрі команда көрсеткішінің (Instuction Pointer) қызметін атқарады. Кезекті команданың коды жадыдан шығарылып, команда регистріне сақталғаннан кейін ондағы адрес ұлғайтылады. Бұл регистрге дерек LD IP командасымен жүзеге асырылады. Ондағы адрес, жүйенің кейбір альтернативті жұмыс режимдерінде анықталатын, шартты ауысу кезінде де өзгертіледі. Ол бағдарламаның іске қосылуы кезінде тазартылады.
Барлық регистрдің кірістері – ішкі дерек желісіне, ал шығыстары (үш жағдайлы буферлік элементтер арқылы) атқаратын қызметіне сәйкесті дерек желісіне немесе адрес желісіне қосылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет