Құрастырушылар


Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы



бет14/20
Дата24.04.2017
өлшемі5,82 Mb.
#15165
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

    Генетика - түқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Ол биологияның ең жас саласының бірі болып саналады; оның іргесінің қалануы 1900 жыл, ал негізін қалаушы, "атасы" ретінде Г.Мендель саналады.Тұқым қуалаушылық тірі ағзалардың түпкілікті қасиеттерінің бірі-ол ұрпақтан ұрпакқа ата-аналарының белгілер, қасиетгерінің үздіксіз беріліп отырылуы болып саналады. Тұқым қуалаушылықтың екі мәні белгілі: 1)оның түрақгы, консервативті болуы, яғни ұрпақтан-ұрпаққа ағзалардың негізгі, түпкілікті белгілері мсн . кдсиетгерінің өзгеріссіз беріліп отырылуы. Оған мысал ретінде қойдан қозының, түйеден ботаның, биеден қүлынның, иттен күшіктің туылуын атауға болады; бидай сепсек бидай жинаймыз, жүгеріден жүгері өнеді; асқабақтан асқабақ жетіледі т.с.с. Тұқым қуалаушылықтың консервативтілігінің нәтижесінде биологиялық түрлердің, тіршіліктің тұрақтылығы, біртұтастығы калыптасады; 2)түқым қуалаушылықтың өзгергіштігі, яғни әртүрлі себептердің салдарынан ағзалардың белгілері мен қасиеттері азды-көпті өзгеріске ұшырайды. Оған мындаған мысал келтіруге болады. Бір жанұяның балалары бір-бірінен аз да болса ерекше, өзгеше болады; қорадағы қой, ешкі, сиыр, жылқылар бір-бірінен сәлде болса өзгеше болады; егістіктегі бидай, жүгері арпа т.с. өсімдіктер биіктігі, өнімділігі жағынан түрліше. Түқым қуалаушылықтың өзгергіштігінің нәтижесінде тіршілік сан-алуан формалы болып келеді.

    Генетика ғылымыныц нсгізгі мақсаты-тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктізерттеп тіршіліктің түпкіліктізаңцылықтарының сырын ашу, анықтау болыпсаналады. Оның медицина, ауыл шаруа- шылығы т.б. салалар үшін маңызы өте зор. Адамдардың ауруларының нақтылы белгілер, ал олардың бәрі дерлік түқым қуалайды. Оларды анықтап емдеу, оларды болдырмай алдын алу үшін генетикапы I жақсы игеру қажет. Ағзалардың тұқым куалаушылық қасиеті ертедегі грек оқымыстыларына белгілі болған, бірақ олар оның мәнін дұрыс түсіндіре алмаған. ХІХ-ғасырға дейін оқымыстылардың тұқым қуалаушылықты түсіпдіру үшін жасаған болжамдарының бәрін - "кіріккен"түқым куалаушылық гипотезалары деп атауға болады. Олардың болжамдауынша ұрпақтардың белгілері, касиеттері атасы мен анасының түқым куалаушылық материалдарының өзара қосылып кірігуінің нәтижесінде қалыптасады. Осы сияқгы гипотезаны Ч.Дарвин де дамытқан. Ол өзінің эволюциялық ілімін генетикалық тұрғыдан түсіндіру үшін "пангенезис" теориясын ұсынған. Бұл гипотеза бойынша ағзалардың әрбір мүшесі, үлпалары ерекше зат-"пангендер" бөліп шығарады, ал олар қан арқылы жыныс жасушаларына жеткізіліп, гаметалар қосылған кезде өзара қосылып кірігеді деген. 1865 ж. чех ғалымы Г.Мендель түқым қуалаушылықгьщ дискретті (тәуелсп тұқым куалау) теориясын қалыптастырды. Бүл теория бойынша ата-аналарының түқым қалаушылық факторлары (гендер) -гаметалар қосылған кезде бір-бірімен өзара кірігіп қосылмады, керісінше олар дербес, дискретті болады. Ата-аналарының белгілері ерте ме, кеш пе ұрпақтарда байқалып, қайталанып отырады. Г.Мендельдің ашқан түқым куалаушылық заңдылықтары 1900 ж. дейін ғылыми қауымға, көпілікке белгісіз болып келеді. Ал 1900 ж. оқьімыстылар-Г.Фриз, К.Корренс, Э.Чермак, бір-бірінен тәуелсіз, Г.Мендель заңдарын қайта ашқаннан кейін барып Г.Мендельдің еңбектері өз дәрежесінде бағаланды. Бірақ әлі де болса тұқым куалаушылықтыңматериалы белгісіз еді. 1902 ж. АҚШоқымыстысы Вальтер Саттонжәне неміс оқымыстысы Теодор Бовери тұқым қуалаушылық хромосомалармен байланысты болуы мүмкіи деген болжам жасаған. Оған негіз болған себеп, олар жасушаның митоз және мейоз жолдарымен бөліну кезінде және ұрықтанупроцесінде хромосомалардың қимыл әрекеттерінің ұқсас болатындығын байқаған.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет