Растірлік (BMP, JPEG, GIF),векторлық (AI, CDR) форматтардың көмегімен баспаға шығару. Форматтарды білу бейненің саспасын бағалауға және сақтауға дұрыс формат таңдауға мүмкіндік береді. Кейбір кезінде танымал болған форматтар қазіргі уақыт талаптарын сай емес, кейбір форматтар ешқайда қолданыс таппаған, өйткені оған программалық қамтамасыз ету жасалмаған.
Растрлік графика жұмыс нәтижелерін сақтауға ең тиімді формат tiff, PhotoShopта жұмыс жасау үшін — psd форматы қолданылады. Басқа форматтар веб-графикаға арналған немесе арнайы мақсатта қолданылады.
bmp -Windows Bitmap -Windowsтағы бейнені экранда көрсетуге арналған. Ол суреттерді жұмыс столында орналастыруға тиімді және программалық қамтамасыз етуді жасауда қолданылады (заставка, экрандық кнопкалардағы пиктограммалар). Bmpға конверттауда алғашқы файлдың сапасы сақталады, бірақ басқа мақсаттарда оптималды емес.
jpg (jpe, jpeg, jif -…-)- Joint Photographics Expert Group- Қазіргі уақыттағы экранды графиканың ең тараған форматы. Сығу алгоритмі жоғары (bmp форматындағы 1,5 мб файлJPEG форматында 10-150 кб орын алады). Бұл форматта цифрлық фотоаппараттың фотосуреттері сақталады.
Растрлік графиканың сапасы бұл форматта әртүрлі болуы мүмкін (сығу коэффициентіне байланысты). Jpgда негізгі мақсат- файлдың көлемін азайту, сапасы екінші орында.
Gif- CompuServe Graphics Interface Format- Аз түсті(256 түске дейін) графиканы сақтауға арналған және оны интернетке орналастыруға арналған формат. Мәліметтерді сығып сақтайды. Экранды графикаға арналған. Мөлдір фонда бейнелер жасау, жол арқылы жүктеуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі – бірнеше бейнені бір файлда сақтау, яғни ол анимацияланған роликты веб-бетке шығаруға мүмкіндік береді.
Векторлы графика форматы
Бір компьютерден екіншіге көшіргенде векторлы форматтардың барлығына келесі ескертулер актуальді:
Программаның жаңа версиясының пайда болғанында форматтың да жаңа ферсиясы пайда болады, яғни алдыңғы программаның версиялары бұл форматты қабылдамайды.
Cdr- Corel Draw Format- CorelDrawда жасалған векторлы бейнені сақтау форматы. Файл форматы CorelDraw версиясына байланысты болады. 6 версияның файлдарын 11 версияда ашу мүмкін емес.
AІ-Adobe Illustrator- Adobe Illustrator программасының форматы. Epsтың азайтылған варианты.
Бақылау сұрақтары: bmp -Windows Bitmap –Windows- ?