Құрастырушылар



бет17/40
Дата26.08.2017
өлшемі7,3 Mb.
#29526
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40

Транскрипция



11.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

Ақуыз биосинтезінің механизмін альбом бетіне түсіру.



12. Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

13. Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



14. Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Біріншілік - РНҚ транскриптат (транскрипция)




4. Сабақтың тақырыбы: Біріншілік - РНҚ транскриптат (транскрипция)

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Оқушыларға генетикалық ақпараттың берілуінің негізгі жолдарының бірі ДНҚ биосинтезі (репликация), транскрипция, ДНҚ – ДНҚ – РНҚ - ақуыз тетіктері туралы мәлімет беру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.

Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.

2.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы, 2004

3.Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.

4.Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред. Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.

5.Притчарт Д.Дж.,Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.


Қосымша әдебиеттер:

1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004

2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .

3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.

4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.

5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.

6. Пехов А.П. Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.

7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки.Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Генетикалық ақпаратының негізгі берілу жолдары.

  2. ДНҚ биосинтезі

  3. Репликация тетіктері

  4. Полимеризация ферменттері

  5. ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер

  6. Теломерлар қызметтері

  7. Теломеразалар әрекетінің тетіктері

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Генетикалық ақпараттың берілуінің негізгі жолдарын (репликация, транскрипция, трансляция), ДНҚ молекуласының негізгі бөлімінің репликациялануын, репликация тетіктерін,полимеризация ферменттерін, ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер, ДНҚ ның теломерлік бөлімдерінің репликациялануын түсіндіру.


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1. Нуклеин қышқылдарының құрылысы (ДНҚ, РНҚ)

2. ДНҚ молекуласының үш реттік құрылымы

3. РНҚ молекуласының үш реттік құрылымы

4. АРНҚ молекуласының құрылысы

5. РРНҚ молекуласының құрылысы

6. ТРНҚ молекуласының құрылысы
Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Транскрипция дегеніміз -ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың РНҚ молекуласына көшіріліп жазылуы, яғни РНҚ синтезделуі болып табылады.Егер ДНҚ репликациясы жасушаның бөлінуіне байланысты болатын болса, яғни тек бөлінуші жасушаларда байқалатын болса, транскрипция үдерісі барлық ядролы жасушаларда, бөлінетін және бөлінбейтін, байқала береді. Бөлінетін жасушаларда ол митоздық циклдың кез-келген уақытында жүреді және ДНҚ молекуласының бір учаскесінің транскрипциялануы көптеген рет қайталанып жүруі мүмкін.

Транскрипция немесе РНҚ синтезі үшін құрылыс материалдары болып рибонуклеозидтрифосфаттар (рАТФ, рГТФ, рЦТФ, рУТФ) саналады. РНҚ тізбегіне қосылған кезде олар 2 фосфат қалдығын пирофосфат күйінде бөліп шығарып, босаған энергияны нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік байланыстың түзілуіне жұмсайды.

Еркін рНТФ рРНҚ тізбегіндегі қалдығы +пирофосфат

РНҚ тізбегінің синтезделуі 51 ұшынан 31 ұшына қарай жүреді (51→31).

РНҚ синтезі промоторлық учаскеден басталып терминаторлық учаскемен аяқталады. РНҚ синтезі жүруі үшін ДНҚ молекуласының кем дегенде 2 өрімінде ДНҚ жіпшелері бір-бірінен ажырасулары қажет, ширатылған күйінде транскрипция жүрмейді.

РНҚ синтезі ассиметриялық құбылыс, яғни бір-бірінен ажырасқан ДНҚ жіпшелерінің тек біреуі ғана РНҚ синтезі үшін матрица (қалып) қызметін атқара алады.РНҚ синтезі консервативтік құбылыс, яғни транскрипция аяқталғаннан кейін ДНҚ молекуласы ширатылып, бастапқы күйіне келеді. РНҚ синтезін РНҚ-полимераза –ферменті өз бетінше жүргізеді. Яғни ешқандай ұйытқының қажеті жоқ.

Транскрипция өнімі болып жетілмеген РНҚ-лар:

пре-аРНҚ, пре-тРНҚ, пре-рРНҚ-лар саналады. Олар ядрода пісіп жетіледі (процессинг). Гендердің экспрессиялануына көптеген ақуыздар әсер етеді. Соңғы жылдары транскрипциялық фактор қасиетіне ие көптеген ақуыздар анықталды. Олар бір-бірімен, не ДНҚ молекуласының реттеуші учаскелерімен (промотор, энхансерлер), не басқа да заттармен (лиганда) әрекеттесіп гендердің белсенділігіне әсер етеді. ДНҚ-мен байланысатын ақуыздар саны өте көп, құрылымдарына қарай оларды бірнеше топқа топтастырады:

а) «Ширатпа-бұрылым-ширатпа» мотивтері болатын ақуыздар.

Бұл ақуыздардың ДНҚ-ны танитын, онымен байланысатын учаскелері ілмек арқылы қосылған екі -ширатпадан тұрады. Олардың біреуі белгілі бір нуклеотидтер бірізділігімен спецификалық әрекеттесіп ДНҚ молекуласымен тікелей байланысады (27-сурет).




Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет