Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)
Г.Меңдель заңдары
Т.Морган заңы
Генотип дегеніміз не?
Фенотип дегеніміз не?
Доминанттылық дегеніміз не?
Рецессивтілік дегеніміз не?
Моногибридтік будандасу мен дигибридтік будандасу айырмашылығын атап бер?
Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)
Адамның популяциялық генетика негіздері.
7. Сабақтың тақырыбы: Адамның популяциялық генетика негіздері.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Теория-тақырып таныстыру сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Студенттерге адамның популяциялық генетика негіздерін, Харди Вайнберг заңын, популяциядағы генофондтардың кездесу жиілігін анықтау.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.
б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі оқулықтар:
1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,
2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей.
3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика.М.,Медицина, 2003.
4. Генетика учебник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ «Адемкнига»
5. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Түр деп морфологиялық және қызметтік белгілері, кариотипі бірыңғай ұқсас, белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендейтін, шығу тегі бірдей, өзара еркін будандасып, көбеюге қабілетті ұрпақгар қалдыра алатын даралар жиынтығын айтамыз. Түр деген терминді 17 ғасырда Джон Рэй енгізген , бірақтүр туралы нақтылы деректер келтіріп, олардың ғылыми аталу принциптерін (бинарлы номенклатура) қалыптастырған К. Линней (18 ғ.) болатын. К. Линнейден бері қарай оқымыстылардың түрге деген көзқарастары өзгеріп отырған. К. Линней түрлер өзгермейді, түрақгы болады деп болжамдаған. Ж. Ламарк керісінше түрлер үнемі өзгереді, табиғатта шынайы түрлер кездеспейді, оларды адамдар ойлап тапқан, табиғатта шынайы тек даралар ғана кездеседі деген. Ч. Дарвин түрлер үнемі өзгеріп отырады, бірақ белгілі бір тарихи уақыт аралығында табиғатта олар шынайы кездеседі деп айтқан. Кез келген түрлердің өздеріне тон критериялары болады, оларға морфологаялық, физиологиялық, цитогенетикалық, экологиялық, биохимиялық т. б. критсриялар жатады. Табиғи жағдайларда бір түрдіц даралары өздерінің ареалдарында біркелкі таралмаған, бір жерлсрде жиі кездесіп топтасып орналасса, екінші бір жерлерде аз кездеседі, тіпті кездеспеуі мүмкін. Түр дараларының үлкенді - кішілі топтарын популяциялар деп атайды. Популяция деп белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендеп, бір -бірімен еркін будандасатын биологиялық түрдің даралар жиынтығын айтамыз. Популяциялар түрдің тіршілік ету, эволюциялану формасы болып табылады. Олар ағзалардың сыртқы орта факторларыменәрекеттесуінің нәтижесінде, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау салдарынан қалыптаады Популяция терминін биологияға 1903 жылы Иогансен енгізген болатын. Бір түр бірнеше популяциялардан тұрады. Популяциялардың экологиялық, генетикалық сипаттамалары белгілі. Популяцияның экологаялық сипаттамасына мыналар жатады:
Ареал мөлшері;
Дараларсаны;
Жастық қүрамы;
Жыныстық құрамы.
Популяциялар ареалдарының мөлшері түрліше болады, ол ағзалардың жекелей белсенділігінің радиусына байланысты. Мысалы, ұлу өте баяу қозғалады, ол бірнеше метрге ғана жылжи алады, демек оның ареалының мөлшері кішкентай, ал су тышқаны жүздеген метрге барып келе алады, түлкілер, касқырлар - ондаған, жүздеген километрге таралады, демек олардың популяцияларының ареалдары ұлкен. Сол сияқты популяциялардағы даралар саны да әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, көлдерді мекендейтін инеліктің популяциясында 30 000 жуықдаралар болатын болса, ұлу популяциясында небәрі 1000 жуықдаралар кездеседі. Дегенмен, популяциядағы даралар санының ең төменгі деңгейі болады. Ол деңгейден азайса, популяциялар жойылады. Адамдардың сан жағынан шағын, 1500 - 4000 адамнан аспайтын кішкентай популяцияларын демдер, ал одан да кішкентай 1500-ден аз адамдардан тұратын популяцияларды изоляттар деп атайды. Демдер менизоляттар өте баяу көбееді, демдер - 20, изоляттар-25 процент мөлшерінде. Сол сияқгы, демдер мен изоляттардатуыстык некелесу жиілігі өте жоғары дәрежеде болады, ал олрецессивті аллельдердің гомозигота күйіне өтіп, кейбір аурулардыңдамуына алып келеді. Егер изоляттар 4 буыннан астам уақыт біржерде өмір сүретін болса, оның әрбір мүшелері бір - бірімен кемдегенде шөберелес ағалы - інілі,немесе апалы — сіңлілі болып келеді. Әртүрлі түрлердің популяцияларының жастық күрамы құбылмалы болып келеді және бұл олардың тіршілік ұзақтығына, көбею белсенділігіне, жыныстық жетілу мерзімдеріне байланысты болады. Популяцияны генетикалықтұрғьннан карастыратын болсақоныңөзіне тән генофонды болады. Генофонд (ген қоры) дегеніміз популяция дараларының генотиптерінің (аллельдерінің) жиынтығы. Табиғи популяцияларының генофондының негізгі белгілері:
Генетикалық гетерогенділігі немесе генетакалық полиморфизмі(көптүрлілігі).
Генетикалық біртүтастығы.
Әртүрлі генотипті даралардың өзара динамикалық тепе теңдігі болып саналады.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)
Оқущылардың білімін жан жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру
Хромосомалық аурулар дегеніміз не?
Даун синдромына түсініктеме бер?
Эдварс синдрмына түсініктеме бер?
Тернер-Шерешевский синдромына түсініктеме
бер?
Мысықша мияулау синдромына түсініктеме бер?
Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)
Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Проэмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Гаметогенез. Ұрықтанудың биологиялық мәні.
8. Сабақтың тақырыбы: Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Проэмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Гаметогенез. Ұрықтанудың биологиялық мәні.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Теория-тақырып таныстыру сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Студенттерге онтогенез, дамудың генетикалық негіздерін, проэмбриональді және постэмбриональді дамудың жалпы заңдылықтарын, гаметогенез, ұрықтанудың биологиялық мәнін анықтау.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.
б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі оқулықтар:
1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,
2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей.
3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика.М.,Медицина, 2003.
4. Генетика учебник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ «Адемкнига»
5. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Кез келген тірі ағза өсіп дамиды. Ағзалардың өсуі дегеніміз оларда байқалатын сандық өзгерістер, яғни олардың денесінің не жекелеген мүшелерінің мөлшерінің, салмағының өсуі. Ал, даму дегеніміз ағза денесінде не оның мүшелерінде байқалатын кері кай-тпайтын сапалық өзгерістер болып табылады. Ағзалардың өсуі мен дамуы бір-бірімен тығыз байланысқан, бірінсіз бірі болмайтын күрделі физиологиялық кұбылыстар болып саналады. Олардың екеуі де генстикалық, гуморальдықжәне жүйкелік тетіктер (механизмдер) арқылы реттелініп отырады.Даму құбылысын, әдетте, екі түрлі мағынада түсінеді: 1) ағзалардың жеке дамуы —онтогенез; 2) ағза топтарының, яғни систематикалық топтардың немесе ағзаның мүшелері мен мүшелер жүйесінің тарихи дамуы —филогенез. Онтогенез түрлері. Онтогенез — (грекше онтоз — тіршілік, генизис— даму) тірі даралардың жеке дамуы, яғни зиготадан бастап ағза дүние салганға (өлгенге) дейінгі уақыттар аралығында байкалатын күрдслі өзгерістер жиынтығы болып табылады. Онтогенез терминін алғаш рет 1866 жылы Э. Геккель енгізген болатын. Әртүрлі ағзалардыңонтогенезітүрлішежолдарменжүреді. Осыған орай, онын екі түрін ажыратады: 1. тура даму; 2. тура емес (түрленіп) даму.
Тура даму дегеніміз жұмыртқадан не ұрық қабығынан барлық мүшелері қалыптасқан, ересек өкілдеріне өте ұқсас, тек олардан дене пропорциялары арқылы ғана ерекшеленетін және өз бетінше дербес тіршілік ете алатын ұрпақтардың дүниеге келуін айтамыз.Даралардың тура дамуы ана денесінен тыс жағдайларда (мысалы, жұмыртқаларда — кұстар, жорғалаушылар) не тікелей ана ағзасында (мысалы, жатырда сүтқоректілер) жүруі мүмкін.
Тура емес немесетурленіп даму (метаморфоз) деп жүмырткадан ересек формаларына мүлдем ұқсамайтын аралық формалардың (дернәсілдер, қуыршақ т.с.с.) пайда болуы арқылы дамуды айтамыз. Оның екі түрі белгілі: 1) толықтүрленіп даму — жұмыртқадан бір немесе бірнеше формалы дернәсілдер, содан кейін қуыршақ, ересек дара — имаго дамып жетіледі (бунақденелілерде); 2) шала түрленіп даму - бүл жағдайда жүмыртқадан- дернәсіл, ал одан ересек дара дамып жетіледі (бунакденелілер).
Жоғарыда сипатталған онтогенез түрлері ұрықгану нәтижесінде жүзеге асады. Кейде даралардың дамуы ұрықтанбайақжұмыртқа жасушасының ядросының, не сперматозоид ядросының бөлінуі нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін (жалпаққұрттар, бунақденелілер). Дамудың бұндай жолын, яғни даралардың ұрықтанбай дамуын-партеногенез деп атайды. Партеногенез жыныстық көбеюдің ерекше түрі болып табылады. Бұндай жолмен көбейетін даралар ұрпақтары гаплоидты (п), даражынысты болып келеді. Партеногенездің екі түрі белгілі: 1) ганогенез — жұмыртқа жасушасына сперматозоидтар еніп бірақ қосылмай оның әрі қарай дамуына түрткі болады; 2) андрогенез — жұмыртқа жасушасына енген сперматозоид ядросы жұмыртқа жасушасының өліп жойылған ядросын алмастырып жаңа ағзаның дамуын қамтамасыз етеді. Онтогенездің мәнін толық анықтайтын түпкілікті теория әлі күнге дейін жоқ. Бірақ XIXғасырдың басынан бастап оның мәнін анықтау мақсатында бірнеше гипотезалар (болжамдар) айтылуда. Олардың негізгілері — преформизм және эпигенез гипотезалары. Преформизм гипотезасы бойынша болашақ ағза жыныс жасушаларында барлықмүшелері толықкалыптаскан, бірақөте кішкентай күйде күнібұрын анықталтан. Сол кішкентай ағза ішінде олардың болашақ ұрпақтары да айқындалған, яғни болашақағзаларжыныс жасушалары қосылмай тұрып қалыптасқан. Ал, онтогенез (жеке даму) дегеніміз сол кішкентай, күнібүрын қалыптасқан ағза мүшелерінің, денесінің жәй өсуі ғана болып табылады, яғни онтогенез барысында ешқандай жаңа қөрылымдар - ұлпалар, мүшелер түзілмейді деп уағыздаған. Мүндай болжамды еңалғаш ежелгі грек дәрігері Гиппократ айтқан болатын. Преформизмді қолдаушы оқымыстылардың өздері дайын кішкентай ағза қандай жыныс жасушаларда кездеседі (жүмыртқа жасушасында ма, әлде сперматозоидтарда ма) деген сұраққа байланысты екі топқа бөлінген: бірі қалыптасқан кіпкіштай ағза жүмыртқа жасушасында болады деп уағыздаса - овиеттер;екіншісі — сперматозоидтарда кездеседі деп болжамдағаін - анималкулисттер. Қазіргі деректер бойынша жыныс жасушаларында барлық мүшелері қалыптасқан кішкентай ағза болады деп айту қате, дегенмен, соңғы кездерге дейін преформизм идеясын жаңғыртуға тырысушылар оқтын-оқтын табылып жатты, оларды неопреформисттер деп атайды. Ерте замандардың өзінде-ақ преформизм гипотезасына қарама-қарсы пікірлер айтылған. Бүл пікірлерді эпигенез гипотезасы деп атайды. Эпигенез гипотезасы бойынша жыныс жасушаларында (жұмыртқа жасушасы, сперматозоид) ешқандай дайын, күні бұрын айқындалған кішкентай ағза болмайды, тіпті жыныс жасушаларында ешқандай күрделі күрылымдар да кездеспейді. Олар құрылыссыз, гомогенді — біркелкі массадан тұрады, ал болашақ ағза ұрықтанғаннан кейін күрделі жаңа құрылу құбылыстарының нәтижесінде дамып жетіледі деп айтқан. Яғни жыныс жасушаларының ағза онтогенезі үшін ешкандай рөлі болмайды деп уағыздаған. Эпигенез идеяларының өріс алып дамуы орыс ғалымы К. Вольфтың еңбегімен тығыз байланысты. XVIIXVIІІғасырларда осы екі гипотеза жақтастары арасында ұзаққа созылған ымырасыз пікірталас жүріп келген. Бірақ XIXғасырдыц бас жагында К. Бэр өз тәжірибелері негізінде жоғарыда келтірілген гипотезалардың ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп көрсеткен. К. Бэрдің айтуынша жыныс жасушаларында дайын күні бұрын айқындалған кішкентай ағза болады деп айту әбестік, сол сияқты жыныс жасушалары болашақ ағзаның дамуына ешкандай ұлес қоспайды дұрыс емес. Онтогенез өте күрделі құбылыс, оның әрбір кезсңдері мен сатыларында күрделі өзгерістер, жаңа құрылымдар пайда болып отырады. оның келесі кезеңі мен сатысының қалыпты жүруі одап дейінгі кезеңдер мен сатыларда болып өткен құбылыстар жиынтығына тығыз байланысты болады. Сондықтан да онтогенезді - преформацияланған эпигенез деп қарастыруымыз керек. К. Бэрдің осы болжамы қазіргі кеде де көптеген оқымыстылар тарапынан қолдау табуда
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)
Оқущылардың білімін жан жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру
Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)
Онтогенез.Эмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың генетикалық және жасушалық негіздері.
Гисто-органогенез
9. Сабақтың тақырыбы: Онтогенез.Эмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың генетикалық және жасушалық негіздері.
Гисто-органогенез
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Теория-тақырып таныстыру сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Студенттерге даму биологиясын, онтогенез ұғымын, онтогенез кезеңдерін, ұрықтық дамудың жалпы заңдылықтарын,дамудың генетикалық негіздерін, адамның репродукциясының ерекшеліктерін, эмбриональды, постэмбрионалды онтогенез кезеңдерін,геронтология негіздерін оқыту.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.
б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі оқулықтар:
1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,
2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей.
3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика.М.,Медицина, 2003.
4. Генетика учебник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ «Адемкнига»
5. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Жоғарыда сипатталған онтогенез түрлері ұрықгану нәтижесінде жүзеге асады. Кейде даралардың дамуы ұрықтанбайақжұмыртқа жасушасының ядросының, не сперматозоид ядросының бөлінуі нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін (жалпаққұрттар, бунақденелілер). Дамудың бұндай жолын, яғни даралардың ұрықтанбай дамуын-партеногенез деп атайды. Партеногенез жыныстық көбеюдің ерекше түрі болып табылады. Бұндай жолмен көбейетін даралар ұрпақтары гаплоидты (п), даражынысты болып келеді. Партеногенездің екі түрі белгілі: 1) ганогенез — жұмыртқа жасушасына сперматозоидтар еніп бірақ қосылмай оның әрі қарай дамуына түрткі болады; 2) андрогенез — жұмыртқа жасушасына енген сперматозоид ядросы жұмыртқа жасушасының өліп жойылған ядросын алмастырып жаңа ағзаның дамуын қамтамасыз етеді. Онтогенездің мәнін толық анықтайтын түпкілікті теория әлі күнге дейін жоқ. Бірақ XIX ғасырдың басынан бастап оның мәнін анықтау мақсатында бірнеше гипотезалар (болжамдар) айтылуда. Олардың негізгілері — преформизм және эпигенез гипотезалары. Преформизм гипотезасы бойынша болашақ ағза жыныс жасушаларында барлықмүшелері толықкалыптаскан, бірақөте кішкентай күйде күнібұрын анықталтан. Сол кішкентай ағза ішінде олардың болашақ ұрпақтары да айқындалған, яғни болашақағзаларжыныс жасушалары қосылмай тұрып қалыптасқан. Ал, онтогенез (жеке даму) дегеніміз сол кішкентай, күнібүрын қалыптасқан ағза мүшелерінің, денесінің жәй өсуі ғана болып табылады, яғни онтогенез барысында ешқандай жаңа қөрылымдар - ұлпалар, мүшелер түзілмейді деп уағыздаған. Мүндай болжамды еңалғаш ежелгі грек дәрігері Гиппократ айтқан болатын. Преформизмді қолдаушы оқымыстылардың өздері дайын кішкентай ағза қандай жыныс жасушаларда кездеседі (жүмыртқа жасушасында ма, әлде сперматозоидтарда ма) деген сұраққа байланысты екі топқа бөлінген: бірі қалыптасқан кіпкіштай ағза жүмыртқа жасушасында болады деп уағыздаса - овиеттер;екіншісі — сперматозоидтарда кездеседі деп болжамдағаін - анималкулисттер.
Достарыңызбен бөлісу: |