С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Психология және педагогика кафедрасы
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған
«Педагогика»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
ФЖжӨФ деканы
_______ Ж.Т.Сарбалаев
20__ж. «___»____________
|
Құрастырушы: педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті Б.Х.Галиева
Психология және педагогика кафедрасы
5
В010300 – Педагогика және психология мамандығының
сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған
«Педагогика»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________
20 _ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жуманкулова 20 _ж. «_____»___________
КЕЛІСІЛГЕН
Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Галиева Бахыт Хасеновна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті
Психология және педагогика кафедрасы Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы «А» корпусында, 149-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны – 87182673685 (1139).
2 Пән туралы мәліметтер
Әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталган Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасуы 5В010300 -«Педагогика және психология» мамандығынан бакалаврларды даярлаудың мазмұнын қайта қарауды талап етті. Бұл мамандықтан кәсіпқой бакалаврларды даярлауда негізгі пән - педагогика ерекше орын алады.
Педагогика - адамзаттың тәжірибесін мақсатқа бағытты беру процесі және жас ұрпақты өмір мен іс-әрекетке даярлау жөніндегі ғылым.
Педагогика философияның қойнауынан шыкты, дамудың өте ұзақ жолынан өте отырып, қазіргі кезде адам тәрбиесі жөніндегі саласындағы күрделі ғылымга айналды, басқа ғылыми пәндермен тығыз байланысты.
Педагогика адамды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, принциптері, мәні, мазмұны, әдістері мен түрлері жөніндегі ғылым ретінде көрінеді.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау нысаны
|
барлы-ғы
|
Дәріс
|
практи-ка
|
Зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СРСП
|
1
|
2
|
90
|
6
|
|
|
|
|
78
|
|
|
2
|
|
6
|
|
|
|
6
|
емтихан
|
4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы
Пәннің мақсаты - адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.
Пәннің тапсырмалары:
- болашак мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру;
студенттерде тұтас педагогикалық процесс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін калыптасыру;
білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу;
педагогикалық ойлауын қалыптастыру.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
педагогиканың әдіснамалық негіздері;
тәрбие мен оқыту процесінің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары, заңдылыктары және принциптері жөнінде түсінік болу;
педагогиканың негізгі категорияларын және түсініктерін;
педагогикалық теориялар мен мектеп тәжірибесінің диалектикалық өзара байланысын;
оқыту мен тәрбиелеудің мәнін, мазмұнын, формалары мен әдістерін;
Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
педагогикадан алған білімдерін тәжірибеде өздігінен қолдану;
мектептегі педагогикалық процесті жобалауды және жүзеге асыру;
оқушыларды тәрбиелеу және оқыту мақсаттары мен міндетгерін аныктау;
оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді қолдануға икемді болу;
окыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде пайдалану; мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру.
6 Пререквизиттер: «Педагогикалық мамандықка кіріспе», «Жалпы психология».
7 Постреквизиттер: педагогиканың тарихы, этнопедагогика, әлеуметтік педагогика, педагогикалық менеджмент және қазіргі мектептегі басқару, педагогикалық шеберлік, педагогиканы окыту әдістемесі, тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау, бейінді оқытудың теориясы мен технологиясы, мектептегі педагогикалық практика.
8 Тақырыптық жоспар
№
|
Тақырыптардың атауы
|
Сағат саны
|
Д
|
Т
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
|
1
|
|
3
|
2
|
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
|
3,5
|
3
|
Педагогиканың аксиологиялық негіздері
|
3
|
4
|
Педагогикада мақсатты анықтау
Оқушы тулғасын дамыту, әлеуметтендіру және тәрбиелеу
|
1
|
|
3,5
|
5
|
Оқушы тұлғасы - тәрбиенің объекті және субъекті
Тұтас педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру
|
|
1
|
3,5
|
6
|
Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері
Оқушыларға жекелік-даралық тұрғыдан қарау
|
|
|
3,5
|
7
|
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Мектепте 12-жылдык білім беруге өтуде педагогикалық процесті
ұйымдастыру ерекшеліктері
|
1
|
|
3,5
|
8
|
Білім берудің жаһандануы
|
3,5
|
9
|
Тәрбие теориясы. Тәрбиенің мәні.
|
1
|
|
3,5
|
10
| |
3,5
|
11
|
Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру
Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе
|
|
1
|
3,5
|
12
|
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары
|
|
1
|
3
|
13
|
Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі
|
|
|
3
|
14
|
Ұжым - тәрбие құралы
Ұжымда оқушы тұлғасын қалыптастыру
|
|
|
3,5
|
15
|
Оқыту теориясы. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқытудың қазіргі кезеңдік жүйелері
|
1
|
|
3
|
16
|
Оқыту процесі - тұтас жүйе
|
3
|
17
|
Оқытудың заңдары, заңдылыктары және принциптері
Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру жүйесі
|
3
|
18
|
Қазіргі білім берудің мазмұны
|
|
1
|
3
|
19
|
Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары
Оқушыларды тұлғаға бағыттап оқыту
|
|
1
|
3
|
20
|
Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
Сабақ - тұтас жүйенің элементі
|
|
3
|
21
|
Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау
Оқушы дамуының мониторингі
|
1
|
|
3
|
22
| Оқушылардың оқуын мотивациялау
Оқыту процесінде оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру
|
|
|
3,5
|
23
|
Оқытудың педагогикалық технологиясы
Оқушылардың ұжымдык танымдык іс-әрекетін ұйымдастыру
|
|
1
|
3
|
24
|
Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы рөлі. Педагогтың кәсіби қасиеттері
|
|
|
3,5
|
|
Барлығы
|
6
|
6
|
78
|
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Бұл курсты оқу студенттерге төмендегідей мүмкіндік береді:
тәрбие мен окытудың ғылыми негіздерін, педагогиканың негізгі категорияларын, оның құрылымын, мектептегі оқу-тәрбие процесін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму тенденцияларын меңгеруге;
өзіндік педагогикалық көзқарасты қалыптастыруға;
болашақ маман араласатын шын педагогикалық іс-әрекетті одан әрі жетілдіру және өздігінен білім алу үшін негіз жасауга.
Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негізде жасалган жүйелерімен таныстыру олардың білім беру процесінің мүмкіндіктері женінде ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас процесс ретінде құрудың қажеттігін көре білуді қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие және оқытудың субъекті ретінде түсінуге көмектеседі.
10 Курс компоненттері
Пән тақырыптарының мазмұны
1-тақырьш. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері
Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. Педагогиканың категориялық аппараты. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның кұрылымы.
Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогиканың философиялык негіздемесі. Педагогика әдіснамасының жалпы ғылыми деңгейі. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері.
Педагогиканың гуманистік әдіснамасынын негіздемесі. Педагогикалық құбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық тұрғыдан қарау. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік.
2-такырып. ІІедагогикада мақсатты анықтау
Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Педагогикалық теория мен практика үшін тәрбие мақсаттарының маңызы. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие мақсатының қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Тәрбие мақсатын қоюға әсер ететін факторлар. Тәрбие мақсатының көптүрлілігі. Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға туралы түсінік. Қазіргі кезеңдегі тәрбие мақсаттары.
3-тақырып. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының принциптері. Қазақстандағы білім беру жүйесіне жалпы сипаттама. Үздіксіз білім беру жүйесі. Түрлі деңгейлік білім беру. Мектеп - үздіксіз білім берудің базалық деңгейі және әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Қазақстан Республикасындағы оқу-тәрбие мекемелері. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беретін мекемелер. Гимназиялар, лицейлер, колледждер.
Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы. Жалпы орта білім беретін 12-жылдық мектептің моделін құру.
4-тақырып. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің мәні. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері
Тәрбие теориясының пәні. Тәрбиенің міндеттері мен кызметтері. Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан қоғамындағы тәрбиеге караудың тұрғылары. Тәрбие түрлері.
Тәрбиенің заңдылыктары мен принциптері туралы түсінік. Тәрбие процесінің негізгі заңдылыктарына шолу. Тәрбие принциптеріне сипаттама.
5-тақырып. Оқыту теориясы. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқыту процесі - тұтас жүйе. Оқытудың заңдары, заңдылыктары және принциптері
Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың объекті, пәні, кызметтері және міндеттері. Дидактиканың категориялары. Дидактиканың негізгі мәселелері. Дербес әдістемелерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы. Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактиканың ролінің артуы.
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері. Окытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі. Оқыту - екі жақты процесс. Іс-әрекет оқытудың мәндік сипаттамасы ретінде. Тұтас оқыту процесіндегі оқу - оқушының танымдық іс-әрекеті. Оқыту процесінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік қалыптасуы. Оқыту функциялары. Окыту функцияларының арақатынасы. Оқыту түрлері. Оқытудың қозғаушы күштері. Дамыта окыту туралы түсінік. Оқыту процесінің тиімділігінің көрсеткіштері.
Оқытудың заңы, заңдылықтары және принциптері түсінігі. Окытудың негізгі заңдарына, заңдылықтарына шолу.
Оқыту принциптері және ережелері.
6-тақырын. Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау
Окыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың максаттарына сәйкестігі. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижелерінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталуы. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері. Техникалық оқу құралдарын оқушылардың іс-әрекетін бақылау мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері.
Оқыту процесін және нәтижесін бағалауға психологиялық-педагогикалық талаптар. Оқушылардың іс-әрекетін бағалауға осы тұрғыдан қарау. Оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау және есепке алу. «Бағалау» және «баға» түсініктері. Оқушылардың бағаланбайтын іс-әрекеті.
Оқушылардың үлгермеушілігі. Оқушылардың үлгермеу себептері. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары.
Практикалық (семинар) сабақтардың тізімі және мазмұны
Оқушы тұлғасы - тәрбиенің объекті және субъекті. Тұтас педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру.
Оқушы тұлғасы тәрбиенің объекті және субъекті ретінде. Тұлғаның базалық мәдениеті ұғымы. Адамгершiлiк мәдениетінің мазмұны. Оқушылардың жыныстық тәрбиесi. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, гуманизмге, оқу мен еңбекке сенiммен және жауапкершiлiкпен қарауға тәрбиелеу. Құқық мәдениетінің педагогикалық негiздерi. Өркениеттi қоғамдағы әрбiр адамның жалпы мәдениетiнiң қажеттi элементi ретiндегi құқықтық мәдениет. Дiннiң бүгiнгi қоғамдағы орны және дiн әрекетiндегi оң бағытқа ықпал ету. Еңбек тәрбиесi. Экономикалық мәдениет және оның оқушыларды еңбекке дайындаудағы рөлi. Оқушыларды кәсiптiк бағдарлау жүйесi. Бүгiнгi таңдағы экологиялық тәрбие. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын эстетикалық мәдениет. Дене тәрбиесi. Жас ұрпақты жан-жақты дамытудағы дене тәрбиесiнiң мiндеттерi және орны.
Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру. Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе
Тәрбие мазмұнының мәселелері. Азаматтық және патриоттық тәрбие. Құқықтық тәрбие. Ақыл-ой тәрбиесі. Мінез-құлықтық тәрбие. Еңбек тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Валеологиялық тәрбие. Дене тәрбиесі.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін кезеңдеу. Түрлі жастағыларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері. «Даралық» ұғымы. Дербес ерекшеліктерді есепке алу.
Отбасы әлеуметтік институт және тәрбие субъектісі ретінде. Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі. Отбасылық қарым-қатынас және отбасылық тәрбие стильдері. Отбасында тәрбиелеудің принциптері. Отбасында тәрбиелеудің әдістері мен құралдары. Отбасының педагогикалық мәдениетін көтерудің шарттары. Отбасының білім беру жүйесіндегі басқа әлеуметтік институттармен (балабақшамен, мектеппен) ынтымақтастығы.
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, формалары, құралдары Тәрбие әдістерінің мәні. Тәрбие әдістерін жіктеу, олардың негізгі түрлерін салыстыру. Тәрбие тәсілдері. Тәрбиелік ықпалдардың құралдары. Тәрбие процесі түсінігі, мәні, міндеттері, мазмұны мен формалары.
Қазіргі білім берудің мазмұны. «Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдап алудың принциптері мен критерийлері. Білім беру мазмұнын құраушы компоненттерге сипаттама. Қазакстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік білім беру стандарты. Білім беру мазмұнын белгілейтін нормативтік кұжаттар.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім берудің тұжырымдамасы. 12 жылдық білім берудің құрылымдық–мазмұндық ерекшеліктері. 12 жылдық оқыту жүйесінде жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. 12 жылдық білім берудің 3-ші сатысында бейіндік оқытудың енгізілуі.
Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары. Оқушыларды тұлғаға бағыттап оқыту.
Оқыту әдістері - дидактика категорияларының бірі. Оқыту әдістері, тәсілдері және кұралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы. Оқыту әдістерін топтап бөлу (классификациялау) және оларға сипаттама. Оқыту кұралдарының өзара байланысы. Әдістердің оқытудын мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі. Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әртурлі әдістерін қолдану ерекшеліктері. Оқытудың белсенді әдістері.
Оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін педагогикалық ой даму тарихында тану мәселесі және оған қазіргі көзқарастар. Тұлғаға бағыттап оқыту негізіндегі педагогикалық технологиялар: тұлғаға бағыттап оқыту (Якиманская И.С.); өзін-өзі дамыта оқыту ( Селевко Г.К. ); ынтымақтастық педагогикасы; Ш.А.Амонашвилидің ізгілендіру-тұлғалық технологиясы; ойын технологиялары; дамыта оқыту технологиялары; мәселелік оқыту; жеке оқыту технологиясы; ұжымдық оқыту әдісі және т.б..
Оқытудың педагогикалық технологиясы. Оқушылардың ұжымдык танымдык іс-әрекетін ұйымдастыру.
«Оқытудын педагогикалық технологиясы» түсінігі. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу (классификациялау). Педагогикалық технологияларға шолу. Оқытудың дәстүрлі (репродуктивті) технолологиясы. Дамыта оқытудың технологиясы. Бағдарламаландырылған оқытудың технолологиясы. Проблемалық оқытудың технологиясы. Оқытудың модульдык технологиясы. Окытудың орталықтандырылған технолологиясы. Оқытуды қашықтан басқару технологиясы. Оқытудың ойын технологиялары. С.Н.Лысенкованың авторлық педагогикасының технологиясы (сүйену схемаларын пайдалана отырып оза окыту). Р.Штайнердің Вальдорф педагогикасы. Оқытудың интегративтік технологиясы. Тұлғаға бағытталган білім беру технологиясы. Оқытудың ұжымдық тәсілдері. Оқытуды жекелендіру және дараландыру технологиясы.
Педагогикалық процесс оқушы мен оқытушының ынтымақтастығы ретінде. Ұжымдық танымдық іс-әрекет. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің білім беру, дамыту және тәрбиелеу мүмкіндіктері. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің мәні. Оны ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Көмекшілер мен кеңесшілердің жұмысы. Жұпта, оның ішінде ауспалы құрамдағы жұпта жұмыс істеу. Сабақтағы топтық жұмыс. Оқу кездесулері.
Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау
түрі
|
Сағатқа шаққандағы көлемі
|
1
|
Дәрістерге дайындалу
|
|
Дәріске қатысу
|
15
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау
|
Жұмыс дәптері, конспект
|
Семинар мен тәжірибелік сабақтағы жұмысы
|
15
|
3
|
Курстың қосымша тақырыптарын зерделеу. Әдеби көздерді талдау. Глоссарий құру. Ғылыми баяндама жасауға дайындалу, реферат жазу
|
Конспект, глоссарий, реферат, баяндама
|
Қорғау, есеп
|
40
|
4
|
Бақылау шараларына дайындалу
|
|
МБ1, МБ2, МБ3, МБ4, тестілеу
|
8
|
|
Барлығы
|
|
|
78
|
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
Педагогиканың әдіснамалык негіздері.
Педагогиканың аксиологиялық негіздері.
Тәрбиенің пайда болуы - қоғамдык кұбылыс.
Педагогикалық ойлардың тарихындағы тәрбие максаттары.
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму ерекшеліктері.
Тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру және тәрбиелеу.
Оқушы тұлғасының базалык мәдениетін тәрбиелеу.
Оқушыларға жекелік-даралық тұрғыдан қарау.
Бала дарындылығы.
Қазақстанның білім беру жүйесі.
Тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері.
Ұжым - тәрбиенің объекті және субъекті.
Тәрбиенің жалпы әдістері.
Балаларды тәрбиелеуде мадақтау және жазалау.
А.С.Макаренконың педагогикалық идеяларын мектепте пайдалану.
Қазіргі кездегі тәрбие жүйелері.
Тұлғаны қалыптастыру процесінің құрылымындағы өзін-өзі тәрбиелеу.
Отбасылық тәрбие.
Жағдайсыз отбасылар.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
Білім берудің мазмұнын ашатын нормативтік кұжаттар.
Оқушылардың оқуының мотивтері. Оқушылардың үлгермеушілігі.
Педагогикалық жаңалықтар (инновациялар).
Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесіндегі пәнаралык байланыс.
Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру.
Оқыту процесінде оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру.
Қазіргі кезеңдегі сабақты ұйымдастыру.
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі.
Білім беру жүйелері және тұлғаны дамыту.
Оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмыстары.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Мектепте білім беру сапасының монторингі.
Оза оқытудың әдістері. Оқушыларды ойын арқылы оқыту.
Оқытудың белсенді әдістері.
Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы рөлі. Педагогтың кәсіби қасиеттері.
11 Курс саясаты
Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:
дәріске қатысу – 2 балл, конспектің бар болуы – 3 балл (жалпы 5 балл);
семинар сабағына қатысу – 3 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл) Жалпы – 8 балл.
Сессияаралық уақытта орындалған жұмысты бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:
материалды толық меңгеру - 10 балл;
сұрақтарға жауап бере алу – 8 балл;
материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 4 балл. Жалпы – 22 балл.
Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.
Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.
Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:
Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:
100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;
89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;
74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;
49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.
Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әрқайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап екі баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.
Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.
Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі
Пән бойынша рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Р1= АҮ*0,7+МБ*0,3,
мұндағы Р1, АҮ, МБ –рейтингтің, ағымды үлгерімнің, межелік бақылаудың балдары.
Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:
ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,
мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.
Табыс тілейміз!
12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Государственная программа развития образования в РК до 2010 г.
Оконь В. Введение в общую дидактику. - М.: Высшая школа, 1990.
Педагогика: Учебник. - Алматы, 2005.-364 с.
Пидкасистый П.И. Педагогика. – М., 2001.
Подласый И.П. Педагогика. - Минск, 2006.-631 с.
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М., 1998..
Харламов И.Ф. Педагогика. - Минск, 2002.
Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. - Алматы, 2005.
Қосымша:
Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч. пособие для инженерно-пед. институтов. - Екатеринбург, 1996.
Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. - Санкт-Петербург, 2000.
Каракулов К.Ж. Школоведение. -Алматы: Ғылым, 2005.
Конаржевский Ю.А.. Анализ урока / М.: Центр «Педагогический поиск», 2000. -336 с.
Коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. - Караганда: Изд-воКарГУ, 2004.
Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. - Алматы, 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |