Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
73
интертекстуалды байланыстар туралы пікірлері мен топ-
тамаларын маңызды деп санайды. Қазақ көркем мәтін-
деріндегі интертекстуалдық элементтерге: өзгертілген 
цитатаға, орыс тіліндегі эпиграфқа, жасырын цитацияға, 
аллюзияға, реминисценцияларға мысалдар келтіреді.
Әдебиеттану мен лингвистикада «интертекст», «ин-
тертекстуалды», «интертекстуалдылық» терминдері 
төңірегінде қайшылықты пікірлер көп. Соған қарамас-
тан қазіргі уақытта интертексталдық проблемасын зерт-
теу жүйелі түрде қолға алына бастады. Әрине аталған 
мәселе тіл мен әдебиет тоғысында қарастырылып келеді. 
Дегенмен, қазақ әдебиетіндегі интертекстуальдық бай-
ланыстың түпкі бастауы фольклорда екенін де пайым-
дауға болады. К. С. Бузаубагарова интертекстуалдық 
теориясы тұрғысынан қазақтың ұлы ақыны Шәкерім Құ-
дайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасын жазуда 
«қазақ халқының эстетикалық, тарихи және этикалық 
тәжірибесіне сүйенгенін» сөз етеді. Демек Еңлік Кебек-
тегі поэмасындағы кейіпкерлердің тағдырлары, есім-
дері «Қалқаман-Мамырдағы» кейіпкерлерге ауысады. 
Автор эпостық негізді сақтай отырып өз шығармасына 
«өзгелік» сипаттар дарыта отырып, жаңа туындыны жа-
зып шығады. Фольклорлық сюжет-архетип Шәкерім өң-
деуінде әлеуметтік адамгершіл жаңа сипатты иеленеді. 
Шәкәрім поэмасына фольклорлық интертекст айтарлық-
тай ықпал еткенмен автордың тек өзіне тән қолтаңбасы 
да ерекше. Сондықтан Шәкәрім шығармаларындағы 
фольклорлық дәстүрді зерттеуші: «В поэмах Шакарима 
много недосказанного. Герои всю боль, все муки уносят 
с собой. Но это уже сюжет для другого произведения. 
А физическая среда фольклора не знает сопротивления. 
Этой особенностью фольклорной поэтики интертекс-
туально характеризуются поэмы Шакарима. Особеннос-
ти фольклорного мира как центральной категории в поэ-
тики жанрово-обусловленного эпоса демонстрируют 
фундаментальную рольфольклорного интертекста».[4, 
448], – деп жазады.
Қазақ әдебиетінің әралуан жанрларындағы интер-
текстің стильдік қызметі мен құбылыстарын жүйелеу 
арнайы зерттеуді қажет етеді. Себебі И.И. Ильиннің ай-
туынша, әр мәтін интертекст болып табылады. [5, 207]. 
Олай болса, осы күнге дейін қазақ поэзиясында-
ғы дәстүр жалғастығын, ақындардың шығармашылық 
өнеріндегі үндестікті ғана терең танып қана қоймай, ин-
термәтін поэтикасын зерделеудің де маңыздылығын аң-
ғаруға болады. Әсіресе, интермәтін ерекшеліктері Абай 
мен Шәкәрім поэзиясынан да айқын танылады. Әрине, 
Абаймен үндеспейтін, Абайды өзіне үлгі тұтпаған ақын 
жоқтың қасы екені белгілі. Мәселен, Жамбыл мен Абай-
дың ақындық қасиеттеріндегі үндестіктер аз емес. Екеуі-
не ортақ мүдде – ұлт мүддесі. Екі ақын ел ішіндегі әлеу-
меттік қайшылықтарға жаны күйзеледі. Тығырықтан 
шығар жол іздейді. Абай:
«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
 О да қылған кедейге үлкен сыйы» 
[6,77], – десе, Жам-
был:
 «Сараң байдың үйіне қонақ келсе,
Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап.
Кедей жомарт үйіне мейман келсе,
Жалғыз қойдың тұрады басын байлап»
[7,29], – дейді.
Қытымыр байдың қылықтарына күйініп, кедейдің 
мүшкіл халіне жаны ауырады. Рас, Жамбылдың бұл 
өлеңі қазақ кедейінің жайын күйттеген Ыбырай, Сұлтан-
махмұт, Бейімбет сияқты көптеген ақындардың, әсіресе 


74
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
75
Абай өлеңіндегі кедей мен байдың бейнесін көбірек еске 
түсіретін реминисценция болып табылады. Көрнекті 
зерттеуші Зәки Ахметов: «Кедейдің тұрмыс жайын су-
реттеудегі Абай салған із Сұлтанмахмұттың поэзиясын-
да толыса келіп, үлкен арнаға айналды. Дарынды ақын 
«кеудесін есік тескен» кедей бейнесін шебер мүсіндеп 
берді» [ 8,78 ], – деп жазады. А.Ахматованың «Белая 
стая» (1915) өлеңіндегі «қайыршы» реминисценциясы
Бунин, Горький, Блок шығармаларындағы «қайыршы» 
сөзінің тарихи мәнімен, олардың «қайыршы Ресей-
ге» деген сүйіспеншілігін айғақтайтын азаматтық үні-
мен қалай ассоциацияланса [9,267], Жамбыл мен Абай 
өлеңдерінің әлеуметтік мәні де солай шендеседі. Жам-
был «Әлемде бір жұлдыз бар» өлеңіне Абайдың «Үміт 
алыс, өмір шақ» деген оралымын интермәтін сипатында 
шеберлікпен сыналап енгізгенін де көруге болады. Ал, 
«қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» 
ұлы Абайдың өлеңдеріндегі реминисценциялар мен ин-
тертекстуальдық байланыстардың да түп негізі халық-
тық фольклорда жатқандығын ақын поэзиясын індете 
зерттеген көрнекті ғалым Зәки Ахметовтің: «Қызарып, 
сұрланып» секілді өлеңдерінде жастардың көңіл-күйін, 
жан сырын, сезімін өте нәзік көрсететін махаббат ли-
рикасының жаңа үлгілерін туғызған Абай қазақ поэзия-
сында қалыптасқан қыздың портретін арнайы, бажайлап 
суреттеу тәсілінен бойын аулақ салмайды. «Қақтаған ақ 
күмістей кең маңдайлы» атты өлеңінде Абай сұлу қыз-
дың портретін суреттеудегі халықтық үлгіні шебер қол-
данады» [8,83], – деген пайымынан да аңғаруға болады. 
Тіпті, З. Ахметов «Алпамыс», «Қыз Жібек» сияқты ха-
лық поэзиясындағы «ұйқастардың кейбірі Абай ұйқас-
тырған сөздермен әуендес, ал кейбірі (былқылдап, бұл-
тылдап, қылтылдап, сыңқылдап) дәлме-дәл келетіндігін 
де айқындайды [8,88]. Фольклорды айтпағанда, Абайға 
дейінгі XV-XVIII ғасырлардағы ауызша шығарылып, 
ауызша таралған, авторы белгілі ақын-жыраулар, би-
шешендер шығармашылығының да Абай поэзиясына 
ықпалы болғаны анық. Абай поэзиясында орыс, араб, 
парсы сөздері әрқилы мәнде қолданылатыны әлдеқашан 
сөз болғаны белгілі жайт. Ал, ақын-жыраулар поэзия-
сындағы, шешендік толғаулардағы тәуелсіздік рухына 
толы ел бірлігі, ел жайы, жер құты, ақылды басшыны 
аңсау немесе өмір мен өлім, ақыл жайлы философия-
лық тұжырымдар Абай өлеңдерінде өзгеше өң, тың өріс 
табатындығы да интертекст құбылыстарына айқын мы-
сал болатыны аңғарылады. Мысалы, Абай берекелі ел, 
құтты жер жайын: «Берекелі болса ел-Жағасы жайлау 
ол бір көл. Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса 
жел» деп сипаттаса, би-шешендер: «Жер деген-байлық, 
Ел деген-халық. Жер сәні-мыңғырған мал, ағылған аң, 
Аққан су, жайқалған ну» [10,42], – деп толғайды. Абай 
«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде ақыл мен қайратты 
адамгершілікпен ұштастыра өнеге етсе, Абайды өзгеше 
жақын тұтқан шәкірті Шәкәрім бұл мәселеде үндестік 
танытады. Сондай-ақ, Абайдың әйгілі «Жаз» өлеңіндегі 
етістікті қолданудағы ерекшеліктеріне ұқсас сипаттарды 
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Өлген көңіл, ындынсыз 
өмір» өлеңіндегі табиғат пен өмір құбылыстарын бей-
нелеудегі ерекшеліктерінен де тануға болады: «Көшейін 
деп қыбырлап, Ел қыстаудан қозғалды» немесе «Қырдан 
ойға дүбірлеп, Жас балалар шуласты. Күншуақта күбір-
леп, Кемпір-шал да сырласты»[11,87]. 
Ал, Абай шығыс ақындарынша: «Иузи-рәушан, көзі-
гәуһар» »[12,35], – десе, Шәкәрім өзгешелеу мақаммен: 
«Гауһардай көзі, бұлбұлдай сөзі, Жаннан асқан бір пері» 
[11,27], деп жырлайды.


76
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
77
Қорыта айтқанда, халық поэзиясынан қайнарынан нәр 
алған Абай поэзиясы мен Абай поэзиясына етене жақын 
болып, оның үлгісі мен өрнегін өз шығармашылығында 
өзіндік түр, өзгеше мазмұнмен байытқан Шәкәрім өлең-
деріндегі интертекст құбылыстарын тану қажеттігі мәсе-
лесі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет