Синтезделген ДНҚ фрагменттерінің түйісуі
Осыдан кейін ДНҚ полимераза І-іске кіріседі. Ол өсіп келе жатқан ДНҚ фрагментінің 31 ұшына жалғанады және 3 белсенділікке ие болады.
Біріншіден ол «алдыңғы» немесе 51 →31 –экзонуклеазалық белсенділікке ие болады, яғни ол бұрынғы ДНҚ тізбегінің «РНҚ-ұйытқысының» (праймер) 51 ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтерді алып тастап отырады, ал босаған жерге өз фрагментінің 31 ұшына дезоксинуклеотидтерді жалғайды (ДНҚ-полимеразалық белсенділік).
Сонымен қатар, ДНҚ-полимераза ІІІ-сияқты «артқы» 31→51 экзонуклеазалық белсенділік арқылы өз жұмысын қадағалауды да «ұмытпайды». ДНҚ-полимераза-І-қызметі өсіп келе жатқан ДНҚ фрагментінің бұрынғы ДНҚ фрагменттерінің дезоксинуклеотидтерімен түйіскеннен кейін аяқталады.
Эукариоттарда ДНҚ-полимераза ІІІ-қызметін және –ДНҚ полимераза кешені атқарады; бұл жерде 31→51 экзонуклеазалық белсенділік -ДНҚ –полимеразаға тиесілі болса, ДНҚ-полимераза І-қызметін, 51→31 –экзонуклеазалық қызметті ерекше фермент нуклеаза (Н) ДНҚ-полимеразалық белсенділікті (босаған жерді толтыру) β-ДНҚ полимераза атқарады. Репликация
Достарыңызбен бөлісу: |