Құрастырушылар



бет1/20
Дата24.04.2017
өлшемі5,82 Mb.
#15165
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Медициналық биология және генетика пәні бойынша теория сабақтарынан әдістемелік өңдеу


Мамандығы: « Медбикелік іс »
Курсы: II
Семестрі: IV
Құрастырушылар:

Алипбаева. Г. С

Жазықбаева. Г. Т.

Шымкент - 2014

Кафедра мәжілісінде қаралды:

29. 05. 2014 ж
№ 24 хаттама.

Кафедра меңгерушісі: Есіркепов.М.М..



1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Пән және генетика мен медицина

лық биологияның міндеттері, даму этаптары. Медициналық биологияның негізгі бағыттары, оның басқа медико- биологиялық пәндермен байланысы. Заманауи жетістіктері.Тірі ағзаның құрылымдық деңгейлері. Тірі ағзаның түпкілікті қасиеттері. Жасушалық құрылымның типтері.



Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Теория-тақырып таныстыру сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Студенттерге тіршілік ұйымдарының жасушалық және молекулалық деңгейлерінің негізін, «Медициналық биология генетика» пәні және оның міндетін, негізгі даму кезеңдерін, медициналық биологияның негізгі бағыттарын, медико – биологиялық пәндермен өзара байланысын, соңғы жетістіктерді, гендік инженерлік және жасушалық биотехнологияларды оқыту.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.

б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
7.Әдебиеттер:
1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,

2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей.

3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика.М.,Медицина, 2003.

4. Генетика учебник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ «Адемкнига»



5. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007

Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру



Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (35%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Медициналық биология – биологиялық заңдылықтарды адам, адам қеуымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы болып табылады. Биологияның медицина үшін маңызы өте зор – ол медицина үшін теориялық негіз болып табылады. Биология өте ертедегі пайда болған ғылым. Ол адамдардың практикалық қызметі нәтижесінде қалыптасқан. Тіршіліктің мәнін анықтау – биологиялық негізгі мақсаттарының бірі.Тірі ағзалар өлі дүниеде кездесетін химиялық элементтерден тұрады, бірақ сол химиялық заттардың тірі ағзалардағы күйі,қызметі,активтігі өлі дүниедегіден өзгеше болады.Тіршіліктің түпкілікті қасиеттеріне мыналар жатады. Жасушаның ашылуы оптикалық құрал - микроскоптың құрастырылуымен тығыз байланысты. Оптикалық әйнектер туралы деректер өте ерте кезден-ақ қалыптаса бастаған. 15-ші ғасырдың басында оптикалық әйнектерді адамдар көзәйнек ретінде пайдаланган. Екі линзадан тұратын және ұсақ денелерді ұлғайтып көрсететін ең қарапайым оптикалық құралды 16-шы ғ. аяғында ағайынды Янсендер құрастырған, бірақ олар арқылы жасушаны көруге мүмкіндік болмаған. Жасушаны көруге мүмкіндік беретін алғашқы микроскопты 1665 ж. физик Р.Гук құрастырып, сол микроскоп арқылы жасушаны ашқан. 1671 ж. М.Малышги, Н.Грю жасушаларды зерттеп, олардың_ең негізгі құрамдық бөлігі кабықшасы деп болжамдаған. ХVII-ХІХ ғасырларда микроскоптьң күрделенуі, микроскопиялық зерттеулер әдісінің жетілуі нәтижесінде бірте-бірте жасушаның тірі заттары ашылған.

1831 ж. ағылшын ғалымы Р.Броун жасушаның түйіршіктенген кұрылымын ядро (nucleus) деп атаған, ядроны ашқан 1841 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье жасушаның қоймалжың заты - тірі затын ашып, оны протоплазма деп атаган. Осылайша XIX ғасырда ғалымдардың жасуша туралы пікірі бірте-бірте өзгеріп, оның негізгі заты қабықшасы емес, тірі заты деген ұғым қалыптасқан. 1938-1939 жж. неміс ғалымдары Т.Шванн және М.Шлейден еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының 200-жылға жуық созылған зерттеулері қорытындыланып жасуша теориясы қалыптаскан. Сол сияқты жасуша теориясының әрі қарай дамуына неміс дәрігері Р. Вирховта (1858 ж.) өз үлесін қосқан.

Қазіргі кезде жасуша теориясының мынадай негізгі қағидалары белгілі:

1) жасуша тіршілігінің ең ұсақ құрылым бірлігі болып табылады, себебі барлық тірі ағзалар (өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бөлшектенуішлер) жасушалардан тұрады.

2) барлық жасушалардың құрылысы жалпы алғанда бір-біріне
ұқсас болады;

3) жасуша тек жасушадан,онын бөлінуі нәтижесінде пайда болады.

4) жасуша ашық биологиялықжүйе, ол арқылы үнемі заттар, энергия және ақпараттар ағыны өтіп отырады.

Қазіргі кездегі тұжырым бойынша тіршіліктің 2 формасы белгілі:



1)Тіршіліктің жасушасыз формасы - оған вирустар жатады.
Вирустар өте кішкентай, тіпті жай микроскоп арқылы көрінбейтін, денелер.Одар нуклеин кьішқылдарынан және белоктан түрады. Олардың тіршілігі тек жасушаға енгеннен кейін ғана байқалды, ал өз беттерінше оларда тіршілік кұбылыстары байкалмайды. Вирустарды 1892 ж. орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашқан.

2) Тіршіліктің жасушалы формасы. Оның 2 түрі белгілі, а)прокориотты жасушалар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар) түйіршіктелген, цитоплазмадан қос қабат мембрана арқылы шектелген, ядросы болмайды; түқым қуалаушылық материалы ретінде сақиналанган ДНҚ кездеседі; рибосомадан баска органоидтары болмайды; мөлшері жағынан өте үсақ болып келеді 0,1-0,5 мкм; митоз кездеспейді.

3) Эукариотты жасушалар-түйіршіктелген, цитоплазмадан қосқабат мембрана арқылы шектелген ядросы болады; тұқымқуалаушылық материалы ретінде хромосомалар кездеседі, барлық органоидтары болады; клетка мөлшері біршама ірі болып келеді 15-65 мкм; митоз жолымен бөлінеді. Эукариоттарды бір жасушалы ағзалар жасушасы және көп жасушалы ағзалар жасушалары деп жікгейді. Ал, соңғыларын өсімдіктер және жануарлар жасушалары деп бөледі.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)

  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру




    1. Биология ғылымының негізгі міндеттері

    2. Тіршіліктің түпкілікті қасиеттеріне нелер жатады?

    3. Заттардың және энергияның алмасуы?

    4. Дискреттік және біртұтастық?

    5. Тіршіліктің молекулалық құрылым деңгейі


Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)

Жасушаның молекулалық биологиясы. Жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымы – нуклеин қышқылдары және ақуыздар. Генетикалық ақпаратты кодтау принциптері және жүзеге асыру жолдары.




2. Сабақтың тақырыбы: Жасушаның молекулалық биологиясы. Жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымы – нуклеин қышқылдары және ақуыздар. Генетикалық ақпаратты кодтау принциптері және жүзеге асыру жолдары.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Теория - тақырып таныстыру сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Студенттерге тіршіліктің жасушалық және молекулалық – генетикалық негізгі үрдістерін,тіршіліктің мәні мен тірі ағзалардың қасиеттерін, жасушалық деңгейдің типтерін, жасушалық деңгейдің функционалдық құрылымдық ұйымдасуының деңгейін, жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымы – нуклеин қышқылдары және ақуыздар. Генетикалық ақпаратты кодтау принциптері және жүзеге асыру жолдарын оқытып үйрету.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.

б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі оқулықтар:

1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,

2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. 3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика.М.,Медицина, 2003. 4. Генетика учебник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ «Адемкнига»

5. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру


Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Жасушаның ашылуы оптикалық құрал - микроскоптың құрастырылуымен тығыз байланысты. Оптикалық әйнектер туралы деректер өте ерте кезден-ақ қалыптаса бастаған. 15-ші ғасырдың басында оптикалық әйнектерді адамдар көзәйнек ретінде пайдаланган. Екі линзадан тұратын және ұсақ денелерді ұлғайтып көрсететін ең қарапайым оптикалық құралды 16-шы ғ. аяғында ағайынды Янсендер құрастырған, бірақ олар арқылы жасушаны көруге мүмкіндік болмаған. Жасушаны көруге мүмкіндік беретін алғашқы микроскопты 1665 ж. физик Р.Гук құрастырып, сол микроскоп арқылы жасушаны ашқан. 1671 ж. М.Малышги, Н.Грю жасушаларды зерттеп, олардың_ең негізгі құрамдық бөлігі кабықшасы деп болжамдаған. ХVII-ХІХ ғасырларда микроскоптьң күрделенуі, микроскопиялық зерттеулер әдісінің жетілуі нәтижесінде бірте-бірте жасушаның тірі заттары ашылған. 1831 ж. ағылшын ғалымы Р.Броун жасушаның түйіршіктенген кұрылымын ядро (nucleus) деп атаған, ядроны ашқан 1841 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье жасушаның қоймалжың заты - тірі затын ашып, оны протоплазма деп атаган. Осылайша XIX ғасырда ғалымдардың жасуша туралы пікірі бірте-бірте өзгеріп, оның негізгі заты қабықшасы емес, тірі заты деген ұғым қалыптасқан. 1938-1939 жж. неміс ғалымдары Т.Шванн және М.Шлейден еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының 200-жылға жуық созылған зерттеулері қорытындыланып жасуша теориясы қалыптаскан. Сол сияқты жасуша теориясының әрі қарай дамуына неміс дәрігері Р.Вирховта (1858 ж.) өз үлесін қосқан.

Қазіргі кезде жасуша теориясының мынадай негізгі қағидалары белгілі:

1) жасуша тіршілігінің ең ұсақ құрылым бірлігі болып табылады, себебі барлық тірі ағзалар (өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бөлшектенуішлер) жасушалардан тұрады. 2) барлық жасушалардың құрылысы жалпы алғанда бір-біріне ұқсас болады; 3) жасуша тек жасушадан,онын бөлінуі нәтижесінде пайда болады. 4) жасуша ашық биологиялықжүйе, ол арқылы үнемі заттар, энергия және ақпараттар ағыны өтіп отырады. Қазіргі кездегі тұжырым бойынша тіршіліктің 2 формасы белгілі: 1) Тіршіліктің жасушасыз формасы - оған вирустар жатады.
Вирустар өте кішкентай, тіпті жай микроскоп арқылы көрінбейтін, денелер.Одар нуклеин кышқылдарынан және белоктан түрады. Олардың тіршілігі тек жасушаға енгеннен кейін ғана байқалды, ал өз беттерінше оларда тіршілік кұбылыстары байкалмайды. Вирустарды 1892 ж. орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашқан. 2) Тіршіліктің жасушалы формасы. Оның 2 түрі белгілі, а)прокориотты жасушалар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар) -түйіршіктелген, цитоплазмадан қос қабат мембрана арқылы шектелген, ядросы болмайды; түқым қуалаушылық материялы ретіндесақиналанган ДНҚ кездеседі; рибосомадан баска органоидтары болмайды; мөлшері жағынан өте үсақболып келеді 0,1-0,5 мкм; митозкездеспейді. 3) Эукариотты жасушалар-түйіршіктелген, цитоплазмадан қосқабат мембрана арқылы шектелген ядросы болады; тұқымқуалаушылықматериалы ретінде хромосомалар кездеседі, барлық органоидттары болады; клетка мөлшері біршама ірі болып келеді-15-65мкм; митоз жолымен бөлінеді. Эукариоттарды бір жасушалы ағзалар жасушасы және көп жасушалы ағзалар жасушалары деп жікгейді. Ал, соңғыларын өсімдіктержәне жануарлар жасушалары деп бөледі (сурет 1).


Бір жасушалы ағзалардың жасушасы (кдрапайымдылар) - өздері бір жасуша болып түрып, түтас ағзаға тән қызметтер атқарады: қозғалу, тітіркену, көбею, бөліп шығару, ас қорыту т.с.с. Ал көпжасушалы ағзалардың жасушалары белгілі-бір қызмет атқаруға маманданады, оларда әртүрлі белоктарсинтезделінеді, мысалы: эпителий ұлпасының жасушаларында-мелонин, бұлшықет жасушаларында-миозин т.б. Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан ерекшелігі мынадай:

  1. жасуша сыртын калың целлюлоза кабығы каптап түрады;

  2. цитоплазмада пластидтер (хлоропласттар, хромопласттар, лейкопласттар

  3. вакуолялары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет